Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата02.01.2017
өлшемі0,99 Mb.
#1022
1   2   3   4   5   6   7   8   9

«География» оқу пәні

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  география пәнін оқытудың



мақсаты:

– оқушылардың тіршілік  пайда  болған, әр  түрлі  табиғат  ландшафтары

қалыптасқан Жер ғаламшары  туралы  білімдерін  тереңдету  және  кеңейту,

табиғат ресурстарының орналасуы, экономика және адамзат қоғамы дамуының

арасындағы тығыз байланысты анықтау;

– теориялық және практикалық материалды талдау арқылы оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, өздігінен білімін жетілдіру және

оны тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту;

– қазіргі қоғамға бейімделе  алатын, өзінің іс-әрекетіне жауапты  бола

білетін, отаншыл жеке тұлғаны тәрбиелеу.



Міндеттері:

«Іс-әрекет арқылы  тану»,  «жаңалық ашу  тәсілдері»,  «жоба  жасау»

әдістерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау және тәжірибелік іс-әрекеттерін

дамыту. Әдістер  «География»  курсының теориялық материалдарын  меңгеру

барысында  оқушылардың  өзіндік қасиетін  және  белсенділігін  дамытуға

бағытталған.

географияда  ландшафт  кешен  ретінде,  экономикалық аудан  кешен

ретінде ұғымдарын  көрсету үшін  кеңінен қолданылатын,  «кешен»  термині

түсінігін қалыптастыру (С.В.Колесниктен).

қозғалыстың  әр  түрлі  формаларын  оқуға  жан-жақты  тәсілдер қолдану

қажет:  экономикалық география өндірістің нақты  жағдайда,  нақты  аумақта

дамуын  және  орналастырылуын  зерттейді.  Яғни,  ол  бұл  даму  мен

орналастырудың

ерекшеліктеріне 

белгілі 

географиялық

орта, 

нақты


68

ландшафтар 

жағдайында, 

табиғат 


жағдайларының

ықпалын, 

табиғат

ресурстарының  қоғам  мүддесі үшін қолданылуының жолдары  мен бағыттарын



зерттейді.

физикалық география  Жердің ландшафты қабығын  адамзат қоғамының

тәжірибелік  мүддесінде  пайдалану үшін,  табиғат  ресурстарын  материалдық

өндіріске тарту үшін  зерттейтіні  жайлы  түсінік қалыптастыру.  Мектеп

оқушылары  физикалық география  да өндірістің дамуы  мен  орналастырылуы

жайлы,  табиғат  ресурстарын қажетсінуі  жайлы  экономикалық географияның

мәліметтерінсіз бола алмайтынын түсінулері қажет [45].

оқушыларды оқулық мәтінін қолдана отырып, әр түрлі карталарға, басқа

да  білім  көздеріне  талдау  жасау  арқылы  табиғат  ресурстарын,  халықты,

өндірісті

(өнеркәсіптің

жетекші 


салаларын, 

басты 


аудандары 

мен


орталықтарын),  ауылшаруашылығы  мен  ауылшаруашылықты  аудандарды,

дүниежүзінің әр түрлі аймақтары мен елдерінде көлік кешенін орналастырудың

факторларын,  планетада  ірі қалалардың,  қала  агломерацияларының және

мегалополистердің қалыптасу факторларын түсіндіруді үйрету қажет.

Курстың алдында  тұрған  міндеттер  алуан  түрлі  және  оқытудың  әр  түрлі

әдістері мен  тәсілдерін қолдануға  мүмкіндік  тудырады.  Мұғалімнің басты

міндеті – сабақтың барысы ұйымдыстырылатың бір  негізгі  орталықты

қалыптастыру,  ол  мұғалім  мен  оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудың,

бақылаудың және бағыттаудың басты күші болып табылады. «Іс-әрекет арқылы

тану»,  «Ашулар әдісі»,  «Жобалау» әдістерін қолдану  арқылы,  оқушылардың

ойлау  және  тәжірибелік қызметтерінің дамуына  ерекше  көңіл  бөлінеді.

Әдістердің барлық түрлері осы  курстың теориялық және  практикалық

материалын  меңгеру

үдерісінде  оқушылардың  өздігінен  жұмыс  істеу

белсенділігін дамытуға бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағытта географияны оқытудағы күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:



Пәндік

құзіреттілік:

оқушылардың  өздігінен  оқу-танымдық

және

зерттеушілік



үдерісін, 

практикалық

есептерді 

шешу, 


сызбанұсқалар,

диаграммалар құрастыру үшін  теориялық және  статистикалық материалдарды

қолдануын қамтамасыз етеді, оқушының тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты

мамандық


таңдауды 

анықтауға 

мүмкіндік 

береді, 


оқушылардың

функционалдық сауаттылығын қамтамасыз етеді.



Ақпараттық-технологиялық 

құзіреттілік:

электронды 

білім

ресурстарының көмегімен қажетті  ақпаратты өздігінен  іздеу  және  талдау



арқылы қазіргі өзгермелі қоғамға бейімделеу шеберлігін болжайды.

Коммуникативтік құзіреттілік: оқушылардың білімі  және  сезімдік

тәжірибесіне негізделген, қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларына бейімделу

шеберлігін, әр түрлі әлеуметтік топтарда адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін

меңгеруін қамтамасыз ететін, туған тілді және басқа тілдерді білу, мемлекеттік

тіл  ретінде қазақ тілінде  тілдесу  дағдыларын қалыптастыру,  тұлғаның  өзін

көрсете  білу  және қарым-қатынастың негізгі  міндеттерін  жүзеге  асыруды

қамтамасыз етеді.


69

Әлеуметтік

құзіреттілік:

белсенді 

азаматтық-қоғамдық

қызмет,


экономикалық және  саяси қоғамдық  қарым-қатынастар туралы  білім  мен

тәжірибені игеруді білдіреді; нақты әлеуметтік-қоғамдық ахуалды саралай білуі

мен әр  түрлі өмірлік  жағдайларда,  еңбек  нарығы  жағдайларында  жеке  және

қоғамдық пайдаға  сәйкес әрекет  етуін  көздейді; өзіндік  кәсіби  мүмкіндіктерін

бағалай білу.

Азаматтық құзіреттілік: азаматтық, қоғамдық қызмет саласында дамуды

көздейді.



Тұлғалық құзіреттілік: дене  бітімдік,  рухани  және  интеллектуалдық

дамуын қамтамасыз  ететін  мүмкіндіктері  мен  жеке  мүддесі

үшін  іс-әрекет

тәсілдерін  игеруді  білдіреді,  экологиялық мәдениетті қалыптастыруды, өз

денсаулығына қамқорлықпен қарауды,  болашақты  шынайы  жоспарлауда өз

мүмкіндігінің арасалмағын  білуін  және өзінің  қадір-қасиетін сезіне  отырып

қызметін ұйымдастыруын, өз  ісі  мен өміріне  жауапкершілікпен қарауын

көздейді.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 

география 

курсын


оқу

барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:



қазақ

тілімен

географиялық

терминдермен,

ұғымдармен,

номенклатурамен сөздік қорды байыту;

орыс тілімен: географиялық ұғымдар арқылы сөздік қорды толықтыру;

тарихпен:  тарихи  алғышарттар  және  дүниежүзілік  шаруашылықтың

даму  кезеңдері, қалалардың дамуы мен өсуінің алғышарттары – қолөнері және

сауданың пайда болуы мен дамуы;

биологиямен:  органикалық жолмен  түзілген  пайдалы қазбалардың

жасалу  жағдайлары; өсімдіктердің химия өнеркәсібінде,  фармакологияда

қолданылуы;  Дүниежүзілік  мұхит  тірі  организмдерінің маңызы; әр  түрлі

табиғат ландшафтарында бірлестіктердің қалыптасуы;



химиямен:  пайдалы қазбаларды, қара  және  түсті  металлургия,  химия

өнеркәсібін,  мұнай  және  орман  химиясы өнеркәсібін  оқу  барысында  пәннен

алынған білімді пайдалану;

физикамен:  табиғаттағы  физикалық  құбылыстарды;  отын-энергетика

кешенін  (электр  стансалары,  энергияның балама  көздері)  тақырыптарын  оқу

барысында;

информатикамен: шығармашылық жұмыстар орындау, презентация;

математикамен:  практикалық жұмыстар  орындау – сызбанұсқалар,

диаграммалар сызу, статистикалық материалдарды өңдеу.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы 

география 

курсында


дүниежүзінің

физикалық

та,  экономикалық

та  географиясы  тереңдетіп

оқытылып,  физикалық

және  экономикалық-географиялық

нысандардың

қалыптасуы мен  орналасуының заңдылықтары  және  факторларына  ерекше

көңіл бөлінеді.

География  курсының мазмұндық-әдістемелік бағыты  келесі ғылымдар

тобынан  тұрады:  жаратылыстану-география ғылымына  табиғат  дамуының

заңдылықтарын  зерттейтін  физикалық география, қоғам  мен  экономиканың



70

даму  заңдылықтарын  зерттейтін әлеуметтік-экономикалық география  және

оның  құрамдас  бөліктері  (халықтар  мен  елді  мекендер  географиясы,  саяси

география,

өндіріс  географиясы,  ауылшаруашылық

географиясы,  көлік

географиясы). Бұл екі топтың өзара байланысы 11-сыныпта оқылады.

12-сыныпта  барлық география  курсын қайталау  мақсатында геоэкология,

геосаясат, ғаламдық проблемалар, климаттың ғаламдық өзгерісі, экономиканың

тұрақты даму сұрақтары, адам дамуы әлеуетінің көрсеткіштері, сонымен қатар

ғылымдардың келесі  тобы:  экономикалық  өлкетану,  елтану,  медициналық

география,  агроэкология  т.б.  оқытылады.  Олар өзіне қатысты  жаратылыстану

және қоғамдық география ғылымдарынан алынатын материалдарды біріктіреді,

сонымен


қатар 

көршілес


ғылымдардың 

(тарихтың,

этнографияның,

медицинаның) деректерін қамтиды  және  оқушылардың болашақ мамандығын

таңдауына маңызыды рөл атқарады.

Оқуға ұсынылатын  бөлімдер  негізгі  мектепте  оқылған  география  курсын

жалғасы  және  дамыту  болып  табылады,  сонымен  бірге  тақырыптарды

тереңдету, қорытындылау  жүргізіледі,  оларды ғаламдық және ғаламшарлық

масштабта қарастыру  көзделген.  Оқушылар  толық және  кеңейтілген  білім

алады,  бұл  дүниетанымдық  ұғымды  және  ой-өрістің неғұрлым  кең дамытады,

болашақ мамандықты  дұрыс  таңдауына  көмектеседі.  11-12-сыныптардағы

«География»  курсының мазмұнындағы  жаңа  бейінді  бөлімдер  оқушының

болашақ  өмірінде,  мамандыққа  оқу  барысында қажетті  болатын  сұрақтарды

неғұрлым терең оқуға мүмкіндік тудырады. Жоғары бейінді сыныптарда жүйелі

талдау әдісі өте тиімді, оның негізін келесі принциптер құрайды:

– талдамалы  бағыт: әдебиетті  оқу, әсер  етуші  факторларды  анықтау,

проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  оқу,  зерттеулер  және

практикалық жұмыстар жасау;

– мақсатты,  проблемаларды  сонымен қатар  нәтижелерді  саналы  түрде

түсіну принципі;

– ақпаратты құрылымдау және оларды өмірге қажетті білімге айналдыру;

– интеллектуалды-зерттеушілік белсенділікті дамыту;

– инновациялық және интерактивтік әдістердің үйлесуі;

– қысқа уақытта неғұрлым үлкен материалды қабылдау.

Географияда ландшафт кешен ретінде, экономикалық аудан кешен ретінде

сияқты әр түрлі ұғымдарды белгілеу үшін кеңінен қолданылатын «кешен» (С.В.

Колесник  бойынша)    терминін  неғұрлым  терең түсінуді қалыптастыру [45].

Табиғат  пен қоғамдағы өзгерістердің түрлерін  оқып-білуге  тиісті  кеңістіктік

жүйені  түсіну  мен қолдану қажеттілігі  туындайды,  мысалы  экономикалық

география,  нақты  жағдайда,  нақты  аумақта өндірістің дамытылуын  және

орналастырылуын  оқып,  зерттейді,  яғни  ол  белгілі  бір  географиялық орта,

белгілі  ландшафтар  жағдайында,  табиғат  жағдайларының

бұл  даму  мен

орналастырылудың ерекшеліктеріне  тигізетін әсерін,    табиғат  ресурстарын

қоғам мүддесіне пайдаланудың жолдары мен бағыттарын зерттейді. Физикалық

география  Жердің ландшафтық  қабығын  адамзат қоғамының тәжірибелік

мүддесі үшін,  табиғат  ресурстарын  материалдық  өндіріске  тарту үшін

зерттейтіні  жайындағы

ұғымды

қалыптастыру



өте  маңызды.  Мектеп

71

оқушылары  физикалық география  экономикалық географияның  өндірістің

дамуы  мен  орналасуы  туралы,  оның табиғат  ресурстарын қажетсінуі  туралы

деректерінсіз қызмет ете алмайтындығын білулері керек.

Оқулық мәтінін қолдану, әртүрлі  карталарды,  білім  алудың басқа  да

негіздерін талдау, табиғат ресурстарын, халықты, өндірісті (өндірістің жетекші

салаларын,

өндірістің

негізгі 

аудандары 

мен 

орталықтарын), 



ауыл

шаруашылығын  және  ауыл  шаруашылықты  аудандарды, әлем  елдері  және әр

түрлі  аймақтарда  көлік  кешенінің орналасу  факторларын  анықтау    барысында,

ірі қалалардың,  қалалық агломерациялардың және ғаламшар  мегалополистерін

қалыптастыру

факторларын  түсіндіру  барысында    оқушылардың

оқу

дағдылары мен біліктіліктерін одан әрі дамыту қажет.



География 

сабақтары 

оқулықтың

мазмұнын 

ескере 

отырып


құрастырылатындықтан,  оны  негізгі  материал  деп  санау  орынды,  болашақта

оған  тақырыптар  бойынша  мұғалім және  оқушылардың біртіндеп  жинақтаған

қосымша оқу  материалдары қосылады.  Бұл  11-12-сыныптардағы  географияны

оқу әрекетінің маңызды түрі болып саналады.

Географияны  бейінді  деңгейде  оқыту  географияның жалпы  білім  беру

және  мәдениеттану әлеуетін  максималды  түрде қолдануға  мүмкіндік  береді

және  мектеп  бітірушілерге  шұғыл өзгеріске ұшырап  отырған қоршаған  ортада

өз орнын  табуға, қоғам өмірінің  әр  түрлі  салаларындағы  географияның орны

мен 

рөлін 


түсінуге 

көмектеседі, 

метеорологиялық,

геологиялық,

гидрологиялық, ландшафтық, геоэкономикалық, геоэкологиялық салаларды

модельдеу  және  болжау құзіреттілігіне  ие  болуға  мүмкіндік  береді.  Оқытудың

бейініне қарай өзіне  тән  ерекшеліктері  бар  география  сабақтары,  таңдау  және

факультативті  курстармен  толықтырылады.  Олар  оқушылардың танымын

болашақта қажетті болатын аспектілер бойынша тереңдетеді.

Бейіндік  деңгейде  оқушы қазіргі  заманды  суреттеу  және  талдау, әр  түрлі

елдерді  және  аймақтарды  сипаттау,  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу, әлеуметтік

маңызы  бар  географиялық есептерді шығару үшін    география ғылымының

негізгі  жағдайларын қолдана  алуы  тиіс.  Оқу  жұмысында  пәндік әдістердің

келесі  түрлерін қолдануға  болады:  тақырыптық карталарды,  статистика

материалдарын  талдау,  тақырыптық карталар  және  кестелердегі  ақпараттарды

мәтінге  кіріктіру,  карталар құрастыру  және  оларды  түсіндіру,  типтік  кестелер

құрастыру және оларды жіктеу, мәтінді кешенді талдау, ауызша және жазбаша

хабарламалар,  эссе  дайындау,  мерзімді  баспасөз, ғаламтор-ресурстарының

материалдарын, өз тәжірибесін қолдана отырып мәтіннің жоспарын құрастыру.

Оқушыларға  зерттелетін  нысанды,  оны  сипаттау  жолын    таңдауға,  ағымдағы

және қорытынды  жұмыстың түрлері  мен  формаларын өзгертуге, қорытынды

жұмысты  көпшілік  алдында  көрсетуге  ерік  беріледі.  Алынған  білім  мен

біліктілікті  тәжірибелік  іс-әрекетте және  күнделікті өмірде қолдана  білу өте

маңызды.  Бейінді  оқыту  тұлғалық-бағдарлы  оқытуды  жүзеге  асыруға

бағытталған,  олар  оқушының жеке  білім  алу  кеңістігін құруына мүмкіндік

тудырады.

География 

сабақтарында 

зерттеушілік

әрекетті 

шағын-зерттеулер,

шығармашылық жобалар жасау, оқу мазмұнының нақты сурақтары және болып



72

жатқан қоғамдық-саяси,  экономикалық  өзгерістер бойынша  топта  жұмыс  істеу

түрінде

ұйымдастыруға 



болады.  Проблемалық

есептер 


шығару, 

оқу


диалогтарын,  аймақтық және ғаламдық сипаттағы  сұрақтар  бойынша, әлем

экономикасының,  Қазақстан  және  оның аумақтары  экономикасының тұрақты

дамуы туралы семинарлар ұйымдастыру мүмкіндігі бар [46].

Ізденушілік,  зерттеушілік әрекет  оқушылардың  өз  күшіне  сенімін  түсінуе

және  арттыруға  көмектеседі, өйткені өз бетінше  жұмыс  істеудің басты

мақсатының бірі – оны қоршаған ортадағы шындықтың әр түрде көрініс табуын

бағалау  және  көзқарасты қалыптастыру.  Сол  себепті,  ізденушілік  және

зерттеушілік әрекет географиялық білімді күнделікті өмірде қолдану шеберлігін

қалыптастырады, яғни құзіреттілікті тәжірибеде көрсетуге мүмкіндік тудырады.

Сонымен,  дайын  шешімі  жоқ міндетті  түрде  орындалуы  тиіс  тапсырмаларды

орындау  барысында,  стандарттық минимумға  сәйкес,  оқушылардың базалық

деңгейден біртіндеп жоғары қарай шығармашылық деңгейге дейін жылжуы, 11-

12-сыныптарда  география  бойынша  бейінді  оқу

әрекетін  анықтаушы

мақсаттарының бірі болып саналады. Бұған ойлау әрекетін белсендіру арқылы,

талдау  және  жинақтау,  салыстыру  және қорытындылау,  болжау,  модельдеу,

шығармашылық

жұмыстарды 

орындау 

сияқты


үдерістің

нәтижесінде

әдістемелік тәсілдерді жүйелі қолдану  арқылы қол жеткізуге болады. Жазбаша

және  ауызша,  пәндік  және әдеби  тілді  дамыту,  сұрақтар,  тезистер,  графиктер

құрастыру шеберлігі  маңызды  міндет  болып  табылады,  сондай-ақ сабақты

тыңдау  және  пәндік-маңызды әңгімелерді қолдау  дағдысы – коммуникативтік

дағдының қатарына жатады.

Оқуда құзіреттілік  ықпал  арқылы  бұрыннан  белгілі  кейбір әдістер

маңыздылыққа  ие  болады,  мысалы,  оқушы  тұлғасының шығармашылық

қызметінің әртүрлі түрлерін қамтитын  оқытудың проблемалық әдісі, білім мен

біліктілікті өздігінен жаңа жағдайға жеткізе алады. Сонымен қатар, оған келесі

жағдайларды қосуға  болады: таныс  жағдайлардан  жаңа  проблемаларды  көру;

таныс  нысанның

жаңа  функциясын  көру;

нысанның

компоненттерін,

құрылымын көре  білу  шеберлігі; балама әдістерді  және  оларды  шешу

жолдарын  көре  білу  шеберлігі; проблемаларды  шешудің

бұрыннан  белгілі

және  жаңа  тәсілдерін қиыстыру  шеберлігі; сұрақты  шешудің  қызықты

тәсілдерін  жасау  шеберлігі; ғылыми және кең көлемде  ойлау  шеберлігі;

алынған  білімді қызметте қолдана  білу  шеберлігі; өз тәжірибесін  жинақтау,

талдау және көрсете білу [33, 34].

Бейінді  сыныптарда  сабақтар,  практикалық жұмыстар өткізу  барысында

географияны  оқытудың проблемалық  әдісі  пайдалы  және  тиімді.  Проблема –

бұл әрдайым  кедергі.  Кедергіден өту – бұл қозғалыс, дамудың айнымас  серігі.

Сабақтарда  проблемалық

тапсырмаларды

қолдану  тұлғаның

тапқырлық,

аңғарғыштық, ерекше  шешім қабылдау қабілеттілігі,  ақыл  орамдылығы,

шапшаңдық,

ақпараттық

және


коммуникативтік  мәдениеттілік  сияқты

қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.



«Химия» оқу пәні

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  химия  пәнін

оқытудың

мақсаты:


73

химия курсының негізгі мазмұнын жүйелі және саналы түрде меңгерту,

әлемнің ғылыми көрінісін  түсінуге қажетті  білімді өз  бетінше  іздену,  алған

білімді функционалды және шығармашылық тұрғыда қолдану;

оқушылардың химияны  оқып-үйренуге деген қызығушылығын  және

ішкі серпілісін, бізді қоршаған әлемдегі заттарды химиялық тұрғыда танып-білу

дағдысын дамыту;

алған  білімдерін  және  түсініктерін  таныс  емес  жағдайларда  түрлі

мәселелерді шешуде қолдануды үйрету;

заттарды химиялық тұрғыда тану және зерттеу әдістерін игеру;

оқушыларға органикалық химияның негіздерін – маңызды  деректерді,

түсініктерді, заңдар мен теорияларды, химиялық тілді,  дүниентанымдық сипат

пен химиялық өндірістің негізгі принциптері туралы түсініктерді меңгерту;

химиялық


есептердің

түрлі  типтерін  шешуде,  лабораториялық

тәжірибелерді  және

қарапайым  эксперименттік  зерттеулерді  жүргізуде,

химиялық формулаларды,  теңдеулерді  түрлендіруді  және  оларды  орынды

пайдалануда шеберліктері мен дағдыларын жетілдіру;

алған  білімдерін  түрлі  химиялық  құбылыстарды  және  заттардың

қасиеттерін түсіндіре  білуге үйрету,  заманауи  технологияның дамуында  және

жаңа материалдар алуда химияның рөлін бағалауға дағдыландыру;

химия  оқу  пәнінің

оқушыларға  химиялық,

экологиялық

тәрбие

беруде,сондай-ақ жалпы  мәдениеттіліктерін  көтерудегі



үлесі.  Химияның

заманауи технологиямен және экологиялық проблемалармен тығыз байланысы;

оқу пәнінің мүмкіндіктерін әлеуметтендіру  және  жеке  тұлғаның

дамуына пайдалану;

оқушыларды

жаратылыстануғылымдарын  оқып

үйренугеынтасын

дамыту және қоршаған ортадағы өзгермелі жағдайларға бейімдеу.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  химия  курсының мазмұны

қоғамның


әлеуметтік-экономикалық

және 


индустриалды-инновациялық

дамуындағы  рөлін  ескере  отырып, органикалық  қосылыстардың химиялық,

электрондық және  кеңістіктік құрылысының бірлігі,  гомология  және  изомерия

құбылыстары, сонымен қатар органикалық реакциялардың жүру заңдылықтары

заманауи құрылыс теориясы тұрғысынан құрастырылған [23].

Органикалық  қосылыстардың

кластарын  оқып

үйренуде  изомерия

құбылысына, 

функционалдық

топтардың

мөлшері 


көп 

болмағанына

қарамастан, 

изомерия


құбылысына 

байланысты

табиғатта 

көміртек


қосылыстарының орасан көп түрі кездесетіндігіне ерекше көңіл бөлінген.

Органикалық химияның толық курсында заттардың қасиеттерінің олардың

құрылысына,  функционалдық топтардың сипатына  тәуелділігін  және  тек қана

органикалық қосылыстардың түрлі кластары арасындағы ғана емес, сондай ақ,

табиғаттағы 

барлық


органикалық

және 


бейорганикалық 

қосылыстар

арасындағы генетикалық байланыс терең қарастырылады.

Тірі жасушалардың құрамына кіретін заттардың ерекше қасиеттерін ашуға

баса  көңіл  бөлінген.  Ол үшін  биологиямен пәнаралық байланыс  жүзеге  асады.

Органикалық заттардың түрлі  кластарын  оқып үйрену  барысында  адам



74

организміне

қажетті 

жеке 


химиялық 

қосылыстардың

биологиялық

функциялары талданады, ал бұл өз кезегінде оқушылардың пәнді саналы түрде

меңгеруіне серпін береді.

Жаратылыстану-математикалық

бағытта 

химия 


пәнін 

оқытуда


эксперименттің жетекші  рөлін  көрнекілік үшін ғана  пайдаланып қоймай,

сондай-ақ олардың көмегімен  сабақтарда  проблемалық ситуацияларды  тудыру

қажет.

Мектептегі 



химиялық

эксперименттің

барлық

түрлері


демонстрациялар,  лабораториялық тәжірибелер  және  практикалық жұмыстар,

сонымен қатар    экспериментті  басқа  да  білім  беру  көздерімен ұштастырған

жөн. Практикалық жұмыстарда  көрсетілген  тәжірибелер  химия  кабинетінің

мүмкіндіктеріне және сыныптың ерекшеліктеріне сай (тартпа шкаф, реактивтер

мен құрал-жабдықтардың болуына)  орындалады. Пәннің оқу  бағдарламасында

көрсетілген  тәжірибелер  танымдық және әдістемелік мазмұны  жағынан

осыларға  пара-пар  тәжірибелермен  алмастырылуы  мүмкін. Сонымен қатар,

пәннің оқу бағдарламасында, органикалық химияның негізі, оқу материалының

мазмұны,  негізгі  пәнаралық байланыстар, оқу  процесінде  шығарылатын

есептердің түрлері,   жүргізілетін  химиялық эксперименттер (демонстрациялар,

лабораториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар) қамтылады.

Жаратылыстану-математикалық бағытта химияны оқытудағы  күтілетін

нәтижелер  келесі құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлеріне  сәйкес  болуы

керек [33, 34, 35, 36]:

Ғылыми жаратылыстану құзіреттілігі: әлемнің жаратылыстану ғылыми

біртұтастығы туралы заманауи көзқарас қалыптастыру, органикалық химияның

негізгі ұғымдары мен заңдары туралы білімді дамыту.

Ақпараттық  құзіреттілік: заманауи  ақпараттық технологияны қосымша

ғылыми ақпараттар  іздеуге  және  химиялық эксперимент  нәтижесін өңдеуге

қолдана білу.

Коммуникативті құзіреттілік: оқушыларды жеке,  жұппенжәне  топпен

жұмыс жасауға, сұхбаттасушыларды тыңдай білуге, алға қойылған мақсаттарды

орындауда топпен ортақ шешімге келуге, әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік

пікірін білдіругедайындау.



Мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі: түрлі жағдайларда мәселелерді

анықтауға,  жағдаяттарды  сараптауға,  сандық және  эксперименттік  есептерді

шешу  алгоритмін құрастыруға,  практикалық жұмыстардың жоспарын құруға,

алынған  нәтижелерді  кесте,  сызбанұсқа,  химиялық реакция  теңдеулерімен

өрнектеуге,  алған  білімін  денсаулығы  мен қоршаған  ортадағы  мәселелерді

шешуде қолдану.

Химия  пәнін  оқыту  процесінде  биология,  экология,  география,  физика,

математика және т.б. жаратылыстану пәндерімен байланыс орнатылады:



Биологиямен: адамның тіршілігіне қажетті жеке химиялық қосылыстардың

биологиялық функциясы.



Экологиямен: органикалық заттарды  іс  жүзінде қолданудыңоң және  теріс

әсерлері,  сондай-ақ осыған  байланысты  экологиялық мәселелер; қоршаған

ортаны ластанудан қорғау; көмірсутек шикізатын тиімді пайдалану.


75

Географиямен: көмірсутек көздері  мен  химиялық  өндіріс  объектілерінің

Қазақстан Республикасында орналасуы.



Математикамен:

пропорционалдық

тәуелділік  туралы  түсінік;

сан


есептерін  шығаруда,  лабораториялық

және  практикалық

жұмыстарды

салыстыру

және

қорытындылауда  математикалық



талдауды  пайдалану;

электрондық бұлттардың пішіндері,  молекулалардың кеңістіктік құрылысы

және геометриясы.

Физикамен: атом,  молекула,  масса,  тығыздық, көлем  сияқты  түсініктерді

сан  есептерін  шығаруда  пайдалану; еселік  және үлестік өлшем  бірліктерін

пайдалану.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы  химия  курсының мазмұндық

бағыттары  келесі  білім  мазмұнын қамтиды:  химия саласындағы  ашылған

жаңалықтар; маңызды  бейорганикалық, органикалық заттармен қосылыстар,

олардың  құрылыс  теориясы;  көмірсутектер мен  олардың табиғи  көздері;

қазақстан  мұнай  және  газ  химиясы,  осы өндірісте қолданатын  заттар; оттекті,

азотты 

органикалық 



қосылыстар; 

синтетикалық

жоғары 

молекулалы



қосылыстар;  химия  және  адам  денсаулығы; қазіргі  заманға  сай  «жасыл»,

«экологиялық» химия; қазақстанның табиғи  ресурстарын үнемді  және  тиімді

пайдалану;  химия күнделікті өмірде,  химиялық лаборатория  мен өндірісте,

табиғатта  болатын  химиялық  құбылыстарды  бақылау  және  түсіндіруі;

жаратылыстану  бағытындағы ғылыми  жетістіктер (медицина,  биотехнология,

биохимия, биоинформатика, нанохимия негіздері) [23].

Химия  курсын  оқу  нәтижесінде оқушылар  білуі  тиіс: химияның ролі  мен

маңызы;  заттар  мен  химиялық  құбылыстарды  танып  білудің негізгі әдістер,

химияның эксперименттік  негізі;  көмірсутектердің табиғи  көздері,  оларды

өңдеу және Қазақстандағы  кен  орындары;  жоғары  молекулалы қосылыстар,

мономер,  полимер, құрылымдық буыны,  полимерлену  дәрежесі,  полимерлену

және  поликонденсациялану  реакциялары;  кең таралған  полимерлер,  олардың

қасиеттері,

практикада

қолданылуы,  пластмассалар,  талшықтар,  каучук;

химиялық  өндірістің  ғылыми  принциптері; қоршаған  ортаның химиялық

ластануы 

мен 


зиянды

әсері; 


биогенді 

органикалық 

қосылыстардың

биологиялық маңызы;

Сонымен қатар оқушылар келесіні атқара алуы тиіс: химиялық терминдер

мен  таңбаларды  пайдалану;  кең тараған  полимерлерді қасиеттері  бойынша

анықтау;  молекулалардағы  атомдардың  өзара

әсерін  ескере  отырып,

органикалық  қосылыстың химиялық  қасиетін  түсіндіру;  көмірсутектер  мен

олардың туындыларының  құрамы  мен құрылысын және  олардың класын

анықтау;  химиялық экспериментті қауіпсіздік  техникасының ережесіне  сәйкес

жүргізу;  химиялық зақымдану  не  улану  кезінде  алғашқы  медициналық көмек

көрсету; игерілген білімді күнделікті өмірде сауатты пайдалану; сандық анализ

нәтижесі  мен  жану өнімдерінің массасы  бойынша  заттардың молекулалық

формулаларын  анықтауға  сан  есептерін  шығару;  химиялық ақпараттарды өз

бетінше  іздеу;  химия  пәніне  деген  жоғары қызығушылық;  ғылыми  танудың

негізгі

әдістерін  игеру  мен



қолдануға  деген  дайындық және

қабілет;


аналитикалық біліктілік – жүргізген  тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу,

76

түсіндіру  және қорытындылау  біліктілігі;  зерттеушілік  біліктілік – химиялық

эксперимент  орындау  біліктілігі  мен  дағдысы;  математикалық біліктілік –

химиялық формулалар  мен теңдеулер  бойынша  есептеулер  жүргізу  және

сандық баға  беру;  коммуникативтік  біліктілік – жұп,  топ құрамында  жұмыс

істеу; әртүрлі  көзден  алынған  химиялық ақпараттың шынайылығына өзінің

объективті  көзқарасын  білдіру;  оқуын  жалғастыруында  профильді  сауатты

таңдау;


Химия курсы бойынша оқушылар пайдалана білуі керек: химия мен химия

білімінің орны  мен  рөлі  туралы қалыптасқан  түсінік;  танымдық  әрекеті  мен

күнделікті өміріндегі  білімі;  таным  процесінде ғылыми  негізделген  икемдер;

өмірлік проблемаға ұқсайтын  оқу  проблемаларын  шешуге  жарайтын әмбебап

қабілет;  химиялық тәжірибелерді  жасау  мен  түсіндіру  дағдысын  жетілдіру;

эксперименттік  жұмысты  жүргізу  барысында  және өз  бетінше  алған  білімді

күнделікті өмірде қолдану  мақсатында  танымдық және  зияткерлік қабілетін

дамыту;  химияға  жаратылыстану  мен  жалпы  адамзат  мәдениетінің негізгі

құрамдас

бөлігі  ретінде  көзқарасын  дамыту;  адамзат  алдында  тұрған

проблемаларды 

шешуде 


химияның 

қоғамдық


мәні 

мен 


гуманистік

бағыттылығын  дамыту;  оқушының химиядан  алған  білімі  мен  біліктілігін

заттар  мен  материалдарды  тұрмыста,  ауыл  шаруашылығында  және өндірісте

қауіпсіз пайдалануға,  адам  денсаулығы  мен қоршаған  ортаға  кері әсерін

тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану; қолданбалы химияны, заманауи

қоғамға қажетті заттар  мен  материалдар шығаратын өндіріс  пен  технология

негіздерін білу; заттар мен материалдарды қолданудың заманауи проблемалары

мен  экологиялық аспектілерін  анықтау;  пәнаралық байланыстарды,  химиялық

экспериментерді  (көрсетілімдер,  зертханалық

тәжірибелер,  практикалық

жұмыстар)  және  есептеулерді  жүргізуі;

Қазақстандағы  табиғи  шикізат

ресурстары  және  негізгі  металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер,

олардың еліміздің  әлеуметтік-экономикалық дамуындағы  маңызы;  минералды

ресурстарды тиімді пайдалануының білу.

Жаратылыстану-математикалық

бағыттағы  химия  пәнін

оқытудың

әдістемелік ерекшеліктері:

А.М.Бутлеровтың органикалық  қосылыстардың  құрылыс  теориясының

негізгі

қағидаларын,  изомерия  және  гомология



ұғымдарын,  атомдар

арасындағы  жай  және  еселік  байланыстарды,  көмірсутектік

радикал,

органикалық  қосылыстардың маңызды  функционалдық топтарын,  заттардың

белгілі бір органикалық қосылыс кластарының өкіліне жататындығын білу;

заттардың маңызды  физикалық және  химиялық  қасиеттерін  олардың

құрылысына байланысты тәуелділігін (және керісінше) болжау;

заттардың химиялық формулаларын халықаралық, тривиальді  (тарихи)

номенклатура  бойынша  атау,  заттардың химиялық формулалары  бойынша

сандық және сапалық құрамын және белгілі класс өкіліне жататынын анықтау,

сандық және  тәжірибелік    есептерді  шешу. Өз  іс-әрекетінің мүмкін  болатын

салдарына саналылықпен және жауапкершілікпен қарау.



77

оқып


үйренген  көмірсутектерді,  олардың

оттекті  және  азотты

қосылыстарының химиялық құрылысын, қасиеттерін, табиғатта кездесуін және

практикалық маңызын білу;

органикалық

заттардың  қасиеттерін  және  олардың

генетикалық

байланысын, алыну жолдарының химиялық реакция теңдеулерін құрастыру;

органикалық заттардың  қатысатын  негізгі  реакция  типтерін  (орынбасу,

қосылу,    изомерлену),  мономер,  полимер, құрылымдық буын,  полимерлену

дәрежесі, полимерлердің сызықтық және кеңістіктік құрылымын білу;

органикалық заттардың  құрылымдық формулаларын құрастыру  және

оларды халықаралық және тривиальді номенклатура бойынша атау;

органикалық заттардың көптүрлілігінің себептерін,  органикалық және

бейорганикалық  қосылыстардың  өзара  байланысын,  заттардың  құрамы,

құрылысы, қасиеттері  және  практика  жүзінде қолданылуы  арасындағы  себеп-

салдар байланысын түсіндіру;

органикалық заттармен қарапайым тәжірибелер жүргізу, қосылыстарды

және полимерлерді белгілері бойынша танып білу;

химиялық


формулалар 

және 


теңдеулер 

бойынша 


органикалық

заттардың қатысуымен жүретін реакцияларға есептер шығару;

қоршаған  ортаның ластануының адам  организміне  және  басқа  тірі

ағзаларға әсерін бағалау;

химиялық ақпараттарды  түрлі  ақпарат  көздерінен  (ғылыми-көпшілік

басылым,  компьютерлік  деректер  көзі, ғаламтор  ресурстарынан) өз  бетінше

іздеу.

Сонымен


жаратылыстану-математикалық

бағыттағы

жаратылыстану

пәндерінің мазмұнын анықтау кезiнде [12]:

курс  оқу  материалының  iргелi  теориялар  айналасына  генерализациялау

негiзiнде құрылуы;

әрбiр 

теорияға 



келесi 

бiлiм 


компоненттерiнiң:

деректердiң,

объектiлердiң, модельдердiң,  ұғымдардың, шамалардың, жалпы  және  дербес

заңдардың, динамикалық және статистикалық түсiнiктердiң енуі;

жаратылыстану  пәндерін оқыту  кезiнде  теориялық және эксперименттiк

ғылыми әдiстердiң пайдаланылуы;

оқыту үдерісінде  педагогикалық мақсатта ғылымдағы  теориялық

қорытындылау генезисiн  келесi  циклдiк  спираль  бойынша:  деректер–модель–

салдарлар–салдарларды  эксперименттiк  тексеру–жаңа  деректер  бойынша

жүргiзу  орындылығы.  Бұл  шығармашылық  қабiлеттiлiктiң тиiмдi  дамуына,

ойлау логикасының қалыптасуына ықпал етеді;

жаратылыстану  пәндерінің мазмұнына  және  оқыту құралы  ретiнде

көрсетiлiмдiк  тәжiрибелердiң, зертханалық жұмыстардың,  бақылаулардың

енгiзiлуi;

жаратылыстану  пәндерінің

ажырамас


құрамды  бөлiгi  ретiнде

экологиялық проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын қарастыратын

материалдың енгiзiлуi ескерiлуi тиiс.


78



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет