Жаратылыстану негіздері



бет19/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қыналардың жалпы сипаттамасы.
2. Қыналардың систематикасы.


Лекция № 11-12
Тақырыбы: Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама
Жоспары:

  1. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер

  2. Тұқымды өсімдіктер

Жоғары сатыдағы өсімдіктер құрамына енетін өсімдіктер, оларды жиі жапырақсабақтылар деп атайды, өйткені олардың денесі сабаққа, жапыраққа және тамырға бөлінген. Бұдан басқа оларды ұрықтылар деп те атайды, дебебі оларда ұрық болады. Ақыр аяғында оларды тамырлы өсімдіктер (мүктектестерден басқалары) деп те атайды, өйткені олардың сапрофиттерінің органдарында тамырлар мен трахеидтер болады.


Жоғары сатыдағы өсімдіктер тарихи даму барысында құрлықта тіршілік етуге бейімделді. Бұл өсімдіктерде жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтар алмасады. Гаметофит гаметалар түзейді және ұрықты қорғайды, ал спорофит споралар өндіреді, олар гаметофиттің келесі ұрпағын қамтамасыз етеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде диплоидты спорофиттер басым келеді, ол және де өсімдіктің сыртқы түрін анықтайды.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалықтармағында жоғары сатыдағы споралылар және жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктерді ажыратады. Жоғары сатыдағы споралылар үшін жыныстық және жыныссыз көбеюдің ажыратылуы тән. Бірінші жағдайда көбею спорофиттердің спорангияларында түзілетін бірклеткалы споралар арқылы жүзеге асады, екінші жағдайда-гаметофиттердің жыныс органдарында түзілетін гаметалар арқылы іске асады. Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктерге көпклеткалы түзіліс-тұқымның болуы тән, ол көбею процесі кезінде пайда болады және тұқымды өсімдіктерге споралылардың алдында маңызды эволюциялық басымдылық береді.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер патшалықтармағы бірнеше бөлімдерге жіктеледі. Соның ішінде жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер Риниофиттер (hyniophyta) және Зостерофиллофиттер бөлімдеріне жататын организмдер толықтай жойылып кеткен. Қазіргі кезде кездесетіндер Мүктектестерге (Bryophyta), Плаунтектестерге (Lycopodiophyta), Псилоттектестерге (Psilotophyta), Қырықбуынтектестерге (Eguietophyta), Папоротниктектестерге бөлінеді. Жоғары сатыдағы түқымды өсімдіктер Ашықтүқымдылар (Gymnospermae) және Жабықтұқымдылар немесе Гүлді өсімдіктер (Angiospermae немесе Magnoliophyta) бөлімдері деп жіктеледі. Ашықтұқымдылар мен Жабықтүқымдылар — тұқымды өсімдіктер, қалғандары — Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы споралылардың кейбіреулерінде барлық споралары бірдей (тең споралы өсімдіктер), ал басқаларында спораларының мөлшері әртүрлі ( әртүрлі споралы өсімдіктер) болады. Өсімдіктердің қазіргі бөлімдерінен олардың жекеленгендері ғана қарастырылады.
Мүктектестер (Bryophyta) бөлімі. Бұл бөлімге аласа бойлы, көпжылдық өсімдіктер жатады. Олардың кейбіреулерінің денесі қатпарлы, деседе көпшілігінде сабақ пен жапыраққа жіктелгенМүктектестердің 25 000-ға жуық түрі бар. Барлық географиялық аймақтардың ылғалды жерлерін мекендеушілер болып табылады. Топыраққа ризоидтар деп аталатын түк сияқты өсінділермен бекінеді. Осы қүрылымдар арқылы олар топырақтан қорек алуды қамтамасыз етеді. Бұл типтің (бөлімнің) ең белгілілері көкек зығыры, көптүрлі маршанция, сфагнум туысының мүктері (300 түр).
Мүктердің дамуына жынысты (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпақтарының алмасуы тән. Жынысты ұрпақты өсімдіктерде әртүрлі мөлшерлі споралар түзіледі. Аналық жыныс клеткалары аталықтарымен ұрықтанғаннан кейін спорофит (споралары бар спорангиялар) дамиды, оның клеткалары диплоидты хросомалар жиынтығына ие. Мейоз нәтижесінде спорангияларда пайда болған споралар гаплоидты хромосомалр жиынтығына ие болады. Топыраққа түскен споралар өсіп шығып, өсімдіктің бастамасын, гаметофитті, береді, онда митоз жолымен көбейетін клеткаларында хромосоманың гаплоидты жиынтығы болады. Гаплоидты гаметофит даму циклінде басым келеді. Гаметофитте жаңадан жыныс клеткалары түзіледі және процесс қайталанады. Бұл өсімдіктердің өздеріне тән ерекшеліктері сол, оларда тек гаплоидты гаметофит ғана басым болмай қоймай, сонымен қатар гаметофит (жынысты ұрпақ) және спорофит (жыныссыз ұрпақ) жеке бір өсімдік болып табылады.
Мүктектестердің табиғаттағы маңызы сол, экосистемада болып, олар көптеген басқа да өсімдіктер түрлерінің, сол сияқты жануарлардың да, мекендеу ортасына эсерін тигізеді. Мүктердің қарқынды көбеюі топырақтың жағдайын нашарлатады. Сфагнум мүктері өліп, «шымтезектенеді» және шымтезектің кенін түзейді. Кейбір түрлері медицина өнеркәсібінде пайдаланылады.
Бұл топтың өсімдіктері ең алғашқы құрлық өсімдіктерінің бірі болган және 450-500 млн жыл бұрын кең тарап өсіп-өнген және олардың эволюциясы спорофиттің регрессивті дамуында болган деп жорамалдайды. Мүктектестер эволюцияның тұйық бұтағы болған деп саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет