Жаратылыстану негіздері



бет40/49
Дата09.10.2022
өлшемі0,86 Mb.
#42054
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
Жаратылыстану нег лекц 2022

1.Минералдар дегеніміз физикалық немесе химиялық тұрғыдан дербестелген, яғни физикалық молекулалар құрайтын, жер қойнауларындағы химиялық әрекет өнімдері. Жер қыртысы сан түрлі тау жыныстарының жиынтығы деп есептесек, сол тау жыныстары жекелеген минералдардан санатына тек қана қатты заттарды жатқысса екіншілері олардың сұйық немесе газ күйінде болу мүмкіндіктерін де жоққа шығармайтындығын ескерген жөн. Тағы бір мәселе маңызды: табиғи минералдармен қатар, бүгінгі таңда лабараториялық жағдайларда жасанды минерал кристалдарын “өсіру” тәжрибесі жақсы жолға қойылған олар іс-тәжрибеде жиі қолданылады. Әсіресе асыл тастарды “өсіру” жақсы жолға қойылған. Табиғи минералдар екі топқа бөлінеді, олар органикалық және биорганикалық минералдар. Органикалық минералдардың жаралу тегі органиклық тіршілікпен байланысты, оларға негізінен көміртегімен және оның қосындыларынан тұратын минералдың шағын тобы жатады. (көмір, гранит, таушайыр, шайыр, зәмзәм, кәрібтас т.б.) Минералдық түзілімдердің басым көпшілігі бейорганикалық қосылыстарға жатады.
Әдейілеп дәлме-дәл зерттеуді керек қылмайтын, бірақ минералды дұрыс танып білуге көмектесетін анықтау белгілерінің қатарына жататынды-минералдардың қаттылығы, жымдастығы, түсі, жұқпа түсі, жалтырлығы, меншікті салмағы, мөлдірлігі. Минералды дұрыс анықтаудың қосымша белгілері оларға тән кристал мүсіні және басқада морфологиялық ерекшеліктері, минералдың магниттілігі, жылуөткізгіштігі, электр өткізгіштігі, дәмі сипап көргенде байқалатын әсері исі т.с.с.Аталған минерал қасиеттеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.
Минералдардың қаттылығы-негізінен минералдың кристалдық тор ерекшеліктеріне тікелей байланысты бола отырып, олардың өздерінен қаттырақ денелер тарапынан тигізілген механикалық әсерге қарсылық көрсету қабілеті.
Минералдардың салыстырмалы қаттылығын байырғы төл нұсқа ролін атқарады.Аталған тізбектегі минералдар реті төмендегідей; 1)Тальк; 2) Гипс; 3) Калцит; 4) Флюарид; 5) Апатит; 6) Ортоклаз; 7) Кварц; 8) Топаз; 9) Корунд; 10) Алмас. Зерттелмек минералдың бір мен он сандардың аралығындағы бүтін санмен белгіленетін салыстырмалығы қаттылығын анықтау үшін жоғарыда келтірілген минералдардың қайсысы оған сызат түсіре алатындығы және зертелмек минералдың өзі қандай төл нұсқаны сыза алатындығын анықтайды. Зерттелмек минералдың қаттылығы осы екі көрсеткіштің аралығына сәйкес келетін санмен анықталады. Мәселен, зерттелмек минерал кварцпен сызылатындығын, бірақ ортоклазбен сызылмайтындығын анықтадық делік; ал сол минералдың өзі апатитті өте анық, ал ортоклазды болмашы түрде болса да сызатындығы белгілі болсын; бұл деректер зерттелген минерал қаттылығы жеті екендігін дәлелдейді. Минералдың салыстырмалы қаттылығын кейде қолда бар бұйымдар көмегімен де анықтауға болады. Мысалы, адам саусағы тырнағының қаттылығы шамамен 2,25, мыс тиімдігі-3, болат бәкініңкі-5, терезе шынысының қаттылығы – 5,5 т.с.с.
Минералдардың қаттылығы олардың сызат түсіруге көрсететін қарсылығы тұрғысынан ғана анықталады, яғни бұл орайда минералдың ұрғылап уатуға деген қарсылығы жайлы ұғым қалыптаспау тиіс. Мысалы, болат балға көмегімен алмас кристалын тас-талқан етіп уату көп қиындық туғызбайды, алайда сол алмас кристалы болатқа опаңай-ақ сызат түсіреді.
Минералдардың жымдастығы-минерал кристалдарының айқын немесе жасырын жақтарына бойлас бағытта басқа бағыттарға қарағанда әлде қайда жеңілірек даралану қабілеті. Минералдардың бұл қасиеті олардың кристалдарының ішкі құрылыс ерекшеліктерінен туындайды. Жымдастық қабілетіне қарай минералдар бес түрге жіктеледі, олар өте анық, орташа, анық, нашар және өте нашар жымдастық деген сөз тіркестері арқылы өрнектеледі.
Минералдың түсі - минералдарды анықтау және сипаттау барысында қолданылатын олардың өте маңызды қасиетерінің бірі. Минералдың түсі төрт түрлі жағдайда анықталады, олар-минерал үлгісінің түсі,минерал ұнтағының түсі(бұл түс “жұқпатүс” деп аталады), минералдың тас тілімдегі түсі және минерал кристалдарының шағылысқан жарықтағы түсі.
Минералдардың түсі көп жағдайда оларды дұрыс анықтаудың бірден-бір белгісі рөлін атқарады.Кейбір минералдардың түсі сол минерал атауының негізін құрауы осы айтқанымыздың дәлелі.Мәселен, азурит және лазурит минералдары ашық көк түске бойялған; хлорит-жасыл (“хлорос”) грек тілінде (“жасыл”),радонит-күлгін қызыл (грекше “радон”-“раушан”),гематит –қоңыр-қызыл (грекше “гематос”-“қан”), альбид-ақ (“альбус” грек тілінде “ақ”) түсті. Солай бола тұрсада, көптеген минералдардың түсі тұрақты болмайтындығын да ескерген жөн. Кең тараған кварц минералы мөлдір болуы (тау хрусталі), немесе қара (морион), күнгүрт (раухтопаз), күлгін (слу тас) т.с.с. түстерді иемделуі ықтимал.
Минералдың жылтырлығы – минерал кристалдарының жарық сәулесін сындыру қабілетмен сипатталатын физикалық қасиеті. Минералдың жалтырлығы оларды анықтаушы қасиеттерінің бірі болып табылады, бұл сипат минерал бетінен шағылысқан жарық қарқынының қуаттылығымен анықталады.
Рудалық минералдардың көпшілігі бір шама күшті жылтырлықпен сипатталады, мұндай жылтырлық металдық жылтырлық деп аталады. Бейметалдық жылтырлық өз қарқынының бірте-бірте бәсеңси беруі тұрғысынан төменде аталған түрлерге жіктеледі: алмасша жылтылдайды (алмас, киноварь, күкірт) күнгірт жылтырлық (каолерит, бор); балауыздық жылтырлық (опал сияқты құрылымсыз немесе жасырын кристалды минералдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет