Жаратылыстану негіздері



бет20/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Папоротниктектестер (Palypodiophyta) бөлімі. Бұл бөлім шегінде дымқыл жерлерде өсетін шөптесін өсімдіктер жатадыПапоротниктектестердің кейбіреулері, тропикада өсетіндер, агашта өсетіндер, олардың кейбіреулерінің биіктігі 25 метрге дейін жетеді. Бұл өсімдіктердің 10 000-н аса түрі белгілі. Папоротниктектестердің нагыз өкілдері папоротниктер болып табылады.
Папоротниктектестер үшін жынысты жэне жыныссыз ұрпақтардың алмасуы тән, бірақ та мүктектестерден айырмашылығы, бұл бөлімге жататын организмдерге, басым көпшілігі спорофит, диплоидтық тән. Спорофитте негізгі органдар — сабақ, жапырақ, тамыр болады. Керісінше, гаметофит өте кішкентай, үлкен емес, тақтайша сияқты, болуымен сипатталады, ол топыраққа ризоидтар көмегімен бекиді.
Папоротниктектестер үшін дамудың күрделі циклі тән. Цикл гаметофиттің (өскіннің) изоспораларының дамуымен басталады, онда антеридиялар мен архегониялар түрінде жыныс органдары қалыптасады. Соңғыларында жыныс клеткалары дамиды. Олар ұрықтанғаннан соң зиготадан спорофит пайда болады, онда споралар түзіледі, олар гаметофиттің бастамасын береді. Папоротниктектестердің көпшілігі әртүрлі споралы өсімдіктер болып табылады.
Папоротниктектестердің табиғаттағы маңызы өте үлкен, өйткені олар көптеген экожүйелердің құрамына кіреді. Егер жекеленген өсімдіктер түрлерінің дәрілік шикізат болатынын ескермесек, қазіргі папоротниктектестердің шаруашылық маңызы үлкен емес. Папоротниктектестер 7 бөлімге жіктеледі, олардың көпшілігі жойылып кеткен. Папоротниктектестер ең көне споралы өсімдіктер болып табылады. Олар девонда болган, ал карбонда биіктігі 30 метрге жететін орман өсімдіктерін құраған. Бұл өсімдіктердің қалдықтары таскөмір түзілуіне қатысқан.
Ашықтұқымдылар (Gymnospermae) бөлімі. Бұл бөлімнің өсімдіктері тұқым береді, ол дегеніміз, шын мәнінде, болашақ өсімдіктердің ұрығы болып саналады. Тұқымның негізгі органдары ұрықтық тамыр, ұрықтық сабақша, ұрықтық жапырақшалар болып табылады. Десе де ашықтұқымдыларда тұқым жеміс жапырақшаларымен жабылмаған. Осыған орай оларды ашықтұқымдылар деп атайды. Ашықтұқымдыларға ағаштар, бұталар және лианалар жатады. Түрлердің саны 700-ге жуық. Барлық Жер шарына таралған. Солтүстік жарты шарда өте үлкен алқапты алып жатады, қылқан жапырақты ормандарды құрайды.
Ашықтұқымдылардың көпшілікке белгілі өкілдері қарағай, самырсын, шырша, балқарағай болып саналады. Бұл бөлімнің өсімдіктерінің бағанасы мен тамырының ұлпалары камбий, ксилема, флоэма болып табылады. Көпшіліктерінің жапырақтары — «инелер». Ашықтұқымдылар үшін ұрпақтардың кезектесуі тән, ол гаплоидты және диплоидты күйдің алмасуымен байланысты, бірақта олардың гаметофиттінің кішіреюі айдан анық. Арша, саговник, боз арша (туя), шырша, қарағай, балқарағай — спорофиттер. Барлық тұқымды өсімдіктер сияқты, ашықтұқымдыларда әртүрлі споралылар болып табылады. Көбею мүшелері аналық және аталық бүршіктер, олар гаметофит болатын бір ағаштың өзінде қалыптасады.
Тұқымның пайда болуы — спорофиттің дамуындағы бірінші кезең. Аналық бүршіктер ірі қабыршақтардан құрылған, оларды мегаспорофиллалар деп атайды, олардың әрқайсысының ішкі жағында екіден мегаспорангия орналасады, ал әрбір мегаспорангия өз кезегінде мегаспораға ие, одан көпклеткалы гаметофит дамиды, онда екі немесе үш архегония болады. Әрбір архегония жалғыз ірі жұмыртқа клеткасынан және бірнеше ұзарған кіші клеткалардан тұрады. Мегаспорангия интегумент деп аталатын құрылыммен жабылған. Мегаспорангияны интегументпен қоса ұрық бастамасы (семязачаток) деп атайды.
Аталық бүршіктердің ішкі жағындағы олардың қабыршақтарында (микроспорофиллдерде) екіден микроспорангия болады, онда микроспоралар орналасқан, олардың эрқайсысы гаплоидты тозаңға дамиды. Тозаңдық түйіршектер (дэндер) аталық гаметофитті құрайды. Мегаспорофиллдер мен микроспорофиллдер қысқа споратүзуші жас өркенде мега- және микростробиллдерге (сәйкесінше) жинақталған, ол споротүзуші жапырақшалары бар сабақшаны түзейді.
Тозаңдар аналық бүршіктерге түскенде, ол ұрық бастамасына өтеді, ал эрбір тозаңдық түйіршіктен аталық түтікше мен екі сперма ядросы дамиды, ал аталық түтікше аналық клеткаға өткенде сперма ядросының аналық клетканың ядросымен қосылу жүреді. Бұл дегеніміз ұрықтану. Диплоидты зигота диплоидты ұрыққа айналады. Уақыт өте ұрық бастамасының сыртқы интегументі тұқым қабықшасына айналады, ал мегаспорангия қалдықтарынан эндосперм түзіледі. Осылайша, ұрық бастамасы тұқымға айналады. Тұқым пісіп-жетілгеннен кейін бүршіктен сыртқа түседі.
Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің өспейтін жері жоқ. Оларды климаты қатал, суық арктикадан бастап экваторға дейінгі, таулардың альпы белдеуінен теңіз жағалауына дейінгі аралықтардың барлығынан кездестіруге болады. Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің, дара жарнақтылардан басты айырмасы, олардың ұрығының тұқым жарнағы екеу болады. Сабақтары екінші рет қалыңдап, жуандап өсуге қабілетті келеді. Жапырақтары торлы жүйкеленеді. Негізінен кіндік тамырлы өсімдіктер. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі.
Қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар кластарының деңгейінде жоғарыда айтылған белгілерден аздаған ауытқушылықтар болып тұрады. Кейбір қос жарнақтылардың бір ғана тұқым жарнағы болады (мысалы, фелкария), доға тәрізді жүйкеленеді (бақажапырақ), ал дара жарнақтылардың аздаған түрлерінде сабақтарының екінші рет қалыңдап, жуандауы орын алады (юкка, драцена). Сондықтан да бұл екі кластың өкілдерін ажыратқанда бір ғана белгімен шектелуге болмайды. Тұқым жарнақтарынан басқа да көптеген белгілерін ескеру қажет. Бұл оқулықта қос жарнақтылар класынан Крестгүлділер, Раушангүлділер, бұршақтар, алқалар және күрделігүлділер тұқымдастарына тоқталамыз.
Крестгүлділер тұқымдасына жер бетіндегі құрлықтардың барлығында кең таралған бір, екі және көп жылдық шөптектес өсімдіктер жатады. Аздаған жартылай бұталары да болады. Негізгі өсетін жерлері қоңыржай салқын климаты облыстар, тіптен Арктикаға дейін кездеседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ тақтасы бүтін немесе әр түрлі дәрежеде тілімделгенболып келеді. Тостағанша жапырақшаларының саны 4, олар екі қатар шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 4 бос күлтежапырақшадан тұрады, бірақ олар бір ғана шеңбер түзіп орналасады. Аталықтарының саны 6, оның 4 ұзыны ішкі, ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқы шеңберді түзеді. Екі біріккен аналығы болады, жатыны жоғарғы. Крестгүлділердің гүлінің құрылысынформула түрінде былайша беруге болады: Ж Т2+2 К4 А2+4 Ж(2)
Жемістері бұршаққын, бұршаққынша, сиректеу жаңғақша. Дәндерінің эндоспермі болмайды. Екі жақтаулы бұршаққын жемісі төменнен жоғары қарай қақырап ашылады. Бұршаққынша жемістерінің жақтаулары, қабыршақ түріндегі жалған перделер мен камераларға бөлінген.
Жер бетінде крестгүлділердің 350 туысы, 3000-дей түрлері кездеседі. Көптеген түрлерінің халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олардың ішінде көкөністік және майлы дақылдар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет