Жаратылыстану негіздері



бет48/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

Экваторлық белдеу.Экватордың екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді.Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25 – 300 С. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000 – 3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдығын молдығы өсімдіктердің қаулап өсіп, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.Экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш, жемісі тамаққа пайдаланылатын нан ағашы, шоколад ағашы өседі. Өсімдік сияқты жануарлары да биіктік қабаттарға бөліп таралған. Ағаштарда быжынаған бунақденелілер, ағаш бақалары, жыландар, шиқылдаған құстар қаптап жүреді. Оларға маймылдардың бақырғаны үні қосылады.
Субэкваторлық белдеу.Экваторлық ауаны қыста тропиктік ауа ауыстыратын өңірде жыл екі маусымға, яғни жаңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бөлінеді. Белдеудің құрғақ маусым 2 – 3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар өседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарға қарағанда ағаштар біраз аласарып, аралары ашылады. Соған байланысты онда бұта және шөп өсімдігі көріне бастайды. Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.Құрғақ кезең 5 – 6 айға созылатын жерлер с а в а н н а л ы болып келеді (саванна Оңтүстік Америка үндістерінің тілінен алынған сөз). С а в а н н а деп әр жерінде жеке немесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін,көбінесе шөп басқан алқапты айтады.
Тропитік және субтропиктік белдеу
Тропиктік белдеуге бұлтының аз болады. Материктің тропиктік климат ауа температурасы ауытқуларының үлкен болып, өте құрғақ және ыстық келеді. Континенттердің батыс жағауларының тропиктік климаты өте ерекше. Оның ауа температурасы төмен(18-200) жауын-шашын мөлшері аз (мөлшері 100мм аз) (Батыс Сахара, Нашиб, Атакама, Колифорния ) 1000(25-280С) 1200С қыста жетеді.
Континенттердің шығыс жағалауларында тропиктік климаты батыс жағалауының тропиктік климатынан неғұрлым жағдайдағы температурасымен жауын шашынның көптігімен көзге түседі.Мұхиттің тропиктік климат экваторлыққа ұқсас өйткені Мұхит үстіне t-ның тәуліктік және жылдық температурасы біршама үлкен емес.
Бұл климат – ауа массаларының сезондық ауысуымен сипатталады. Материктік субтропиктік климат – жазда ыстық, құрғақ -300С тем-сы, ал қысы – ылғалды болып келеді. Евразияда субтропиктік климат континенттің орталығыда орн. Солтүстік Америкада Коларадада орн. Субтропиктік климатқа тәуелді континенттердің батыс жағалауларын – жерорта теңіздік климат деп аталады. Бұл климатқа Оңт. Европа, Алдыңғы Азия, Солт. Африка жатады. Бұндай климатқа ұқсас Солт және Оңт Америкада да, Африканың оңк-батысында да Австралиада да бар.Бұл климатқа салыстырмалы ыстық 22 С , құрғақ жаз ,10 с-ылғалды (500-700мм)қыс тән.
Субтропиктік климатқа тән континенттің шығыс жағалаулары –муссонды болып келеді.Жазда тұрақты муссон-мұхиттан келеді, ыстық(25 с) ылғалды.
Субтропиктікбелдеулер-бүкіл жыл бойы бір қалыпты температураның болуымен ерекшеленеді.Бірақ қыста бүкіл бклдеуде қысқа уақыттық температураның төмендеуі және, аз мөлшерде қар түсуі де мүмкін.
Қоңыржай белдеу климаты. Бұл белдеудежазда-тропиктік ауа массасы ,қыста арктикалық ауа массасы әсер етеді.Континенттік қоңыржай климат-Евразияда және Солт Америкада ғана кездеседі. Ең жылы айдың температурасы-12 С(Солтүстікте)оңтүстіке қарай 24-5С. Ал ең суық ай-январьда –батыста 5 С,материк ортасына қарай -25 С(30)-ге деиін, ал Ресейдің кеибір тер-да 40 С жетеді. Жауын шашын мөлшері батыстан шығысқа қарай жол түседі.
Қоңыржай белдеу
Тәуліктік ауа температрасының өзгеруі дегеніміз яғни тәулік ішіндегі темпратураның өзгерісін айтамыз . Жердегі температураның өлшеумен немесе бақылаумен метеорологияның қызметкерлер айналысады. Олар ауаның температурасы зертеу мақсатында термометрді 2.м биіктікте орналастырып зертеледі. Жерде ауаның температурасын зерттеу 1 тәулікте 14-15 сағатқа жүргізіледі, суда-16 сағат шамасында , жерде күн батқан соң аз зертесе, су үстінде күн батқан соң 2-3 сағат өткен соң аз сезіледі .
Ауаның тәуліктік температурасы 14-15 сағат аралығында су үстінде-16 сағатта максимумдық температура сезілсе, минимум температура –жерде күн батқан соң 2-3 сағатқа – су үстінде күн батқан соң сезіледі. Осындай ауа температураның максимумдық минимумдық 1 күн ішіндегі өзгерісі - тәулік температурасының амплитудасыда олар бірнеше факторларға байланысты жыл мезгілдері, бұлытылық, рельеф, өсімдіктер жамылғысы т .б. байланысты .Қоңыржай белдеулерде Күннің радиациялың баланысының өздігінше ерекшеліктері бар. Мысалы жазда Күннің көп түсуі байқалса –соның нәтижесінде күн ұзаққа созылады, қыста-керісінше Күннің түнге қарағанда қысқа болуы байқалады. Евразияның қоңыржай белдеулерінің жауын –шашынның жылдық мөлшері батыстан шығысқа қарай азайады -700-600 мм –ден -300 мм дейін азаяды. Ал Солтүтік Америкада жауын шашын керіснше Шығыстан батысқа қарай азаяды. Қоңыржай климаттың белдеулердің континенттілік белдеулерінің орталығында жауын –шашын қысқа қарағанда жазда көп түсед. Қоңыржай ендіктерде салқын жазымен, қатаң қысымен ерекшеленеді. Ылғалдық қоңыржай климаттық белдеуде –солтүстігінде көп болса,оңтүстікке жақындаған солтын азаяды .Материктердің болмыс жағалауларындағы қоңыржай климат –жылы ағыспен батыс желдерінің ықпалымен қалыптасады .Бұл белдеулік климатқа тән жазы ыстық емес (100 С –солт де,170С оқт. де) жазы қатаң емес, t-00 -50 C арасында (қыста). Солт-де қыста төмендеп, қар жауады. Таулы аймақтарда қар жауады, жауын – шашын мөлшері көп болады. Мысалы: Скандинавияның оңт-батысында – 1500мм, Кардильер мен Андтың батыс бөліктерінде – 300 мм, жетеді. Материктердің шығыс жағалауындағы қоңыржай белдеу климаты – ауа массасының сезондық ауысуына байланысты климаты муссанды болып келеді. t – жазда 200С, қыста – 100С - 200С. Жазғы жауын – шашын мөлшері қысқы жауын-шашын мөлшеріне қарағанда 10-20 рет көп.
Полярлық және субполярлық белдеу климаттары.
Оңтүстік жарты шарда қоңыржай блдеу климатында – мұхиттың климат үстемдік етеді. Онда салқын жазымен, батыс желдерінің үстемдігімен ерек-ді.
Полярлық және субполярлық белдеулер..Антрктида, Гренландия, Канада аралдарында шоғырланған жыл бойы t – суық. Мысалы: Антрктиданың «Восток» станциясындағы t-ның ең минимум көрсеткіші – 89,20С. Жауын-шашын – 100мм.
Теңіздік Артикада кедеседі. Тем те суық көрсеткішке ие бірақ жазда-полрлық күн кезеңінде күн біраз жылынуы мүмкін. Жауын шашын-200-300мм.
Субполярлық белдеу
Солтүстік жарты шарда, Еурзия мен Солтүстік Американың солтүстік шетін алып жатыр (субартикалық деп аталады). Оңтүстік жарты шарда тек аралдарда ғана кездеседі (субартикалық). Бұл белдеуде ең жылы айдың орташа температурасы +10 0С- тан аспайды. Жылдық жауын-шашын 100-300 мм, ол буланушылықтан 1,5 еседей көп. Жердің беткі қабаты жылы кезде 30 см-дей қалыңдықта ғана жібиді де, одан әрі қарай қысы-жазы тоң болып қатып жатады. Жазда мәңгі тоңның тек беткі жұқа қабаты ғана (0,5-1 м) ериді . Мәңгі тоңның жаппай таралуы және төмен температура жағдайында топырағы өте батпақты болып келеді.
Белдеуді негізінен тундыра мен орманды тундыра зоналары алып жатыр.
Тундырад мүк, қына және бұталар өседі.
Полярлық белдеу
Солтүстік полюс төңірегі артикалық, оңтүстік полюс төңірегі антартикалық (грекше анти- қарс) белдеу деп аталады. Екеуінде жаппай муз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің екі-үш аптаға ғана созылатын жаз маусымы кезінде ауаның температурасы 0 0С-тан сәл ғана асады. Оны есесіне ұзақа созылатын қыста ол- 30-40 0С-тан түспейді, қақаған аяз болып тұрады. Антрактиданың климаты оданда қатаң. Одан жер шарындағы ең төмен температуңрасы (-88,30 С) байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет