2. “ Фотометрия элементтері.Жарық шамалары, жарық бірліктері” “Жарық шамалары, жарық бірліктері” Жарық толқыны энергия тасымалдайды. Əртүрлі оптикалық зерттеулерді жүргізгенде жарық энергиясын жəне онымен байланысты шамаларды өлшеу қажет болады. Оптикалық аумаққа жататын электромагниттік толқындардың тасымалдайтын энергиясын өлшеулермен шұғылданатын оптика бөлімі фотометрия деп аталады.
Фотометриялық шамалар. Бұлар энергетикалық шамаларға ұқсас, бірақ негізгі шама ретінде жарық күші алынады. Жарық күшінің бірлігі-кандела қара сəуле шығарғыш көмегімен анықталады; қара сəуле шығарғыш платинаның қату температурасы жағдайында істейтін негізгі эталон ретінде қабылданған. Бұл эталон 1967 ж. өлшемдер жəне таразылар бойынша ХIII Бас конференция шешімімен бекітілген. Ол төмен жағы жабық диаметрі ~2 мм жəне ұзындығы 40 мм керамика түтікшеден тұрады. Бұл түтікше балқыту үшін таза платинамен толтырылған тигельде орналастырылған. Салқындатқан кезде платина қатаяды жəне оның температурасы орнығады жəне 2045 К мəнінде сақталады. Басқа жарық көзінен шыққан жарық күші, оның жəне эталонның жасайтын жарықталуларын салыстырудан анықталады.
1.Жарық энергиясы. Жарық ағыны. Жарық толқындары тасымалдайтын энергия жарық энергиясы немесе сәулелік энергия (W) деп аталады. Егер жарық таралған кеңістікте кішкене ауданша бар болса, одан үздіксіз сәулелік энергия ағып ӛтіп жатады. Берілген ауданнан уақыт бірлігі ішінде ӛтетін сондай энергия мӛлшері сәулелік энергия ағыны (Фэ) деп аталады; оны қуат ӛлшеу бірлігімен мысалы, Вт- пен ӛлшеуге болады. Сәулелік энергия ағынының кӛзге әсер етіп, кӛру сезімін туғызатын бӛлігі жарық ағыны (Ф) деп аталады. Электромагниттік толқындардың бәрі бірдей кӛру сезімін оята бермейді, тек толқын ұзындықтары, шамамен, 0,4 мкм-ден 0,76 мкм-ге немесе 400 нм-ден 760 нм-ге дейін түсті сәулелер ғана кӛру сезімін тудырады. Оның ӛзінде де адамның кӛзінің түрліше түсті сәулелерді сезу дәрежесі бірдей емес. Кӛз толқынының ұзындығы 555 нм-ге тең жасыл сәулені ӛте сезгіш-ақ, оған жапсарлас қысқа және ұзын толқынды түсті сәулелерді кӛз одан гӛрі нашарлау сезеді. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер, тіпті, кӛрерлік сезім туғызбайды, оларды кӛз кӛрмейді. Сӛйтіп кӛздің түрлі түсті сәулелерді сезгіштігі сәуленің толқын ұзындығына тәуелді. Сонымен қабат әр адамның кӛзін бір түсті сәулені сезгіштігі әр түрлі болады. Сондықтан практикада кӛздің «орташа» жарық сезгіштігі деген ұғым пайда болады. Орташа сезгіштік ӛзінің ақауы жоқ кӛптеген кісілердің кӛруін зерттеу арқылы тағайындалады. Адам кӛзінің толқынының ұзындықтары ӛр түрлі жарық сәулелерін―орташа‖салыстырма сезгіштігін сипаттайтын шама кӛріну функциясы ( ) деп аталады. Бұл функцияның сан мәні түсті түрлі сәулелер үшін әр түрлі болады. Адамның кӛзі ӛте жақсы сезетін толқын ұзындығы 555 нм-ге тең жасыл сәулеге тән кӛріну функциясы =1 деп саналады, сонда басқа түсті сәулелерге тән мәндері бірден кем ( <1) болады. Мұндағы 1 мен 2 - спектрдің екі шетіне сәйкес жарық толқын ұзындықтары.