Жаратылыстану жоғарғы мектебінің іс-шараларына (ғылыми конференциялар, мерекелік іс-шаралар, физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламасының жиналыстары, қоғамдық-тәрбиелік жұмыстар) белсене қатысу. Жекеотапсырма



бет4/11
Дата11.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#137022
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Рамазанов 2 курс отчет магистратура отчет нов

Мен келесі құжаттарды зерттедім:

  • Жаратылыстану жоғары мектебі, физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларындағы оқу-әдістемелік құжаттамасы

  • студенттердің жас ерекшеліктері, оқу тобы ұжымының сипаты және студенттерге қойылатын біріңғай педагогикалық талаптарды орындау;

  • әдістемелік тәжірибе, оқытушының тисті пән бойынша оқу жұмысының жүйесі.

  • Университеттегі практикалық жұмыс маған педагогикалық іс-әрекеттің барлық жақтарын білуге және оқу процесін ұйымдастыру, әртурлі оқу пәндерін оқыту негіздері туралы ойларымды айтарлықтай кеңейтуге, оқытудың әртүрлі техникалары мен тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берді.

Мен, "Физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының" оқытушысы, Ескендиров Қуаныш Бақытжанұлының сабағына қатыстым. Оқытушының сабақтарына қатысуым педагог ретінде тұлға болып қалыптасумен бірге оқыту үдерісі туралы түсініктің пайда болуына үлкен үлес болды. Менің сабаққа қатысуымның ең негізгі мақсаты педагогтардың қызметін талдау болды.Мен материалды ұсыну әдістемелеріне және сабақты құруға ерекше назар аудардым.


Іс-тәжірибеден өту барысында мен өз қызметімді пән мұғалімі ретінде жүзеге асыра отырып келесі топтарда сабақтар өткіздім: МҚ-211 тобы «Алгебра», МПҚ-411 тобы «Шағын жинақталған мектепте математиканы оқытуды ұйымдастыру », ФҚ-211 тобы «Жоғары математика». Іс-тәжірибеден өту барысында келесі тақырыптар бойнша сабактарды өткіздім:
МПҚ-411 тобы «Шағын жинақталған мектепте математиканы оқытуды ұйымдастыру»
1.Математика мұғалімнің жетекшілігімен және өздігінен орындалатын жұмыстар.
2.Математикалық өзіндік жұмыс туралы түсінік.

МҚ-211 тобы «Алгебра»


1. Rn кеңістігіндегі базистер. Матрица рангісі мен сызықты тәуелсіз векторлар жүйесінің байланысы.
2. Сызықты оператор және оның матрицасы.

ФҚ-211 тобы «Жоғары математика»


1. Алғашқы функция.
2. Анықталған интеграл. Функцияның Риман бойынша интегралдануы.
Маған ықпал еткен анықтаушы фактор мұғалімдердің нақты бағыт-бағдар беріп көмектескен белсенді қарым-қатынасы болды. Кейбір мұгалімдер құнды кеңестер беріп сабақтарды дамытуға көмектесті.
Мен дидактикалық материалға қосымша әдебиеттерді, заманауи оқу құралдарын (интерактивті тақта) қолдана отырып, сабақ өткізу үшін материалды мұқият таңдадым.
Жалпы, мен өз практикамды нәтижелі болды деп бағалаймын. Педагогикалық практика жоспары орындалды. Мен алға қойған барлық мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыра алдым:

Үнемі білімімді толықтырып, жетілдіріп, өз педагогикалық қызметімде педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысындағы барлық дағдыларды қолданамын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет