Кейбір элементтер бір ғана емес, бірнеше қосылыс түзеді, яғни бұл қосылыстарда ол элементтердің масса мөлшері де әртүрлі қатынаста болады. Оны түсіндіру үшін мысалға азот оксидтерін келтірейік. Ол бес оксид түзеді. Ондағы азот пен оттегі массаларының қатынастары мынадай:
Бұдан азот оксидіндегі оттегінің массалары бір-біріне 1:2:3:4:5 қатынасындай мөлшерде болатыны көрініп тұр.
Осылайша химияның аса маңызды заңдарының бірі – еселік қатынас заңы ашылды.
Газдар арасындағы химиялық реакцияларды зерттеу нәтижесінде француз химигі Гей-Люссак 1805-1808 жылдары көлемдік қатынас заңын ашты: реакцияға кіріскен газдардың көлемдері бір-біріне және реакция нәтижесінде түзілген газдардың көлемдеріне қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болды.
Яғни, 1 л сутегімен 1 л хлор әрекеттесіп 2 л хлорсутегі, 2 л сутегімен 1 л оттегі әрекеттесіп 2 л су буы түзіледі. Осындай қатынастар басқа да газдар үшін табылған.