Жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі



Дата06.10.2023
өлшемі14,39 Kb.
#113173

Жас ерекшелігі психологиясы — психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні — адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. Б. Зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогикалық психологияның пәні — оқыту мен тәрбиелеудің. Психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық психология окыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық процестерінін калыптасуын зерттейді, акыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, окыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуының шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-катынастарын қарастырады. Бұлармен қоса, педагогикалық психология окушыларға жеке-дара қатынас жасауға банланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының біртұтастығы зерттелу объектісі — бала, жеткіншек, жас өспірім — ортақтығымен түсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамнкасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалык психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы — жас ерскшелігі психологиясыныц бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалім психологиясы — педагогикалык психологияның бөлімдері. Оқыту мен даму проблемаларына арналған бөлім педагогикалык және жас ерекшеігі психологиясына теңдей катысты. Педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясы ажырамастай біртұтастық құрайды: баланы оқыту мен тәрбиелеу процесінде карастырады. Сонымен бірге окыту мен тәрбиелеу де өзінен-өзі окыту мен тәрбнелеудің объектісінен, яғни баладан тыс каралуы мүмкін емес. Бұл жағдай педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы проблемаларды баяндау шекарасын шартты ете түседі.
Жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы. Педагогикалык және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жарты-:нна жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалык ой-пікірге көрнекті орыс педагогы Қ. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам — тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес косты. Адамды жан-жакты тәрбиелеуте ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, Л. Д. Ушинский мұғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «…өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың зандарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды колданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар» — деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердін рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттіц маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченов те атап көрсетті.
Бала психикасының даму және оны окыту процесін. Бақылау эмперикалық материалдарының жинақталуы және қорытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама бері оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалык заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, Вундтың түйсік пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. Б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс педагогы әрі психологы П. Ф. Каптеревтің «Педагогикалық психологиясы» (1877), америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет