Жаратылыстану сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі



Дата15.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#122755
Байланысты:
сөж 5жаратылыстану

Жаратылыстану сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі

Орындаған: Кабденова Диана

Дбот 22-01

  • Ол өз алдына сұрақтар қойып және оларға үнемі жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлелдірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
  • Сыни ойлау-адам өмірінің бір саласы. Олай делінетіні - бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен өздері үшін маңызды, әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата білуге көмектеседі.

Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
1-кезең-Қызығушылықты ояту.
2-кезең «Мағынаны тану»
3-кезеңі «Ой толғаныс»

І кезең

ІІ кезең

ІІІ кезең

Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Жұпта талқылау»стратегиясын бүгінгі практикалық жұмыс барысында байқайсыздар, сондай-ақ келесі сабақтарда үйренуге болады. «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. әдістер жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

«Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.

Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрен жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
  • Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
  • Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
  • Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
  • Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
  • Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
  • Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде оқушыны-басты тұлға деп алып:

  • оқытуды оқушының дамуына бағыттай ұйымдастырамын;
  • оқыту мазмұнына байланысты мақсат пен міндетті дұрыс қоямын, нәтижеге жетемін,
  • жеке тұлғаның танымдық әрекет иесі болуы;
  • мұғалім мен оқушы арасындағы тең құқылы қарым-қатынасты қолдаймын;
  • кәсіби деңгейім дамып, жаңашыл мұғалімнен зерттеуші ұстазға айналдым.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бойынша оқытудағы өзгерістің нәтижесі мынадай болды:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
- бұрынғы білімдеріне білім қосады;
- микроклимат өзгереді;
- оқушылардың жауапкершілігі артты;
- күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
- мен күтпеген өзгерістер болды;
- проблемалық ситуациялар туғыздым;
- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;
- өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.
  • Сын тұрғысынан ойлау - бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.
  • Қорыта айтқанда, педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет