«Жаратылыстану» пәнін оқытуда қолданылатын SMART әдістер Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады.
SMART-технологиялардың оқыту үрдісіне енгізілуі сапалы өзгерістерге әкелді және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. SMART-технологияларды пайдалана отырып материалды түсіндіру мұғалімге жеңілірек және қызықты болып табылады. Тақтадағы мұғалімнің іс-әрекеті тіпті сабаққа деген ынтасы төмен оқушылардың өзін тартып әкетеді, мұндай сабақтарда олар ештемеге алаңдауға шамасы келмейді. Интерактивті тақта сабақтың қарқынын жеделдетуге және бүкіл сыныптың зейінін аударуға мүмкіндік береді, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын, сабаққа араласу белсенділігін арттырады.Оқушының жігерлілігін, өзіне деген сенімділігін және пәнге қызығушылық әрекеттерін қалыптастырады.
Басты мақсаты: –оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту, интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыру
Тиімді кері байланыс оқушыларға өздерінің оқуының қай жерде екендігін түсінуге және танымдық жағынан енді қай бағытта даму керектігін айқындауға көмектеседі.
Интернет-қызметтерін пайдалана отырып оқу материалдарын меңгеруін бақылау. Оқушылардың білім, білік дағдыларын арттыра отырып, дарынды оқушыларды анықтап дамуына жағдай жасау. SMART оқыту кезінде бағалаудың іске асыру жолдары 1.Тапсырмаға берілген
Жеке оқушыға берілген тұлғалық кері байланыс
Тапсырманың жүзеге асырылуына берілген кері байланыс
Өзін-өзі реттеуге берілген кері байланыс
Цифрлық платформалармен жұмыс істеудің баланың қызығушылығын арттыруда рөлі зор. Онлайн ресур «Padlet» тақтасымен жұмыс жасау, Онлайн–сервис «Quizizz», «Learnis» онлайн платформасы, «Колесо баланса» онлайн реурстары арқылы мұғалім баланың біліміне деген уәжін арттырып қана қоймайды, мұғалім жұмысын жеңілдететін құралдар
Падлет виртуалды тақтасы арқылы оқушының ғана жұмыстарын емес, ұстаздардың жұмысынан да көрме ұйымдастыруға болады.
Цифрлық технологияның бірі «Онлайн Тест Пад» платформасы –тест тапсырмаларын құрастыруға, кері байланыс жасау үшін өте қолайлы. Сонымен қатар БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Барлық тапсырмалар сақталады. Оқушылардың білімдерін тиянақтауда жылдам жауап алуда өте тиімді. Сонымен қатар ұстаздың тексеруін талап етпейді өзі бағалап, мониторингтен қай жерде қандай қате жібергенін бірден көре алады. Тиімді кері байланысты ұйымдастыру сапалы оқытудың негізі болып табылады.
Келесі платформа «Jambord» ақылды тақта туралы айтқым келеді.. Jambord бұл онлайн тақта деп аталады. Бұл платформаға кіру үшін гуглға кіреміз сол жерде jambord терезесін басамыз. Jambord ең пайдалысы мұғалім кез келген уақытта оқушыға жекелеме жұмыс бере алады. Сонымен қатар суретін салып, формуласын жазып түсіндіргенге өте қолайлы. Дүниетану, жаратылыстану сабақтарында өсімдіктердің суреттерін көрсете отырып жанына жазуға, сызуға болады.
Бұл платформаның ең пайдалысы мұғалім кез келген уақытта жазып бағасын қоя алады. Интерактивті тақта ретінде қолдана алады. Кері байланыс ала алады.
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде тұсаукесерлерді пайдалана отырып, оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы тақырыптың мәнін аша отырып, кез келген тақырыптың мазмұнына сай құрылысы, шығу тегі т.б мәліметтермен толықтырып содан соң оқушыларға компьютер арқылы немесе бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларға есте қалатындай әсер қалдыруы сөзсіз.
Қазіргі заманауи заманда цифрлық технологиялардың көмегімен оқушымен де, ата-анамен де байланыс жасауда күнделік kz сайтының мүмкіндіктері зор. Атап айтқанда, қашықтан оқыту барысында үй тапсырмасын беру, жаңа сабақты түсіндіруде бейнематериалдарды пайдалану, баланың оқу үлгерімін қашықтан бақылау ата-ананың мектеппен, ұстазбен байланысын бекіте түседі. Электрондық оқулықтарда оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі оқушылардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды. Орташа бағамен оқығысы келетін балалар болмайды. Олар әр түрлі жағдайға байланысты: ауырып бірнеше сабақты жіберіп алуы; жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы; бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді. Электронды оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін.
Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды. Сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа бұған көмекке келетін мектеп. Электронды оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі. Электронды оқулық – бұл оқушыға ғана емес, сонымен қатар мұғалімге де көмек. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Сол мақсатта «Дүниетану» пәнінен көмекші оқу құралына электронды оқулық құрастырдым. Бұл бастамам әріптестер мен ата-аналар арасында үлкен сұранысқа ие болғандықтан, келешекте әр пәнге арналған қосымша электронды оқулық құрастырмақшымыз.