“жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары – саналы болмыстың құндылықтары



бет26/27
Дата16.06.2023
өлшемі313,5 Kb.
#101827
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

Адамның ересектік шақ дағдарысында табатын құндылықтары – саналы болмыстың құндылықтары. Кемел жастағы адам оларды өзінің өмір туралы түсініктеріне сәйкес деп мойындап, немесе олардың орнын басатын ретінде дамытып қана қоймай, сонымен қатар, осы құндылықтарды сақтап, олардың иеленушісі болып табылады, оларды өзінің жеке өмірінде іске асырады.

«Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б.Ливехуд, - адам барлық психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы рухани болмысты жаулап алуға немесе жеңуге болатын күштерге айналатын рухани шындықтар әлеміне тап болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын, феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа кездесулерімен жаңа ландшафт ашылады, алайда, олар даму сатысының басында үнемі жағымды ғана бола бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы (қытай мәтелі бойынша, даналыққа жету сатысы) қырқыншы жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста басталады. Бұл орта мәнде әрбір жеке жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ даму орын алады»1.


Кемел шақ кезеңінің басталуы – өте қызу уақыт. Биологиялық тұрғыдан өмірлік күштердің сарқылу уақыты басталады. Әйелдерде, бұдан басқа, репродуктивті кезеңнің анық көрінген аяқталуы осы жылдарға дөп келеді. Өмірлік күштердің сарқылуы дене ұлпаларының инволюциясына негізделеді. Адам денесінің әрбір мүшесінің өз өмір қисығы болады. Кемел жастағы әрбір адам сондай-ақ өз тәжірибесінен өкпе ұлпасының икемділігі азая түсетіндігін біледі; бұл кетіп бара жатқан трамвайдың немесе автобустың соңынан қатты жүгіргеннен кейін адамның, бұрынғымен салыстырғанда, ұзағырақ дем алысын қалпына келтіре алмауынан анық көрінеді. Бүкіл бұлшық еттер де икемділігін жоғалтады; бұл кемел жастағы адамның сол бір жұмыстың өзіне жас кезіндегіге қарағанда көбірек күш-қуат жұмсауына алып келеді. Бұл өзгеріс біртіндеп келеді. Көбінесе бұны ол анық көрінетін белгілі бір жағдайда, кенеттен байқайды. Ең маңызды және ең белгілі өзгеріс – эндокринді бездердің өзгеруі. Еркек пен әйелдің жыныс бездері қызметінде инволюция үдерісі басталады.
Кемел шағында адам өзінің барлық дерлік ішкі сезім күштерінің нағыз басқарушысына айналады; олар енді шындық өмірдің кемелдігін оның барлық өлшемдерінде: іс-әрекеттерде, қатынастарда, дүниеге көзқарасында қалыптастыра отырып, саналы түрде іске асырыла алады. Мәселен, кәсіби шеберлікте хабардарлықты үздіксіз дамыту, мамандануды тереңдету, типтік тапсырмалар мен жағдайларды тез тану орын алады, бұл жадындағыны кеңінен іздестіру қажеттілігін, проблемаларды шешуде жалпылама ойлау дағдыларын барынша азайтады. Жұмыс барысында көбінесе тек өздеріне сенулеріне – көп ойлауларына, ынталылық танытуларына, өздігінен шешімдер қабылдауларына тура келетін кемел жастағы адамдар интеллектуалдық икемділіктің жоғары деңгейін көрсетеді.
Психолог Г.С.Абрамова кемел шақ кезеңінде адамның алдында тұратын, оларды шешу үшін ерекше қабілеттіліктер талап етілетін ерекше өмірлік міндеттерді бөліп көрсетеді. Әйелдің алдында тұрған міндеттер оның өзіне де, сондай-ақ жақындарына да қатысты алынған өмірлік міндеттемелерінің бағалануымен байланысты. Бұған оны көптеген шынайы және күшті әрекет етуші факторлар – өз физиологиялық жағдайының өзгеруі, отбасы құрамының және отбасындағы өз рөлінің өзгеруі (әже, ене), жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізуі итермелейді.
Әйелге күнделікті қам-қарекеттен бас көтеріп, өз өміріне сапалық тұрғыдан басқаша көз салу, өзіне, өзінің қажет екендігіне, өзінің құндылығына деген сенімділігін қайтадан иелену қажет. Осылайша ол өзі үшін өмір сүру өнерін ашып, оған үйрене отырып, үй философына айналады. Кемел шақ кезеңі – әйелдің өз Менінің шекараларын жаңарту есебінен, өз өмірі мағынасының кемелдігіне жету есебінен қоғамда, отбасында, өз көзінде маңызды орынға қол жеткізу үшін өз бойынан күш таба алатын уақыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет