Өмірге әр ғылым керегін ұғыңдар
Қараңдар, жараңдар, химиядай ғылым бар
Ғылыммен осындай кеңейер білімің
Ғылымның зер салып, зерттендер әр сырың
Химия айналдым, көп уақыт ойландым
Ақыры ұғындым мән-жайын пайданың
Химия ырыс қой, түсінсен пайдасын
Қызметі өрлесін маңызын жоймасын
Атом-бомба полигон жарғызбасын
Жамандыққа қолданып химияны
Басымызға азапты салғызбасын.
жаратылыстану өкілі:ӘЛИЯ
Бағбан бабам бау өсіріп жеріне
Үлгі өнеге көрсетіп ол еліне
Бабалардан тағылым алған ұрпақтар
Тартып туар, арғы ата-тегіне
Жасыл бақ көркі болған кең даланың
Ұмытылмас ұлылығы ер бабамның
Жайқалған жасыл бақты көрген кезде
Құрметтеп мен бабамды еске аламын.
Биология: АЯЖАН
Көріппе едік тіршіліксіз даланы
Дауасы жоқ жазылмайтын жараны
Бұған кімдер берер екен жауапты
Өз жерінде еңіреткен бала менен Ананы
Семей жері жарылыстан тулады,
Тұңшықтырып айналаны улады
Қасіретінен қайғы шеккен қалың жұрт
Мұңын айтып, ұлар құстай шулады.
2-жүргізуші: НАЗЕРКЕ
Қазіргі таңда бәріміз үшін мынадай ақиқаттың маңызы ерекше, адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын күрделі құбылыс. Барлығымыз бірлесе және жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана жаңаша жақсару жолына шыға аларымыз хақ. Сондықтан да жас ұрпаққа , жас буынға жаңаша білім беру ісі ғылыммен тығыз байланысты болып, жаңа дәуір жаңашылдықпен суарылып отыруы тиіс.
ҚАЙСАР 1-жүргізуші: Дәл қазір апталыққа дайындығымызды дәлелдеу мақсатында,ортаға әр сыныптан екі оқушыдан шығып және сұрақтарға жауап беру керек.Бұл сұрақтар жаратылыстану пәндеріне байланысты келеді.
Кім жүйрік???
1 сұрақ.Заттардың құрамын және қасиеттерін зерттейтін ғылым? Химия 2 сұрақ. Заттың ең ұсақ «бөлінбейтін» бөлшегі? Атом 3 сұрақ. Қазақстан қандай материкте орналасқан? Евразия 4 сұрақ. Бразилияның астанасы қалай аталады? Бразилиа 5 сұрақ. Тірі ағзалардың «құрылымдық», «функционалдық» бірлігі? жасуша 6 сұрақ. Өсімдіктердің «жасыл» түсіне қандай пигмент жауап береді? Хлорофилл 2-жүргізуші: НАЗЕРКЕ
Құрметті көрермендар жаратылыстану ғылымдары туралы қызықты деректерін кім біледі екен?
Химия: Екі заттың бір-біріне әсері арқылы үшінші бір затты шығару химия ғылымының негізгі мақсаты болып саналады. Менделеев химиялық элементтер кестесін дайындаған кезде небәрі 63 элемент қана белгілі болған. Ал бүгін олардың саны 118-ге жеткен.