“жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет14/27
Дата06.02.2023
өлшемі310 Kb.
#65651
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

Ақыл - ойдың дамуы
Тілді және саналы сөйлеуді практикалық меңгеру. Мектепке дейінгі балалар өз бетінше әрекет етіп , отбасы шеңберінен алшақтап, құрдастарымен , басқа адамдармен қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы баладан қарым- қатынас жасаудың барлық тәсілдерін меңгеруді талап етеді. Олардың маңыздысы–сөйлеу.
Сөйлеудің дамуы бірнеше бағытта жүреді: сөйлеу басқа адамдармен қарым – қатынас жасаудың негізгі құралы; сонымен қатар сөйлеу – ойлаудың құралы , психикалық процестің маңызды бөлшегі бала тәрбиесінің белгілі жағдайларда, бала сөйлеудің мағынасын, құрылымын түсінеді.
Сөздіктің және сөздің грамматикалық құрлымының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде сөздік қор дамуы жалғасады. Ерте балалық шақпен салыстырғанда мектепк дейінгі кезеңдегі баланың сөз қоры 2 -3 есеге ұлғайған. Сөздік қордың дамуы өмір жағдайларымен тәрбиеге тікелей байланысты индивидуалдық ерекшеліктері айқын көрінеді.
Мектепке дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есім емес, етістік, есімдік, сан есім және біріктіруші сөздер арқылы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңде бала ана - тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын меңгереді.
Балада тілдің меңгеру өзінің белсенділігімен анықталады. Бұл белсенділік сөз құрауда немесе сөздіктің жаңаруында байқалады. Мектепке барар алдында бала тілдің синтаксистік және морфологиялық заңдарының біраз бөлігін игереді. Тілдің мағынасын және дыбысталуынан хабардар болу үшін практикада қолдану керек.
Мектепке дейінгі кезеңдегі балада сөздің мағынасын арнайы оқыту процесінде пайда болады.
Тіл функциясының дамуы. Коммуникативті функция - бұл мектепке дейінгі кезеңде дамитын қарым – қатынас функциясы болып табылады. Ерте кезден бастап бала оның қоғаммен араласу үшін қолдана бастайды. Сол сәтте өзіне жақын адамдармен араласа бастайды. Қарым –қатынастың бұл түрі үлкен адаммен баланың тікелей қатысуымен жүреді. Ситуативтік байланыс әсіресе өзіммен бірге қасында отырған адамға жақын және түсінікті болып келеді. Ал бірақ түсінбеген адамға бұл әрине түсініксіз болып табылады. Ситуативтілік баланың тілімен әр түрлі болып табылады. Айналадағы қоғаммен арласа отырып және айналадағы дүниеге деген қызығушылықтан балада контекстік байланыс пайда бола бастайды. Контекстік байланыс ситуацияны толықтай бейнелей айлады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет