«Еңбек Қызыл Ту» мен «Құрмет белгісі» ордендері мен көптеген медальдардың
өркендетуге лайықты үлесін қосқан Шәріп Омарұлының өмірбаяны мен еңбек
тағзым жасап, оны естеріне түсірген жерлестерінің бұл игілікті шарасы-көпшіліктің
әрекеттерін қояр емес.
ды.
сырмалар жүктелді.
4
«Жаркент өңірі»
№ 44 (8835)
28 қазан 2016 жыл
ТАРИХЫ ТҰНҒАН ТАҒЫЛЫМ
БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ
60 жыл
ПАРАСАТ
ПЕН
ІЗГІЛІКТІҢ МЕКЕНІНЕ
Аудан орталығы Жаркент қаласында
осыдан 60 жыл бұрын ашылған №6 орта мек-
теп-интернаты көп ұлтқа құтты мекен болып
отырған осынау жазиралы өңірде, оқу тәрбие
жұмыстарын ұлттық ерекшеліктерге сәйкес
құра білетін, білім мен тәрбиенің жаңа әдіс-
тәсілдерін заман сұранысына сай қолданып,
дамытушы білім ордаларының бірі емес,
бірегейі десек қателеспейміз. Іргетасы өткен
ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтсақ
1956 жылы қаланып Сергей Степанович По-
туданский басшылық жасаған . Одан кейін
мектеп басшылығы қызметін Григорин, әкелі-
балалы Леонид Васильевич Лян мен Анато-
лий Леонидович Лян, Тұрсын Ибраймжанұлы
Қожахметов, Советхан Ошақбайұлы Абишев,
кейіннен Светлана Токушқызы Смагуло-
ва, Есмұхамед Меденов, Жексен Баратұлы
Арымбеков, Тұрдәлі Қайназарұлы Өмірбаев
сынды азаматтар абыроймен атқарды. Сол
ашылған 1956 жылы 222 тәрбиеленуші
жас
жеткінщектер
облысымыздың,
ауданымыздың
түкпір-түкпірінен
келіп
білім алды, мектепте 12 сынып толықтай
жабдықталып, 6 тәрбиеші жұмыс жасады.
Мектептің өткен тарихына аздап
шолу жасаcақ, өткен ғасырдың 70-90 жылда-
ры бұл оқу ордасының даңқы Одаққа таны-
мал білім ордасы болғандығын айғақтайды.
Оған 1977жылы Қаз КСР-ның Білім министрі
С. Балахметовтың, 1987 жылы Қазақстан
Коммунистік партиясының республикалық
семинарының өткізілуі және 1988 жылғы
ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
Муқашевтің, облыстың бірінші хатшысы
Ануфриевтердің келуі мектеп мәртебесінің
Одақтық деңгейдегі дәрежесінің көрсеткіші
іспетті. Сол жылдары мектеп директоры
қызметін атқарған Анатолий Леонидович
Лянның да еңбегі мемлекет тарапынан
«КСРО Білім министрлігінің, облыстық, Алма-
ты қаласы әкімінің» құрмет грамоталарымен,
«Қазақ КСР-ң оқу-ағарту ісінің үздігі» атағын
алуымен лайықты бағаланғанын байқаймыз.
«Өркениетке апарар жолдың бірі мектеп»
- деген тәмсілді арқау ете отырып, осы оқу
ордасының өткеніне көз жүгіртсек, аталмыш
№6 орта мектеп- интернаты осынау 60 жыл
ішінде үлкен өмір жолынан өтіп заман тала-
бына сай, кемелдеген білім ордасына айнал-
ды. Мәселен, 1956 жылдан 2016 жылға дейінгі
аралықта 1854 оқушы орта білімді аяқтап,
аттестат алып үлкен өмірге түлеп ұшты.
Мектептің кемелдену жолына білімді, пара-
сатты басшылармен бірге ұлағатты ұстаздар
өлшеусіз еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа ерен
еңбектің үлгісі мен өшпес өнеге қалдырды.
Бас-аяғы 60 жыл ішінде 10 директор, 20-
дан астам оқу ісінің меңгерушілері жұмыс
жасап көптің құрметіне бөленді. Айтулы мек-
теп тарихындағы тағы бір елеулі оқиға – Ұлы
Отан соғысының ардагері Данил Евграфович
Важниннің бастамасымен 1961 жылы қолға
алынып 1964 жылы толықтай жинақталып
ашылған «Тарихи-өлкетану мұражайының»
іске қосылуы. Мұражай кеңейтіліп 1970 жылы
арнайы бір сынып бөлмесіне орналастырыл-
са, 1978 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан
бойынша Панфилов қаласындағы №1 «Мек-
теп мұражайы» дәрежесінің берілгендігі тура-
лы күәлік тапсырылған екен, кейін 1983 жылы
27 сәуірде ҚазКСР-ғы №247 ең «Үздік мектеп
мұражайы» дәрежесін айғақтайтындығы ту-
ралы күәлік берілген. Белгісіз себептермен
біраз жыл тоқтап қалған мұражай жұмысы,
2008 жылы мектеп директорының баста-
масымен қайта жанданып, Д.Е.Важниннің
шәкірттерінің,
мектеп
ұстаздарының
және
ата-аналардың
көмегімен
мұражай
экспонаттары
жаңартылып,
реттеліп, бастапқы қалпына келтірілді.
Халық аузында «Мектеп дарынды
шәкірттерімен әйгілі»- деген, жақсы сөз бар.
Соған орай 60 жыл тарихы бар білім ордасын
әр жылдары тәмәмдап, бірі Отан қорғауда
ерлігімен көзге түссе, енді бірқатары бейбіт
өмірде өз ісінің маманы аталып ауданымыз-
да талмай, қажымай еңбек етуде, және де
ел құрметіне бөленіп өнер мен спорттың биік
шыңдарын бағындырып жүрген дарынды да
талантты түлектері баршылық. Мәселен, осы
мектептің түлегі, Кеңес әскері қатарында жүріп
Ауғанстанда өзінің интернационалдық боры-
шын өтеу кезінде өшпес ерлік көрсетіп қаза
тапқан (1988ж.)«Қызыл жұлдыз» орденінің
иегері- Көншібаев Ербосын Нұрмұхаметұлы,
спорттық додада топ жарған Азкенов Ж.Б.
Азия жеңімпазы, грек-рим күресінен ҚР-ның
бірнеше дүркін жеңімпазы, Рамазанов Е.Б.
грек-рим күресінің спорт шебері атағын алған,
сондай-ақ, кезінде қаламыздағы ГПТУ-нің
директоры, қала әкімі қызметтерін абырой-
мен атқарып, қазірде қаламыздағы іргелі
оқу ошағының бірі Жамбыл атындағы орта
мектептің директоры- Ризайдин Сейітұлы Ай-
саев және комсомол, партия басшылығында
жұмыс жасап, аудан әкімінің орынбасары,
Кербұлақ ауданының әкімі болған, іскер басшы,
тәжірибелі маман- Азат Нұрахметұлы Абыка-
римов т. б. азаматтарымыз халыққа танымал.
Олар өмірдің әр саласында еңбек етіп, айна-
ласына үлгі болып, ел мақтанышына айналған
жандар. Қайталанбас өзіндік қолтаңбасы
қалыптасқан ауданымыздағы іргелі білім
ошағын №6 орта мектеп-интернатының
ұжымын 2006 жылдың қазан айынан бергі
уақытты Айтжамал Шағманқызы Кобелекова
басқарып келеді. Мектепте 10 пән бірлестігі
жұмыс жасайды. Ұстаздар қауымының
сапалық құрамына тоқталсақ, жалпы саны
88 барлығы жоғары білімді, жоғары санатты
ұстаздар саны 8, бірінші санаттысы 35, қалған
бөлігі екінші және жалпы санатты құрайды.
Мектепте ұзын саны-981 бала екі ауысымда,
екі тілде заман талабына сай білім алуда. 42
сынып комплектісі бар. Жалпы мектеп бой-
ынша 14 мұғалім «Өрлеу» біліктілікті артты-
ру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының
филиалы «Алматы облысы бойынша педагог
қызметкерлер біліктілігін арттыру иституты»
орталығынан «Кэмбридж тәсілі бойынша » білім
берудің түрлі деңгейлік курстарынан өткен.
Биылғы оқу жылында мектеп
жанындағы интернатта жалпы саны 75
оқушы тәрбиеленуде. Интернатта көбінесе
малшылардың, көп балалы жанұялардың және
сәтсіз жанұя, жартылай жетім мен мектебі жоқ
шалғай аудандардың балалары қабылданған.
Олардың жайлы, жарық бөлмелерге орнала-
стырылуы, 4 уақыт тамақтандырылуы және
оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар, уақтылы
тынығуын қамтамасыз ету жағдайымен
жоғары білімді 3 тәрбиеші айналысады. Және
мектеп жанындағы интернатта күзгі, қысқы,
көктемгі каникул күндерінде аудандық білім
бөлімінің ұйымдастыруымен басқа мектеп
оқушыларынан топтар жасақтап ҰБТ-ке дай-
ындау мен түрлі демалыстық іс-шараларды
өткізіп тұрады. Мектепті алтын белгіге бітірген
оқушылар: Көбелеков Қуат, Каримжан Назира.
Білім саласының тәжірибелі маманы іскер
Айтжамал Шағманқызының ұйымдастыруымен
жұдырықтай жұмылған ұжым мүшелері «Білім
заңы» стандарттарын басшылыққа ала оты-
рып тиянақты да жүйелі білім беру, дарын-
ды оқушылардың білімін шыңдап жетілдіру
арқылы, ұлтына, Отанына адал қызмет
ететін, жоғары мәдениетті, елжанды азамат
тәрбиелеуді өздерінің басты міндеті санайды.
2015-2016
оқу
жы-
лында мектеп бойынша 10 пән бірлестігі,
жас мұғалімдер тобы және дарынды ба-
лалармен жұмыс арнайы жоспар бойынша
жүйеленіп, реттелген. 2015 жылдың қазан
айында мұғалімдерге әдістемелік көмек
беру, кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
акционерлік қоғамының филиалы «Алматы об-
лысы бойынша педагог қызметкерлер біліктілігін
арттыру иституты» мен аудандық білім бөлімінің
ұйымдастыруымен аудан көлемінде семи-
нар өткізілді. Республикалық « Жылдың үздік
мұғалімі» жобасына қатысып озық іс-тәжірибе
ұсынып өз шеберлігі мен біліктілігін танытқаны
үшін география пәнінің мұғалімі Н.Ибраева
«Жылдың
үздік
мұғалімі»
медальімен,
Талдықорған қаласындағы Ө.Жолдасбеков
атындағы академияда өткен І Халықаралық
ғылыми - практикалық конференцияға қатысып
өз баяндамасын ұсынып, қорғағаны үшін тарих
пәнінің мұғалімі Қ.Ибрайымжанов ІІІ дәрежелі
дипломмен және академик Ө.Жолдасбековтың
мерейтойлық төсбелгісімен, «Өрлеу» білім
жетілдіру институтындағы семинарда үздік
шығып, білім беру ісіндегі айрықша еңбегі
үшін информатика пәні мұғалімі М.Манапова
«Ұлағатты ұстаз» медальімен, оқушылары
Облыстық ғылыми жобалар байқауында, КҒА
жүлделі орындарды алғаны үшін қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Сарсенбаева
«Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.
Облыстық білім басқармасы мектеп-ин-
тернаттар, арасында ұйымдастырған «Үздік
тәрбиеші» байқауында тәрбиеші Қожақанова
Ж. арнайы «Алғыс хатпен» интернат арқылы
өткізілген «Умната» байқауында орыс тілі
мұғалімі Г.Иманғалиева лауреат дипломы-
мен, ал А.Далабаева ІІІ орын дипломымен,
аудандық «Жыл мұғалімі-2016» конкурсында
география пәнінің мұғалімі Е.Тұрабов І орынды
және «Үздік педагог» байқауында технология
пәнінің мұғалімі М.Бектасова ІІ орын, «Үздік
бастауыш сынып» байқауында З.Сұлтанова
ІІІ орынды иеленіп аудандық білім бөлімінің
құрмет грамотасымен мадақталды. Бұл мек-
теп ұстаздарының барлық байқауларға бір
кісідей атсалысып, талапқа сай жан-жақты
дайындықпен қатынасатындығының дәлелі.
Сондай- ақ, Халықаралық додаларда
оза шауып бәйге алып жүрген шәкірттеріміз
жетерлік. Олардың қатарында- Ойша есеп-
теу арифметикасы бойынша Республикалық
олимпиадада І орынды жеңіп алған Бек-
дайыр Нұрлыбек 2016 жылдың желтоқсан
айында болатын Дубайдағы Халықаралық
олимпиадаға жолдама алды, жетекшісі: Р.
Құстаева, Бекмұхан Нұргелді болса физика-
дан Халықаралық жобаға қатысып жүлделі
ІІ орынды иеленді, жетекшісі: Бохбай Н, және
Алибекова Әдемі Облыстық пән олимпиа-
дасында ІІІ орынға тұрақтап, Халықаралық
ғылыми жобада да ІІІ орынды жеңіп алды,
жетекшісі:
А.Рахымбаева.Мектебімізде
өлкетану бағытындағы жұмыстарды жүргізу
жақсы жолға қойылған, себебі, оның бастауы
жылдар бойы жалғасып келе жатқан «Өлкетану
мұражайының» тарихымен тығыз байланысты.
Бұл бағытта да оқушыларымыз-Бекмырза
М. «Асылақын-айтыскер ақын»атты, келесі
бір шәкіртіміз –Қожаева А. «Өсек өзені
бойындағы туризмді дамыту»тақырыбында
Республикалық КҒА жобалар жарысын-
да жүлделі І орынды иеленіп абройымыз-
ды тасытты, жетекшілері: Г. Сарсенбае-
ва, Н.Ибраева. Республикалық интернет
олимпиадаға қатысқан 2 сынып оқушылары:
Г.Әусадық,
Ж.Нұрғали,
М.Санақбай,
Г.Тоқсанбек, М.Усекбай қазақ тілі бойынша
жеңімпаз атанып І дәрежелі дипломды ие-
ленсе, ұстазы А.Джумашова «Дипломмен»
арнайы «Алғыс хатпен» ұлықталды. Тағы
бір бастауыш сынып мұғалімі Г.Айсаева
«Безопасный мир», «Кругозор» жобасын-
да 2 «В» сыныбын толық қатыстырып,
6 оқушысы І дәрежелі, 4 оқушысы ІІ
дәрежелі, 9 оқушысы ІІІ дәрежелі диплом-
мен марапатталып, жетекші мұғалімге
«Алтын алғыс хат» берілді. Жоғары сынып
оқушылары да Халықаралық, аудандық
КҒА, Республикалық интернет жобаларға
қатысып жүлделі жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтар болсақ – «Бейбітщілік Әлемі»
халықаралық Қазақ Творчествалық бірлестігі
ұйымдастырған «Мәңгілік Ел, Қазақстаным»
атты ғылыми-теориялық конференцияға
7 оқушы қатысты: олар 9а сыныбынан
А.Шакирова І дәрежелі, 8ә сыныбынан
М.Санақбай ІІ дәрежелі, 9а сынып А.Қалиев
ІІ дәрежелі, 6ә сынып оқушысы Ә.Солтанбек
ІІІ дәрежелі, 9а сыныбынан А.Моданова да ІІІ
дәрежелі дипломдарды жеңіп алып жүлдегер
атанды. Жетекші ұстаздары - М.Ильгедаева,
Н.Ибраева, Қ.Ибрайымжанов, Ж.Шаукеева,
А.Жолдасова, А.Кончибаева, Б.Бакетовалар.
Облыстық «Дарын» байқауында 9а
сынып оқушысы А,Іргебаева математика
пәні бойынша жүлделі ІІІ орын, ал Бекмырза
Мөлдір ІІІ орын алып, грамотомен облыстық
КҒА-ның «Алғыс хатымен» марапатталды.
Жетекшілері: Б.Бакетова, Г. Сарсенбаева.
Республикалық «Ғұмырдария» байқауында
Нұрқасымова Динара мен Абдраманова
Айгерім жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Жетекшілері: Г. Сарсенбаева, А.Әлімхан.
Аудандық КҒА жобалар жарысында мек-
теп оқушылары Е.Елеусіз, И.Шакирова,
І.Еркін ғылыми жобаларын сәтті қорған
жеңімпаз болды. Жетекші ұстаздары
Ж.Құдайбергенова мен А.Кончибаева.
Республикалық және Халықаралық мара-
фондар: «Ақботаға» - 16 оқушы, «Русский
медвежонокқа» - 52, «Золотая Руноға» - 18,
«Кенгуру лингвистке» - 14, «кенгуру матема-
тика – 36, «Адам және табиғатқа» - 48, «Пони-
ге» - 15, оқушы қатынасып, жүлделі орындар-
ды иеленіп жеңістің биік тұғырынан көрінді.
Және де мектепішілік «Абай», «Ілияс»,
«Махамбет» оқулары мен «Жамбыл-ай-
тыскер ақын», «Жыршылар» байқаулары
өткізіліп жеңіп шыққан оқушылар аудандық,
облыстық байқауларға жолдама алды.
Оқушылар арасында «Салауатты
өмір салтын» дәріптеуде түрлі спорттық
секциялардың алатын орны ерекше. Бұл
салада да біршама жетістіктері баршылық.
Атап айтсақ: Республикалық «Мектеп-
тер лигасы» атты спартакиаданың аудан
көлеміндегі көрсеткіші бойынша волейбол-
дан 5-8 сыныптың қыздар командасы -2
орын, баскетболдан 9-11 сынып қыздар
командасы да - 2 орын, ал 5-11 ұлдыр ко-
мандасы -3 орынды иеленсе, футболдан
ұлдар арасында 7-8 сыныптар - 1 орын, 5-6
сыныптар -2 орын иеленіп жеңіс тұғырына
көтерілді. Жаттықтырушылары дене
тәрбиесі пәнінің мұғалімдері: А. Есенов,
Қ.Тұрсынбаев. Тағы бір жағымды жаңалық
– велосипед спортынан қыздар арасындағы
Астана қаласында өткен Қазақстанның
Республикалық чемпионатында Утебаева
Диана жүлделі ІІІ орынды иеленіп, вело-
спорттан Қазақстан құрама командасының
мүшелігіне қабылдануы бәрімізді қуанышқа
бөлеп, мәртебемізді бір көтеріп тастады.
Ендігі кезекте мектеп өміріндегі тыным-
сыз еңбектің бел отасында жүрген ұстаздар
қауымының жетістіктері туралы айтсақ -
физика және информатика пәнінің мұғалімі
А. Рахымбаеваның Республикалық «Ин-
теллектуал-2050» қорының демеушілігімен
Швейцарияның астанасы Женева қаласында
орналасқан «Европадағы ядролық зерттеу
орталығында» (ЦЕРН) болатын, шетелдік
Франция және Швейцария ғалымдары дәріс
беретін арнайы курсқа бару жолдамасын
жеңіп алғандығын қуана хабарлаймыз
(Қазақстан бойынша 2-ақ жолдама), тағы бір
тоқтала кететін жағдай 2016 жылы орыс тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Г. Заводен-
ко Талдықорған қаласындағы Назарбаев
зияткерлік мектебі жанындағы, «Мұғалімдер
шеберлігін шыңдау орталығынан» арнайы
курстан өтіп, мектепішілік тренер серти-
фикатын алуы болса, Облыстық «Тарихқа
тағзым» атты Қазақстан Республикасы
тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланы-
сты «Көркемсөз» байқауында Өнербай Т.
белсенділігімен топ жарып арнайы грамо-
тамен марапатталды, ал, тәжірибелі ұстаз
Р.Құстаеваның «Ұжымдық оқыту техноло-
гиясын пайдалана отырып оқушылардың
білім сапасын арттыру» атты әдістемелік
құралының (кітапша) да жарыққа
шығып таратылуы, мектеп ұстаздары
үшін
үлкен
жетістік-деп,
есептейміз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың:
«Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарт-
тар деңгейінде сапалы білім беру қызметін
басқаруға қол жеткізуіміз керек» -деген сөзі,
мектеп ұстаздарына үлкен жауапкершілік
жүктейтінін айқын сезінеміз. Және де ме-
рейтой қарсаңында облыс әкімі А.Баталов
мен аудан әкімі Б.Абдулдаев мырзалардың
қолдауымен мектебіміз күрделі жөндеуден
өтіп, заман талабына сай жаңартылып,
керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз
етілгені барша қауымды бір қуантып та-
стады. Облыс, аудан әкімшілігіне, қол
ұшын берген ер-азаматтарға - ұстаздар
мен ата-аналар қауымы атынан үлкен
алғыс айтамыз! Осынау қиындығы мен
қуанышы мол ұрпақ тәрбиесіндегі парасат-
ты еңбектеріңізге мол табыс тілей отырып,
барлығыңызды мектебіміздің 60 жылдық
, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтой-
ларымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Мәңгілік Ел» ұрпақтарын тәрбиелеуде ру-
хымыз асқақ, алар асуларымыз биік болғай.
Қ. ИБРАЙЫМЖАНОВ ,
№6 орта мектеп
- интернатының
тарих пәнінің мұғалімі
Жаркент қаласындағы 60 жылдық тарихы бар № 6 орта мектеп – интернаты –
ауданымыздағы оқу-тәрбие үрдісін заман талабына сай ұйымдастырған, технологи-
ялары өскелең ұрпаққа лайықты, өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан көп ұлтты білім
ордаларының бірі. Мектебіміз шұрайлы, жазиралы мекен Жаркентте 1956 жылы
500 оқушыға лайықталып ашылған. Бүгінде аталмыш қара шаңыраққа 60 жыл
толып отыр. Іргесі нық бекіген мектептің педагогикалық ұжымын бүгінде аудан,
облыс, республика көлеміне танымал болған «Ұлағатты ұстаз» медалінің иегері,
білім саласында 37 жыл үздіксіз еңбек етіп, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген
ұлағатты ұстаз, ардақты ана Кобелекова Айтжамал Шағманқызы басқаруда.
Мектеп оқушылары мен мұғалімдері өз білімін үнемі жетілдіру мақсатында
заман ағымына ілесуде. Күн тәртібінен түспейтін, ең өзекті мәселелердің бірі
ол- білім сапасы болғандықтан, оқушылар аудандық, облыстық, республикалық
түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Жыл сайын
мектеп бітіруші түлектердің 30-35 пайызы жоғарғы оқу орындарына грант-
пен түсуі- ұстаздардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Тәрбиенің нағыз қайнар
бұлағы мектеп десек, тәрбие жайында ғұлама-ғалым, шығыстың Аристотелі
Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы»,-деген болатын.
Мемлекеттің маңызды мәселесі бала тәрбиесі болғандықтан, мектебімізде
тәрбие жұмыстары да дұрыс жолға қойылған. Мектепте түрлі спорттық іс-
шаралар жиі өткізіліп, салауатты өмір салтын ұстануының арқасында
жас спортшыларымыз түрлі республикалық байқаулардың жеңімпаздары.
Қазіргі ұстаздар қауымы үшін ұлы мақсат-талап, табыс биігінен
көріну, білім заңын басшылыққа ала отарып, білімді, саналы, сауат-
ты ұрпақ тәрбиелеу. Осы жолда маңдай терін төгіп, аянбай еңбек
етіп жүрген ұстаздар легі, үлгі тұтар мақтаныштарымыз өте көп.
Түрлі міндеттерді орындауда мектеп ұжымы бір жағадан бас,
бір жеңнен қол шығара отырып, жұмыла көтерген жүктің жеңіл бо-
латынын сезініп, шығармашылықпен, үлкен ізденіспен жұмыс істеп,
алдағы уақытта да мектеп абыройын асқақтата берері сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: