Жаратушы жан-алла



Pdf көрінісі
бет15/21
Дата31.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#64222
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Ясауи хикметтері

ЛӘМӘКАНДА САБАҚ АЛДЫМ 
Жүрек көзін аша алмасам тағат қылып, 
Хақ дәргейі мақұл көрмес, білдім мән-а. 
Хақиқаттың пәк сөзімен таң аттырып, 
Ләмәканда* Хақтан сабақ алдым мән-а. 
Бір уа Барым сабақ берді ашып перде, 
Жер мен көктен шайтан безді, қашып көрге. 
Сайран құрдым, – 
шарап ішіп ғашық-пенде, 
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а. 
Дидар-талап пендеге жан аямаған 


Мақшар күні тақ пенен бақ даяр оған. 
Ғашыққа Алла нұр-құшағын жаяды әмән, 
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а. 
Қанды жасын төгіп көздің, жад етпедім, 
Жүз мың түрлі мехнат арттың, дат етпедім. 
Сенен қорқып қаста көңілім шат етпедім, 
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а. 
Алла дертін сатып бермес, – сатып алсаң, 
Пірмұғанның қызыметінен қапы қалсаң. 
Хақ жолына кірдің, – 
құлдың сафы болсаң, 
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а. 
Ғашық патша, ғашық пақыр қайтпас жолдан
Хақтан ғана пәрмен алар, – 
айтпас жалған. 
Дүние қумас, – 
Құдайымен шарттасқаннан, 
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а. 
Құл Қожа Ахмет, жеті жаста білдім сабақ, 
Сегізімде жалғаншымен тындым, – талақ. 
Тоғызымда Құдайымды қылдым талап, 
Ләмәканда Хақтан сабақ алдым мән-а. 
 
ҒАШЫҚТАРҒА УАҒДА ҚЫЛДЫ ДИДАРЫН – ХАҚ 
«Фа азкуру уа Аллаһу касиран» – иманым хақ! – 
Зікір айтып, зар еңіреп жүрдім мән-а. 
Ғашықтарға уағда қылды дидарын – Хақ, 
Ғашық жолда жанды байлап жүрдім мән-а. 
Шын ғашықты сүйіп Аллам жолды аршыды, ал, 
Аллам сүйсе, жарты жолда қалман сыңар. 
«Дидарымды көрмес, – деді, – жалғаншылар», – 
Ғашық сында бекем болып тұрдым мән-а. 


Ақылға ерсең, көрстаннан хабар білгін, 
Соңғы сағат маған да кеп соғар бір күн. 
«Маута қабла ән тамутаға»
*
амал қылғын, 
Бұл хадистен пікір етіп білдім мән-а. 
Хабар берер: «Файадхаку қалилан»
*

– деп, 
Айтар және: «Уа лиабку касиран»
*

– деп. 
Бұл аяттың мағынасын аш, илан, деп, 
Бұл дүнияда еш күлместен тындым мән-а. 
Пәмсіз күлер, алып қашып бойын сыннан, 
Қайғы шегер Хақ әмірге мойынсұнған, – 
Жанарлары жастан кеппей уайым қылған, 
Көз жасымды дария қылып тұндым мән-а. 
Нәпсісі өлген шын ғашықтар «Алла» деді, 
Сахар тұрып, шар зарб ұрып зарлап еді. 
Ондай құлға Алла назар салған еді, 
Сонда жарды дария болып ұрдым мән-а. 
Ырық бермей отқа салды залым нәпсім, 
Тұла бойым бара жатыр жалындап шын. 
Мүшіріктен иман ұрлап лағын жатсын, – 
«Ағузы биллаһи бисмилла» – деп жүрдім мән-а. 
Мұнафықтар күйіп-жанар тозақтағы, 
Иман тапқан жолығады ғажапқа әлі. 
Имансыздың тартар мәңгі азап тәні, 
Барлығына иман тілеп жүрдім мән-а. 
Нәпсім билеп, арбағанда есімді анық, 
Пірмұғанға қарай қаштым басымды алып… 
Құл Қожа Ахмет, қақпаны ашып, есік жауып, 
Ұшқан құстай Ләмәканға кірдім мән-а. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет