Жаратушы жан-алла



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата17.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#75159
  1   2


ЖАРАТУШЫ ЖАН-АЛЛА
Жаратушы – Жан-АЛЛА,
Жарылқаушым ғаламда.
Мейіріңнен дəметем
Кірпігімді жабарда.
Əзірейіл төнгенде,
Қарқараға келгенде
Не қылармын, Құдай-ай!?
Жан тапсыру уайымын,
Əзəзілдің ойынын –
Сенен жəрдем болмаса
Не қылармын, Құдай-ай!?
Оңайлықпен жанды ал да
Сапарымды оңда, АЛЛА!
Жан кеудеден самғарда,
Тəнім жерде қалғанда,
Табытқа əкеп салғанда
Не қылармын, Құдай-ай!?
Түстім талай аранға,
Баттым талай харамға,
Бола ала алам ба панаңда,
Жаратушы – Жан-АЛЛА,
Жарылқаушым, ғаламда?
Кеудеге тас басылып,
Жерге мəңгі жасырып,
Жыйылған жұрт асығып
Жеті қадам ұзарда,
Мүңкір-Нəңкір сұрарда
Не қылармын, Құдай-ай!?
Рухты Тəн қарсылап,
Қылған күнəм жаншылап;
«Раббың кім?» – деп періште,
Қысқан кезде сан сұрақ –
Не қылармын, Құдай-ай!?
Құл Қожа Ахмет, мақтанба
Нəпсі-кірге батқанға! –
Мақшар Таңы атқанда
Не қылармын, Құдай-ай.
УА, ЖАРАТҚАН
Уа, жаратқан!
Хақ есігін аш алыстан,
Мен бір жемтік, жеді нəпсім – аш арыстан.
Күнəм шексіз, бақытсыздық батпағынан
Шығара гөр мен бейбақты қасарысқан.
Дүние – нəпсі, соны іздеген соры қалың
Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім?
Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым,
Қайда барам, ей, достарым, не қыламын?
Нəпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған,
Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған.
Пендең сорлы – танымаған оң мен солды,
Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам.
Десе сенбе: менен де өткен болды əлемет,
Қылығыммен салып біттім елге де əлек.
Жүзім – қара, басып өткен ізім қара,
Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!
Əзіз жанның жақсылығын танымадым,
Қайтіп онда жан сырына бағынамын?!
Бас ұрмады дəргейіңе масыл, залым,
Иə, Раббым, енді, міне, зары қалың.
Күнəм – ауыр, не бетім бар Досқа қарар? –
Сансыз тəубе жеңілдетпес масқара бар.
Құл Қожа Ахмет жылап келді, ал панаңа,
Назарың сал, жерім бар ма басқа барар?!
ПƏРУАРДИГАР
Ғашықтық жол саған бастар, Бір жəне Бар,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Қолым жайып дұға қылам, Ием Жаббар,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Ғашықтық – от. Басылмайды жанның шөлі,
Ғашықтыққа бөгет емес таудың селі.
Ғашық болмай танымаспын, Мəулім*, Сені,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Ғашық жыры сыймас Достың сарайына,
Жүмілə ғашық жылап барар пəнəйына.
Жеті тозақ төзбес ғашық арайына,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Шын ғашықты көрсет маған, сағынды жан,
Ара кессе – Зəкəриядай тəлім қылам.
Бəле келсе – Аюб құсап сабыр қылам,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Ғашық дертін талап еттім – дəрмені жоқ,
Осы жолда жан бергеннің арманы жоқ.
Жан бермеуден басқа жолдың қалғаны жоқ,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Ғашық қылдың, қайдан табам, амалым жоқ,
Зікір етем тек өзіңді – таярым жоқ.
Дəргейіңнен басқа жерге барарым жоқ,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Ғашық базары – ұлық базар, сауда харам,
Ғашықтарға жалғағай тек – тəуба-тобам.


Дүние – харам. Тек өзіңнен сауға табам,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Ғашықтықты уағыз қылып жүре алмадым,
Нəпсім жеңіп, əміріңді қыла алмадым.
Надандықпен Хақ əмірін біле алмадым,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.
Құл Қожа Ахмет, бұл бір дерт қой дуа қонбас,
Боянсаң да жүзіңізді қуалар жас.
Көз жасыңнан бөтен ешкім куə болмас,
Не қылсаң да ғашық қылшы, Пəруардигар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет