Иық белдеуі. Үш сүйектен қалыптасқан: каракоид, жауырын және жауырын үсті шеміршек.
Жамбас белдеу. Жамбас белдеуі мықын сүйектен, шонданай сүйегінен және шап сүйегінен тұрады.
Ет жүйесі. Оларда мойын бөлімінің пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененің бөліктерге жіктелуі мен осының бәрі ет жүйесінің күрделенуіне себепші болады. Әсіресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердің пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тіршілігіндегі ерекшелік.
Қан айналысы. Қосмекеңділердікі сияқты жүрегі үш камералы, бірақ қарыншаның төменгі жағынан қарыншаны бөлетін өскін пайда болады. Крокодилдерге бұл жерде толық жетіліп, қарыншаны қақ бөліп, төрт камера болады (екі жүрекше, екі құлақша). Басқаларында қарынша толық екіге бөлінбеген. Сондықтан қосмекенділердікі сияқты жүректен бір ғана қан тамыры емес, бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетеді. Сол жақ жүрекшеге артерия қаны келіп құяды - ол өпкеден келеді. Оң жақ жүрекшеге вена келіп құйылады — ол бүкіл денеден жиналып келеді. Өкпе артериясы вена қанымен келіп құяды. Содан кейін екі жүрекшедегі қан қарыншасында араласады. Қан қарыншада пайда болған өскіннің (перде) арқасында қосмекенділердікіндей толық араласпай, аздап қана араласады. Сайын келгенде бауырымен жорғалаушылардың мүшелері негізінен аралас қанмен қамтамасыз етіледі, бірақ қосмекенділерге қарағанда қан құрамында оттегі көп мөлшерде кездеседі де зат алмасу процесін шапшандатады. Бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер сияқты суыққанды жануарлар қатарына жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның (ауаның) температурасына байланысты болады. Салқын күндері кесірткелер мен жыландар аз қозғалады, ал суықта шалажансар болып қалады. Керісінше, ыстық күндері олардың тіршілік әрекеті артады.
Зәр шығару жүйесі. Бауырымен жорғалаушыларда зәр шығару жүйесі күрделі дамыған. Жамбас бүйректерінен немесе метанефростан (metanephros) тұрады. Балықтар мен қосмекенділердің ересектерінде дене бүйректері немесе мезанефрос (алғашқы бүйрек) деп аталатын бүйректер қызмет етеді. Ал дене бүйректері бауырымең жорғалаушыларда ұрық жұмыртқадан шыққанша, кейде жұмыртқадан шыққан соң біраз жұмыс істейді. Жамбас бүйрегі дамып қалыптасқан соң, дене бүйрегі қызметін тоқтатады (редукцияланады). Жамбас бүйрегі жетілген соң зәр шығару түтігі пайда болады. Арқа жағынан келіп сол және оң зәр шығару түтіктері клоакаға келіп құйылады. Құрсақ жағынан клоакаға қуық ашылады. Крокодилдердің, жыландардың және кейбір кесірткелердің қуығы жетілмеген.
2.Систематикалық шолу Дүние жүзінде бауырымен жорғалаушылардың ғылымға 6600 түрі белгілі: алашқы кесірткелер — 1, тасбақалар — 230, крокодилдер - 22, кесірткелер - 3900, жыландар - 2500. Саны жағынан омыртқалылардың ішінде құстардан кейінгі екінші орында бауырымен жорғалаушылар.
Класс тармағы алғашкы кесірткелер Ертеде тіршілік еткен және топтың өкілі — Гаттерия. Ол қазіргі кезде тек қана Жаңа Зеландия аралдарында сақталынып қалған. Гаттерия түнде тіршілік ететін жануар. Ол сырт жағынан қарағанда үлкен кесірткеге ұқсайды. Дене түрқы 60 см. Денесі (басы мен кеуде бөлімі) ұсақ дән тәрізді қабыршақпек қапталған. Олар мұхит құстары альбатростардың індерін пайдаланады, бірак гаттегилер олардың балапандарына, жұмыртқаларына тимейді. Гаттерилер насекомдармен, құрттармен және ұлулармен қоректенеді. Көктемде және ноябрь айларында көбейеді.
Жұмыртқаларын жерді қазып, шұңқырға салып, содан кейін топырақпен жауып тастайды. 8-17 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы климаттық жағдайға байланысты ұзақ дамиды. Жалпы жұмыртқаның дамуы 12-14 айға созылады. Жыныстық жетілуі 20 жылға созылады. Жаңа Зеландия аралына адамдардың келуіне байланысты гаттерияларды өлтіріп, жойып жіберуге жақындады. Оларды сақтап қалу үшін арнайы қорғайтын заң шығып құрып кету қаупін жойды.
Класс тармағы Тасбақалар Басқа бауырымен жорғалаушылардың негізгі айырмашылығы тасбақаның денесі арқа (карапакс) және бауыр (пластрон) жағынан қатты сүйекті сауытпен қапталған. Қауіп төнгенде басын, мойнын, аяқтарын, құйрығын осы сауыттың ішіне жиырып алады. Олардың тісі болмайды. Жақ сүйектерінің шеттері өткір болып келеді де, тістің қызметін атқарады.
Қазақстанда тасбақаның екі түрі таралған. Жайық, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойында суда тіршілік ететін тасбақалар (болотная черепаха) және Каспий аймағында. Оңтүстік Қазақстан даласында таралған тасбақа бар (среднеазиатская черепаха). Тасбақалардың суды мекендейтіндердің құйрығы ұзын, арқа және бауыр қалқандары қозғалмалы болады, аяқтары жүзуге бейімделген, саусақтарының арасыңда жүзу жарғақтары болады. Қорегі жануарлар тектес азықтар (омыртқасыз жануарлар). Құрлықтағы тасбақалардың арқа қалқаны өте дөңес келеді және ауырлау болады. Құрлықта кездесетін түрлерінің ішіндегі ірілері - піл тасбақалары. Тасбақаның ірі түрлерін тамаққа пайдаланады, мүйізді қалқандарынан неше түрлі бұйымдар жасайды.