«Жаратылыстану» пәндерінің апталық жиынының сценарийі



бет1/3
Дата25.04.2023
өлшемі29,28 Kb.
#86833
түріСценарий
  1   2   3
Байланысты:
Апталықтың тақырыбы


«Жаратылыстану» пәндерінің апталық жиынының сценарийі
Оқушылар ортаға шығады да, жүректің бейнесінде орналасады ( экраннан Күн шуағы, Көк Аспан, Құстар, Ағып жатқан су, Ағаштар жайқалып, Шыңында қары бар таулар, жайқалған дала суреттері баяу көрсетіліп тұрады) баяу музыка ойнайды.
1-оқушы: Армысың, алтын күн! (күнге қарап бас иеді )
2-оқушы: Көгілдір көк аспан! (аспанға қолдарын жаяды)
3-оқушы: Бармысың құстарым! (құстарға қол бұлғайды)
4-оқушы: Қанатты достарым! (құсша қанат қағады)
5-оқушы: Суларым таза ма? (оң қолын оң жаққа созады)
6-оқушы: Талдарым аман ба? (сол қолын сол жаққа созады)
7-оқушы: Бас ием тауларға (бастарын иеді)
8- оқушы: Жамылған қарларға (қолдарын жоғары созады)
9-оқушы: Жайқалған даланы (қолдарын жан-жанқа созады)
10- оқушы: Табиғат ананы (алақандарын жоғары қаратып қолдарын алдына созады)
11-оқушы: Көруге сағынып (қолдарын жүрек тұсына қояды)
12-оқушы:Келген біз балаңыз. (бастарын иеді)
(Оқушылар сахнадан шығып кетеді де, видео көрсетіледі)
ҚАЙСАР 1-Жүргізуші:
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Жаратылыстану – пәндері,
Апталығын бастаймыз!
НАЗЕРКЕ 2- Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар және қымбатты білім алушылар! Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Жаратылыстану-ғажайыптар патшалығы» атты пәндік апталығына қош келдіңіздер!
ҚАЙСАР 1-жүргізуші:
Армысыздар,ағайын!
Ағайын тілін табайын!
Бармысыздар,бауырлар,
Өкпе жоқ,бізде бауыр бар.
Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
Апталықты ашайық,
Көңілді кеш жасайық.
Бүгін жаратылыстану апталығында барлық ғылымдардың ішіндегі ең-ең қызық болып табылатын пән иелерін төрге шақырайық.
НАЗЕРКЕ 2-жүргізуші:
Інжу-маржан жатыр теңіз жеріңде
Саяхатшылар қалды мәңгі ел есінде
Талаптанып жасынан ұғып алған.
География жарар әркез керегіне.
Ортаға География патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
ҚАЙСАР 1-жүргізуші:
Элементтер, элементтер сыр бүккен
Бәріңізде орны бар тірліктен
Химияны меңгерсеңдер қиналмай
Қол созады керек кезде өзіңе.
Ортаға Химия патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар
НАЗЕРКЕ 2-жүргізуші:
Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбауда керек шығар дос үшін.
Екеуіннің араңдағы байланыс
Өмір бақи үзілмесің, қосылсын!
Ортаға Жаратылыстану патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
ҚАЙСАР 1-жүргізуші:
Өсімдіктер, жануарлар әлемі
Адамзатты таң қалумен келеді.
Биология түп қазығы тірліктің
Қызғылықты әрқашанда дерегі.
Ортаға Биология патшалығының өкілің шақырайық. Қарсы алыңыздар.
НАЗЕРКЕ 2-жүргізуші:
Құрметті әр пән патшалығынан келген өкілдер, сіздер мына отырған жас достарыңа қандай лебіздеріңізді білдіресіздер. Сөз кезегін өкілдерге береміз.

  1. География өкілі:АРАЙЛЫМ

Қарасaм Қазақстан картасына,
Оранған бар байлықтың алқасына
Арайлы атамекен – туған жерім,
Мен үшін сенің артық, әр тасың да.
География бастауысың жер-дүниенің
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен
Үлгі етіп өнегесін бабалардың
Ұмытпайық өнеге, өсиетін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет