Вестник пгу №1, 2010 16 Əож 372. 854 Мектепте химияны оқыту барысында



жүктеу 25.09 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі25.09 Kb.

Вестник ПГУ №1, 2010

16

ƏОЖ 372.854



МЕКТЕПТЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА 

ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 

ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

К.К. Айнабекова,

аль Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы,

А.Қ. Баешова

Қаржы полиция академиясы, Астана қ.

Қоршаған ортаға индустриалды араласудың күшеюі ғылыми- техникалық 

және ақпараттық революциясымен байланыстырылады. Ол табиғат 

ресурстарын шектен тыс өндіруден және қоршаған ортаның қоқыстарымен 

жан – жақты ластануынан көрінеді.

Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның 

дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік 

қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс 

әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаның ластануы болмаған бірде 

– бір аймақ қалған жоқ. Орталық Қазақстанда көптеген кен орындары, өнеркәсіп 

жұмыс істеу барысында қоршаған ортаны ластауда. Батыс Қазақстанның батыс 

аймағында мұнай және газ өндіру қарқындап келеді. Орталық Қазақстанда мыс, 

алтын, күміс, платина, темір және оның құймаларын өндіретін  өнеркәсіп жұмыс 

жасайды. Солтүстік – шығыс облыстарында тау – кен өндіру, көмір өнеркәсібі 

жылу өндіретін орталықтар қоршаған ортаны ластайды.

Осы аталған антропогендік факторлармен күресу үшін жастарға 

экологиялық білім беру қажет.

Оқушыларға экологиялық білім беру үрдісін жүргізуде химия курсынның  

маңызы зор. Осыған орай, біздің жұмысымыздың мақсаты мектепте 

пәнаралық байланыс арқылы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру, сол 

сабақтардың бірі ретінде 8 сынып химия курсының «Химиялық құбылыстар

Химиялық реакциялар және олардың белгілері» тақырыбына өткізілген сабақ 

қарастырылды. Біз бұл сабаққа талдау жасағанда химиялық құбылыстарға 

көп көңіл бөліп, құбылыстар, үрдістер және реакциялар жүруі туралы мәлімет 

арқылы экологиялық білім беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына 

басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға аса көңіл бөлінді. 

Бұл сабаққа өсімдіктерге , жануарларға және зиянды заттармен ауа, су және 

топырақ қалай ластанатындығы көрсетілді.


серия 

ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ

17

Химия сабағында экологиялық ұғым қалыптастыруға әсер ететін есептер.

Химия сабағында экологиялық білімді қалыптастыру үшін әртүрлі 

әдістерді, жұмыстар түрлерін  қолдануға болады.  Сабақ  процесінде  

экологиялық мазмұнды есептер шығару, сарамандық жұмыстар , зертханалық 

жұмыстар жүргізуге арқылы да қалыптастыруға  болады.

Экологиялық ұғымды қалыптастыруда 8,9,10,11 сыныпқа арналған 

химия курсының тақырыптарын таңдауға болады.

Экологиялық мазмұнды есептерді мына түрде жіктеуге болады: 1. экологиялық 

мазмұнды есептер 2. Химиялық – экологиялық ұғымды қалыптастыратын 

есептер. Есептер мазмұны әр қилы. Мысалы, экологиялық мазмұнды есептер 

шығаруда ең алдымен оқушылар есептерді сараптайды. Есеп шығару арқылы 

оқушылардың  біліктілігі қалыптасады. 

Мысалы, 1) Озон қабатының бұзылуына аэрозольдар мен тоңазытқыштар 

құрамына кіретін фреон әсер етеді. 14 л фторсутегінен және 25 л төртхлорлы 

көміртегінен қанша фреон түзіледі. Фреондарды көп қолдану қандай 

экологиялық мәселеге әкеп соқтырады.

2) Тұз өндіргенде теңіз суын тазартқаннан кейін буландырып суытады. 

Теңіз суындағы тұздың массалық үлесі 3% болса, 100 кг тұз алу үшін қанша 

кг теңіз суы қажет  болады ?

3) Тұрмыста денеге тиген хлорофос, карбафос, т.б. фосфорорганикалық 

заттарды зарарсыздандыру үшін мүсәтір спиртінің   10 % - тік ерітіндісі 

қолданылады. Массасы 2 кг осындай ерітінді дайындау үшін қанша көлем 

аммиакты суда еріту керек.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде ең өзекті  ғаламдық көлемде  жылыну - 

экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Жер бетінде климаттың 

жылынуына парниктік әсер себепші болуда. Парниктік әсерге көмірқышқыл 

газы көп «үлес» қосады. Көмірқышқыл газы көп бөлінуінің көзі – отын  

түрлерінің жануы болып табылады. Осыған байланысты есеп. 

8 сынып курсында «Оттектің химиялық қасиеттері. Жану» тақырыбын өткенде.

Массасы 260 г ацетилен  толық жанғанда түзілетін  көміртек диоксидінің 

массасы қанша болады.

Табиғатта  жүретін табиғи үрдістердің бірі – жану. Жану үрдісі ауадағы 

оттек газының мөлшерін азайтады да, көмірқышқыл газдың массалық 

үлесінің көбеюіне әсер етеді. Ал көмір, бензин, т.б. отындар толық жанбаса 

атмосфераға күйе, иіс газы СО тағы басқа газдар таралады. 

4) 5 куб.м метанды толық жағу үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек газы қажет ?

CH4 + 2O2  ----  CO2  + 2H2O 5 м3  x м

Есепті сараптау. Есепті шығару барысында оқушылардың көңілін озон 

қабатының жер бетіндегі тіршілік үшін рөлін анықтайды, яғни озон қабаты 

жер бетіне ғарыштан ультракүлгін сәулесінің өтуін тежейді. Оқушыларда 

«озон қабатының тесілуі  және себептері» экологиялық ұғым қалыптасады. 



Вестник ПГУ №1, 2010

18

Озон қабатының тесілуіне әсер ететін көздер туралы ұғым және мәліметтер 

химия лық есептер шығаруда қалыптасады. 

Екінші есепті шығару үшін  сараптау жүргізу  барысында оқушыларға 

теңіз суы тұз өндірудің көзі болып табылатынын және оның технологиясын 

таныстыруға болады.. 

Үшінші түрдегі есепте ерітінділерді дайындау және хлорофос, 

карбафос,т.б. улы заттар, олармен жұмыс жасау ережесі туралы мәліметтерді  

қарастыруға болады. 

Оқушыларға экологиялық мазмұнды есептерді сәл күрделілірек түрде 

де ұсынуға болады. Мысалы, 1. Химия зауытының айналасында радиусы 2 

км жерде күкіртсутектің иісі болмашы ғана сезіледі. Тікұшақпен алынған 

ауа анализі,газ 2 км биіктікке таралғанын көрсетті. Осы аймақтағы ауадағы 

күкіртсутектің концентрациясы 1/20 КМШ , бұл 0,01 мл/л. Егер күкіртсутекті 

толық жинап алатын болсақ, одан қанша күкірт қышқылын алуға болады.?

2. Күкіртті газбен ластанған  100 л ауаны  натрий гидроксиді арқылы 

өткізіп, оған иодты, түссіз түске боялғанша  қосты. Алынған қоспаға барий 

хлоридін артық мөлшерде құйды. Түскен тұнбаны сүзіп және  кептірілді. 

Оның массасы 7 мг. Ауаның  тазалығы санитарлық нормаға сәйкес келеді 

ме , егер күкіртті газдың КМШ  = 0,01 мг/л ? 

Қорытындылай келе, оқушылардың орындаған есептерін сараптау  нәтижесінде 

экологиялық білім, тәрбие, қоршаған ортаны қорғау бойынша оқушылардың ұғымы, 

ой- өрісі қалыптастыру жолында біздің ұсынған экологиялық мазмұнды есептерді 

жүйелі түрде шығару әдістемемесі тиімді екенін дәлелдейді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Нұғыманов Н.Н., Орынбеков С. Экологиялық білім берудің 

педагогикалық негізі. // Қазақстан мектебі. - №6, 1996. – 50-53 б.

2.Ә.Е.Темірболатова Химия 8. Есептер мен жаттығулар жинағы. // 

Мектеп, 2004. – 62 б

3. Шалгымбаев С.Т., Айтбаев М.К. Климаттың өзгеруіне адамның химиялық 



шаруашылығының әсері. - Алматы. Қазақ университеті, 2005. – 18-22 б.

Резюме

Экологическое образование осуществляется в рамках предметной 

системы обучения. С целью формирования у школьников  экологических 

знаний при обучении химии предлагается  разновидность решения 

химических задач. 

Resume

Ecological education realize in frame of subject studying system. The 

forming of aims the ecological knowledge by pupils in learning .  Chemistry 

propose variety solution chemistry tasks.




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал