Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихы



Дата01.03.2022
өлшемі20,22 Kb.
#26774
Байланысты:
1 тапсырма


Жас ерекшелік физиологиясының даму тарихы

Жас ерекшеліктер физиологиясы және гигиена пәні ғылымның екі саласын қамтиды: адам организмінің организмінің жеке мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена ғылымдары. Бұл пәннің негіздері адам мен жануарлар анатомиясы және физиологиясы, жалпы гигена мен медициналық гигиена, биохимия, психология, педагогика, цитология, генетика т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілетін күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.

Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.

Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.

М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады.

Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842 – 1889) басқарды.

А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс - әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы жағдайларын зерттеу»деп есептеді.

1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф. Ф. Эрисман (1842 – 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырады.

1887 жылы Ф. Ф. Эрисманның «Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы» деген еңбегі шықты. Ол К. Маркстың «Капиталының» тікелей әсерімен жазылды.

Мектеп гигиенасы жөніндегі бірінші ғылыми орталық – мектептік-гигиеналық комиссия – Россияда 1875 жылы Әскери – оқу мекемелерінің педагогикалық музейінде пайда болды (С. Е. Советов). Комиссияның жұмысына А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман, П. Ф. Лесгафт және басқа ғалымдар белсене қатысты.

1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері Қоғамының басшысы д. Д. Бекарюков (1861 – 1934) «Мектеп гигиенасының негізгі бастамалары» атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы Д. Д. Бекарюковке «Еңбек Ері» құрметті атағын берді.

Бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербург дәрігерлік – хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді.

Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. Олардың рефлекстер, жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және синтездеу әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық процестер арасындағы диалектикалық өзара байланысты ашып берлі.

Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н. И. Красногорский, В. М. Бехтеров, А. Г. Иванов – Смоленский, Н. И. Касаткин, Н. М. Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И. А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А. А, Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі мүмкін емес.

1972 жылы Белорус ғылыми – зерттеу санитарлық – гигиеналық институты (Бел НИСГИ) ашылды, 1959 жылы оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы құрылып, 1963 жылдан бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі болып қайта құрылды.

Республикада мектептік – гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде зерттеу Ұлы отан соғысынан кейін басталды. 1964 жылы М. Т. Мотюшоноктың «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» кітабы жарыққа шықты, 1970 жылы педагогика училищелері үшін оқулық шығарды, 1975 жылы педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа авторлар Г. Г. Турик және А. А. Крюковамен бірлесіп) шығарды, бұл кітап оның қайта басылуы болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясы және гигиенасы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер берді. Балалар ауруларын алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп, балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми – теориялық деңгейін көтереді.

Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы профессор А.П. Полосухин Алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан Ғылым академиясының қазақ филиалында физиология секторын, 1945 жылы физиология ғылыми-зерттеу институтын ашуға ат салысты. Содан кейін республикамыздың жоғары оқу орындарындағы физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады;

Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи және лабораториялық тәжірибе, функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.

Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады. Бірақ оны лабораториялық және табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса ол бала организміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі «тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды» Дегенмен балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.



Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты табиғи жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтағаннан кейін анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет