14 Дәріс. (2 сағат). Кемелдену жасы. Кемелденуге өтудің жалпы шарттары. Жоспары: Кемелденуге өтудің жалпы шарттары.
Кемелдену кезеңінің әлеуметтік мәні.
Әлеуметтік белсенділіктің ерекшеліктері. Кемелдену жасының периодизациясы.
"Акме" және акмеология ұғымы. Ересектердің даму заңдылықтары. Кемелдену жасының дағдарысы.
Отандық психологтардың айтуынша, жеке тұлға «иелену» арқылы өзінің «жан-жақтылығы» негізінде дамиды: «адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы қоғамдық қатынастардың маңызы зор». Психологияда жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін сыртқы детерминация мәселесі пайда болды.
Л.С.Выготскийдің теориясына сүйенсек, «біз өзгелер арқылы өзімізді қалыптастырамыз», «неліктен барлық ішкі қажеттіліктен жоғары формадағы сыртқы бола алады» деген сұраққа «барлық жоғарғы психиканың функциялық дамуының сыртқы кезеңі арқылы өту керек, өйткені функция ең алдымен әлеуметтік болып есептеледі. Бұл – ішкі және сыртқы мінез-құлықтың барлық мәселелерінің орталығы болып табылады». Осыған байланысты адамның қалыптасу механизмі туралы сұрақ пайда болады. Толыққанды адамның қалыптасуының психикалық механизмі әлеуметтік детерминанттарға ие болумен қатар, жеке тұлғаның құрылымы мен жағдайы, іс-әрекеттерін жасайтын үрдістер мен жүйелерден тұрады.
Идентификация – жеке индивидтің адамзаттық жан-жақты негіздерін иелену механизмі (лат – ұқсату, теңестіру). Идентификациялық механизмдер индивидке даму, сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуге және әлеуметтік жағдайға қарсы тұруға көмектеседі. Психологияда идентификацияны«бір адамды басқа адаммен, топпен, үлгімен эмоционалдық және өзгеше өзіндік ұқсату процесі» деп қарастырады.Идентификацияның екі түрі бар:
интериоризациялық идентифифкация;
экстрариоризациялық идентифифкация.
интериоризациялық идентифифкация өзін басқадан «иелену» және «сезіндірумен» қамтамасыз етеді;
экстрариоризациялық идентифифкация өзінің сезімін және мотивін басқаға тасымалдаумен (берумен) қамтамасыз етеді.
П.Я. Гальперин бойынша түсініктің түпкі мазмұнына сәйкес объектілердің нақты заттық жағдайлардағы функцияларын құрайды және түсініктің белгілері тек соларға ғана тиісті. Атап айтқанда объектілердің функциялары кеңістіктің схемасы түрінде түсініктерге сәйкестік әкелетін объектілердің қатынастарын шағылыстырушы айқындалған және ұсынылған болуы керек. Сонымен мысалы, физика облысынан («қатты денелердің қысымы») ғылыми түсініктің қарапайым жүйесінің қалыптасуына арналған зерттеулерде бала, есепті оқып шығып, алдымен есептің тексті бойынша суретте проблемалық жағдайларды қалпына келтіруі керек еді. Содан кейін жағдайдың бейнесін схемаға түрлендіруі – қысымның барлық құраушы күштерін шеңбердің көмегімен қоршау керек, оның бойынан барлық тіреулердің орнын белгілеу және олардан қысымды белгілейтін сызықтар салу; одан кейін осы схеманы қайта салу және оны нақты сандармен, белгілермен толтыру. П.Я. Гальпериннің басшылығымен орындалатын осы және көптеген келесі зерттеулерде көрсетілген еді; затпен түсініктің арасында әрқашанда схема тұрады, оны салмай толыққанды түсінікті қалыптастыру мүмкін емес. Осыдан шығатыны, ішкі жоспарға әрекеттің схемасы ғана көшірілмейді, сонымен қатар сәйкес проблемалық облыста оның функциясын шағылыстыратын объектінің схемасы да көшіріледі.
Схема заттардың сыртқы көріністерінің суретімен макетіне ұқсас оңайлатылған бейнесі ғана емес, сонымен қатар оларда объектілердің негізгі қатынастары мен олардың ішкі құрылымдары шағылыстырылғаны болып табылады. Сондықтан схемада екі заттың ұзындықтарының, не салмақтарының қатынасы беріледі, мысалы, осы параметрлерді өлшеудің нәтижесінде алынған негізгі бірліктердің өзара – мәнді арақатыстары түрінде беріледі.
П.Я. Гальпериннің сөзі бойынша осы схеманы бөлу процесінде –ақ және олардың дайындығының әр кезеңінде олар үйренетін объектілерге қатысты есептерді шығарғанда құрал ретінде пайдаланылады. Олар алдын ала қабылданатын жеке практикалық және теориялық әрекеттердің негізінде заттар туралы ойлаудың схемасы және жалпы схемалары болады. Міне, неге П.Я. Гальпериннің пікірінше жалпы схемасын қалыптастыру арқасында заттарда ойлаудың дамуы жүріп өтеді. П.Я. Гальперин ұқсас схемаларды «оперативтік схемасы» деп атады. Олар өздерінің мазмұндары бойынша Ж. Пиаженің оперативтік және әрекеттік схемаларынан ерекшеленеді. Олар білімнің сәйкес облыстарында кезкелген объектіге қатысты бағыттық құрал қызметін атқарады және қатысты болады.
П.Я.Гальпериннің және оның қызметкерлерінің зерттеулері объективтік білім және ғылыми түсініктер – балалар сыртқы ақпараттарды қарапайым тіркеу негізінде қабылдана салмайтынын көрсетеді. Олар субъектінің әрекеті негізінде құрылады. Ж.Пиаже же осыған көндіруге тырысты. Ол объектіні тану үшін субъект онымен әрекет жасау және ол бойынша оларды өзгерту керек деп есептеді. Бала объектіні сенсомоторлық деңгейде орын ауыстырады; оларды қиыстырады. Дамудың жоғарырақ деңгейінде мектеп жасына дейінгілердің үлкендері және мектеп жасында бала тек қана сыртқы жоспарда емес, сонымен қатар таным объектілерін ойша құрады және қайта құрады. Осы қайта құрудың тетіктерін ұстай отырып, бала Ж.Пиаженің сөзімен айтқанда «құбылыстың өндіріс әдісін» орнатады.
Білім, Ж. Пиаже бойынша қызметтің екі түрін болжайды. Бір жағынан ол әрекеттің өзін жинақтау, ал басқа жағынан – объектілердің арасында қатынас орнату. Ол да және басқа қатынастар да өзара байланысты.