Жаратушы жан-алла



Pdf көрінісі
бет9/21
Дата31.01.2023
өлшемі0,5 Mb.
#64222
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Ясауи хикметтері

Сын сағат 
Қара күн ғой сын сағатта бұл фәниден сапар қылсаң, 
Болмас, тіпті, шаңырағыңнан бір тамшы су татар мұршаң. 
Ажал сенің қарамайды жердегі әмір-құдіретіңе, 
Үкіміңмен бар ғаламға астаң-кестең қаһар қылсаң. 
Барлық жанға Хақ бұйрығы – шын өлімнен шәрбат ішу, 
Қашып одан құтылмайсың – ой, қиялды қатар қусаң. 
Қабірстан жаққа барып өлілерден ғибрат ал, 
Сол жарасар: тәнді – кәуап, жан жарасын зәһар қылсаң. 
Тірлік – жалған әрқашанда, тек ізгілік жолдас саған, 
Қиямет үшін жігерді – құм, жүрегіңді баһар қылсаң. 
Хақ бұйрығын тұтқан ғана Хақтың сүйген құлы болар, 
Уәлиге айналасың ғибадаттан шаһар құрсаң. 
Малың-мүлкің пана болмас, 
кімді көрдің ажал алмас, 
Қара жерге бір кіресің – қанша айламен сақал қырсаң. 
Құл Қожа Ахмет, кір күнәмен қылма зая өміріңді, 
Жаратқанның жанабына ылайықсың саһар тұрсаң. 
Пейіш пен Тозақтың айтысы 
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар, 
Тозақ айтар: 
мен артық, менде Перғауын, Һаман бар. 
Пейіш айтар: 
білмейсің, сенде қандай талғам бар?! – 
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар. 
Тозақ айтар: 
мен артық, дүниепарас көп құл жүр, 
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр. 


Пейіш айтар: 
мен артық, мен – пайғамбар мекені, 
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері. 
Тозақ айтар: 
мен артық, менде жөйіт, тарса бар, 
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар. 
Пейіш айтар: 
мен артық, менде иманды құлдар бар, 
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар. 
Тозақ айтар: 
мен артық, залым құлдар бар менде, 
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде. 
Пейіш айтар: 
мен артық, ғалым құлдар – төрімде, 
Аят, хадис, құран бар ғалымдардың көңілінде. 
Тозақ айтар: 
мен артық, алаяқ бар – қойынымда, 
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойынында. 
Пейіш айтар: 
мен артық, менде – хақ жол тұтқандар, 
Сопылардың көңілінде зікір, пікір, Сұбхан бар. 
Тозақ айтар: 
мен артық, бейнамазды аяр бар, 
Бейнамаздың мойынында жылан менен шаян бар. 
Пейіш айтар: 
мен артық, менде – Дидар-Мұратың, 
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман-Рахым. 
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал, 
Құл Қожа Ахмет, не білдің? – 
Білдіруші Алла бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет