Тәжірибелік дағдысын көрсету, оқу материалдарын ұсына алу, көрнекіліктер қолдану, интонациялық репертуар және таза сөйлеу, магистрант ойын білдірудегі жоғарғы біліктілігі, аудиториямен өзара байланыс жүргізе алу, регламентті ескеру, педагогикалық-психологиялық білімін практикада қолдана алу, студенттердің психологиясын ескеру.
Тапсырманы орындаушы магистрант: М.Рамазанов «____» ______________ 2023ж.
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУ
1.1 Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибесі (MПT) магистранттың оқу бағдарламасының психолого-педагогикалық блогының негізгі компоненті болып есептеледі.
1.2 Педагогикалық іс-тәжірибе келесі бағамдарға сәйкес жүргізіледі:
педагогикалық іс-тәжірибенің жеке жоспарымен және жоғары мектептің білікті оқытушыларының күнтізбелік кестесіне сәйкес өткізілген сабақтарына жетекшісімен бірге қатысу;
педагогикалық іс-тәжірибе өтіп жаткан жоғарғы оқу орнының қосымша талаптарына сәйкес жүргізіледі.
1.3. Магистратурадағы педагогикалық іс-тәжірибенің негізгі мақсаты гуманитарлық мәдениетінің деңгейі жоғары, әрі жоғарғы мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың заманауи технологияларын меңгерген және білім беру саласында инновациялық қызметке даяр педагог зерттеуші тұлғасын қалыптастыру болып табылады.
1.4. Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:
Жаңа замандағы педагогка қойылатын жаңа талаптарды меңгеру;
ЖОО оқытушысы, ғалым, педагог, тәрбиеші, қоғамдық қайраткер ретінде жумысының сан қырымен танысу;
шығармашылық, сөйлеу мәдениеті, педагогикалық әдіс және т.б.) кәсіби тұлға ретінде қалыптасуы.
1.5. Магистранттардың педагогикалық іс-тәжірибені (МПТ) өту кезінде
магистрант мекеменің ішкі тәртіп ережесіне толық бағынуы қажет.
1.6. Магистрант «Магистранттың педагогикалық іс-тәжірибесі бағдарламасының» талаптарына және жеке тапсырмаға сәйкес уақытылы МПТ есебін өткізуі қажет.
1.7. Магистранттың педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелігі төменде
керсетілген 100 балдық сынақтық негізде анықталады.