а) рельефтің планеталык пішіидері, 6) мегапішіпдер, в) макро-пішіндер, г) мезопішіндер, д) микропішіндер, с) нанопішінлср Планеталык пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондағаи шаршы километр аукымын камтиды. Бүларға мынадай планеталык. пішіндер жатады: 1) материктер; 2) геосинклинальды белдеулер: 3) мұхит түбі (тесеніші); 4) орта мүхиттык жоталар.
Материктер жер бетінің eң ірі дөңес пішіндері. Бұлар жер кыртысыныи. материктік түрінен құралады және олар құрлык аймағынын. Көп бөлігін камтиды.
Мұхит түбі немесе мұхит төсеніші (ложе океана) дүние жүзі мұхитының негізгі бөлігі, олардың терендігі 3 километрден төмен және жер қыртысының мұхиттык түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері - мұхит түбінің кең көлемді қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын жоталар.
Казіргі геосинклинальды белдеулер, көбінеее материктер мен мүхиттар арасындағы шекарада және құрлық шегінде орналасады.
Орта мүхиттык жоталар өздерінің үзындығымен дүние жүзінде ең кең таралған таулар жүйесі болып сапалады.
Мегапішіндер жүздеген және ондаған мың шаршы километр аукымды қамтиды. Мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс -Сібір жазығы, Орта Сібір кыраты, Тянь-Шань ray жүйесі, Тибет тау кыраты т.с.с.
Макропішіндср - мегапішіндердің күрамдас бөлігі. Олардың аумагы жүздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке кыраттары немесе ойыс жерлері жатады. (Іле Алатауы, Күңгей және Теріскей Алатау, Ыстыккөл ойысы т.б.).
Мезопішіндердік аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр. Бұларға жотаныы. тарамдары, жыралар. сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумулятивтік пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.
Микропішіндер - ірі пішіндердің бөлшегі болъіп саналатын, кішігірім кедір-бүдыр түрлері, мысалы, карст шүңкырлар, эрозиялык казбалар, үсак құм төбелер, көлдеулер (степные блюдца) және т:б.
Нанопішіндер макро - мезо және микропішіндердін. үстін шиелендіріп бөлшектейтін өте үсак кедір-бүдырлар. Бұларға ш а л г ы н д ы к төбе ш і кте р, үса к же м і р і л ге н казы н ды л ар, кеміргіштердің індері, шағылдардын, бетінде дамыған күм иректері (эоловая рябь) т.б. жатады.
И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряков рельефтің тектік топтасуында планеталык. пішіндер мен мегапішіндерді геотектура деп, макропішіндерді морфоструктура деп атаған. Олар көбінесе эндогендік процесс әрекетінен пайда болған. Ал экзогендік процестердің әрекетінен калыптаскан мезо-және микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп атаған.
Рельефтің морфография және морфометриясына байланысты топтастырылуы. Гипсометрияльгқ сипаттама, яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу рельефтің ен, маңызды морфометриялык сипаттамасының бірі. Қүрлық беті мұхит деңгейінен көтерілу мөлшеріне байланысты ойпатты (низменный) О м-ден 200 м-ге дейін, кыратты (возвышенный) 200 м-ден жоғары рельефке бөлінеді.
Ойпатты рельеф көбіиесс жазык бағытта жайласкан жас борпылдақ жыныс кабаттарынан түратын гегіс, жазык сиікабы Жер шарындағы аса ірілері - Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Гаш Каспий маңы және т.п. ойпаттар, Қыратты рельеф иаклті биіктігіне, геологиялык қүрылымына және тілімделу сипатына байланысты кыраттарға, қыраггы жазықтарға, үстіртгерге, таулы үстірітерге, таулы кыраттар мен тауларға ажыратылады.
К ы р а т т а р ж ә н е қ ы р а т т ы жазыктарға накты биіктігі 200 м-ден 500 м-ге дейінгі жер бстінің кейбір үдкен бөліктері жатады. Олардың үсті гегіс, енкіш және дөңесті болып келеді. Морфология жағынан осы екі аймактардың іші жазықты. ойлы-кырлы, жонды-төбелі немесе белесті және сатылы болады. Геологиялык күрылысына карай - аккумулятивтік жәпе денудациялык жазыкгар деп жіктеледі.
Аккумулятивті жазыктар - жер к.ыртысынын. ойысып (иіліп) гәмен түскен түстарында борпылдак шөгінділердің Үзак уакыт жиналуының нәтижесінде қүралған.
Жаратылыс тегіне (генезисіне) карай теңіздік, аллювиалдык, пролювиалдык, эолдық, флювиогляциялдык жазыктарға боліне іі.
Денудациялык жазықтар - тау жыныстарынып, үгіліп немесе су эрозиясына үшырап тегістелуінен пайда болады. Мүндай жазыктыктарда кішігірім таулардың жүрнақтары (останцы) жиі кездеседі. Мысалы, Орталык Қазакстандағы үсак шокылы Сарыарка даласы. Осы түрғыдан В.Дэвистің Сарыарканы кәдіміі пенепленмен тендестіргені де тсгін емес.
Y с т і р т (плато) француздың plateau деген сөзінен шыккан-жазык бағытта астасқан тау жыныстарынан қүралған, тегіс бетті кыраггы жазыктар. Бүлар төмендеу жатқан ойпатты жазыктардан кертпештер аркылы шектеледі.
Геологиялық к.үрылысына карай қүрылымдык және жанартаулық үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық жыныстардың берік қабаттарымен тысталып кашалған түрін айтады. Жанартаулык, үстірт аса зор көлемді магмалык. массалардың жер бетіме шығып, төгілуі нәтижесінде пайда болған. Индиядағы Декан үстірті, Кавказ сыртындағы кейбір үстіртгер осыған жатады.
Ал, құрылымдық үстірттің көрнекті үлгісі Арал және Каспий теңіздерінің аралығын алып жатқан кең байтак үстірт жазықтығы. Оның солтүстік-батыс бөлігі - Қазакстанға қарайды, ал шығыс бөлігі Өзбекстанның Қарақалпакстан территориясына кіреді. Үстірт теңіз деңгейінен орта есеппен 200 метрден жоғары биіктікте жатқан жазықтық. Онын. оңтүстік батыс бөлігі едәуір көтеріңкі. Үстірттің үстінде жазда кеуіп кететін ащы көлді жайпак ойыстар кездеседі. Геологиялык күрылымында үстірттің астыңғы бөлігінде - палеоген кезеңінің, ал үстіңгі жағында неоген кезен.індегі әктас, қүмтас және солардан күралған шөгінді кабаттар бар.
Т а у л ы ү с т і р т (плоскогорье) - кең ауқымды, біршама тегіс немесе белесті келген жалпақ жаткан немесе сәл-пәл деформацияға үшыраған жыныстардан куралған биік өлкелер. Таулы үстірттердің жәй үстірттерден айырмашылығы ңакты биіктігі 1000 м-ге дейін, немесе одан да жогары болуы және осыған байланысты терең тілімделуі. Кыратты өлкелердің ішкі жағы тегіс емес, олардың бірқатар бөлігін ойпаттар мен жоталар алып жатады. Таулы үстірттер ежелгі таулы аймактың үзақ уакыт тегістеліп, кейін қайта көтерілуі нәтижесінде түзілген. Бүлардың мысалы - Орта Сібір, Иран, Анатолий, Шығыс Памир тау үстірттері.
Кейбір зерттеушілер таулы үстіртке жоғары көтерілген және тегістелген, деформацияланған тау жыныстарынан қүралған денудациялық жазыктарды жаткызады. Мүндай кең аукымды 3000 м-ден биіктіктегі ежелгі пенепленнің қалдықтарын Тянь-Шань тауларында "сырт" дел атайды.
Беті төзімді платформалық кабаттармен көмкерілген, жазық бағытта астасып жататын, тау жыныстарынан қүралған таулы үстірттер мен жай үстірттер жер бетінде өздерінің жазыктық сипатын сактайды. Ал үсті берік кабаттармен көмкерілмеген, жазық бағытта жатқан палеоген - неоген кезеңінің катаймаған жыныстарымен жамылған
жазыктыктарды кабатша жазыктар (пластовые равнины) дейді. Мүндай
жазыктар Торғай өңірінде кең тараған және Батыс К.азакстанның
едәуір бөлігін камтиды.
Т а у л ы к ы р а т (нагорье) - мегапішіндердің ерекше түрі, оның ішкі биіктік өлкесінде жоталар мен таулы үстірттер, ойыстар меп кемерлер күрделі түрде астасып, аралас кездесетін таулы аймактарын күрайды. Таулы кыраттар кең тараған, олардын. мысалдары - Памир, Кіші Азия, Армения, Иран, Тибет, Цайдам таулы кыраттары.
Т а у л а р дегеніміз жоғары биіктікке (8000 м-ге және одан да жоғары) өрлеген жер кыртысының к.атпарлы және к.агпарлы-жақпарлы қүрылымдармен күрделіленген теңіз деңгейімен және өзін қоршаған жазыктықтармен салыстарғанда биіктік көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Таулардың үзындығы ондаған, жүздеген және мындаған шақырымға дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жаткан аймактардың жалпылама аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, таулы елке, таулы жүйе, таулы аудан және таулы жота деген атаулар арқылы дараланады. Таулардың пайда болуып камтамасыз ететін бірден-бір шарт - жоғары бағытталған тектоникалык козғалыстардын сол таулардың мүжылу процесіне карағанда әлдекайда қаркынды болуы. Гипсометрия бойынша биіктігіне карай олар - аласа (1000 м-ге дейін). орта (1000-3000 м) және биік (3000 м) тауларға бөлінеді. Биік тауларға, Памир, Кавказ, Гималаи Тянь-Шань, Алтай, Альпі, Кордильері және басқалар жатады.
Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңдары Гималайдағы Джомолунгма (8848 м), Каракорымдағы Чогори (8611 м), Памирдегі Коммунизм (7495 м), Тянь-Шаньдағы Жеңіс (7439 м) шындары. Биік таулардың морфологиядык түрі накты биіктігімен, ойдым-ойдымдылығымен, рельеф пішіндерінің күрт өзгеруімен үшкір басты шыңдармен және айдартүрқылас жалдармен, күлама күздардын. жене мүздык пішіндердің көптігімен сипатталады; кейде алыіілік рельеф терминінің синонимі ретінде тұсініледі. Биік тауларда тік белдеулік (вертикальная поясность), яғни климапың, топырактың, өсімдіктер мен жануарлардьщ биіктікке каран біртіндеп алмасуы байкдлады. Әсіресе Тянь-Шань және Алтай спяк.ты биік тауларда табиғаттың ландшафт белдеулері мен сатылы рельеф айкын көрінеді. XIX ғасырдың орга кезінде Ш.Уәлиханов neн П.П.Семенов - Тянь-Шанский Іле Алатауының орографиялыкеипаттамасын бейнелеп түсірген кезде, осы таудың биіктік белдеулерін алғашқы peт ашкан.
Аласа таулы рельеф биігірек таулардың бірте-бірте мүжілу нәтижесінде қалыптасқандыктан, бұлардың беткі жазықтыктары жұмырланган суайырықтармен жайпақ беткейлі тау-төбелермен аңғарлардың терең жемірілуімен сипатталады. Мұнда вертикалды ландшафты белдеулері аса айкын білінбеуімен, немесе мүлде болмауымен ерекшеленеді. Аласа тауларға Орталық Казакстандағы Сарыарқаның Баянауыл, Қарқаралы, Кент, Қу, Көкшетау, Семей тауы, Жаксы Абралы, Жаман Абралы, Кызыл- Рай, Бектау - Ата, Шыңьыстау жәнеШу -Іле
таулары жатады.
Орташа биік тауларда айкын байқалатыи биіктік белдеулер дамыған. Орташа биік тауларға Туркменстандағы Копет Даг тауы, Ресейдегі Орта жәпе Солтүстік Орал тауы, Қазакстандағы Тарбағатай тауы, Украиыпдағы Карпат тауларының бір бөлігі жатады. Мүұндай өлкелерде тегістелу жазықтыктар кеңінен етек алған, сондықтан бүларда суайрык кырлары біршама тегістеле жүмырланғаи.
Таулар жаратылу тегі (генезис) жағынан тектоникалык, эрозиялык және жанартаулык болып үш түрге бөліиеді. Қазакстанда әдетте тeктоникалық және эрозиялык тектоникалык таулар жиі кездеседі. Жанартаулык таулар Камчатка түкпірінде және Жапон аралында (Фудзияма тауы) дамыған
Теңіз және мүхит түбінің гипсометриисын батиметрия дейді (гр. bath us – терең, mctreo-өлшсу). Батиметрия айырмашылығы бойынша мүхиттүбі - неритті (0-200 м), батиал (200-3000 м), абиссалды (3000-0000 м) жәие гипабиссал (6000 м ден терең) терендік белдемдеріне бөлінеді. Нерит белдемі теңіз (мүхит) суының жарык, сәулелерімен жақсы қапыққаи. Бүл органикалық тіршілікке мейілінше бай біршама саяз өңірлерін біріктіретін, жағалауга жақын орналасқан, яки шекарасы шамамен шельф жиегіне сәйкес келеііп белдем. Батиал белдемі шельф иен теңіз табаны (төсеніші) аралығын камгитын, яки негізінен материктік беткейге жапсарлас орналасқан батиальдык фаунанын тіршілік етуіне колайлы теңіз (мүхит) децгейі. Абиссалды белдемі мүхиттар мен терең теціздердін, аоиссалдык фауна тіршілік ететін терең ойыстары.