“жас ерекшелік психологиясы” курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ


Жеткіншектің өміріндегі әлеуметтік жағдай



бет22/27
Дата06.02.2023
өлшемі310 Kb.
#65651
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК ПСИХОЛОГИЯСЫ

1. Жеткіншектің өміріндегі әлеуметтік жағдай.
Жеткіншектің әлеуметтік жағдайы мен күнделікті дамуы балалыұқ шақтағы әлеуметтік жағдайдан сыртқы және ішкі себептерден айырмашылығы жоқ. Жасөспірім отбасында өмір сүреді, мектепте оқиды, айналасында сол достарымен қоршалған. Бірақ та әлеуметтік жағдай жасөспірімнің жаңа құндылықтар мен бағыттарға, өзіне, басқаға рефлексті түрде мінез көрсете бастайды. Енді басымдықтары басқаша қойыла бастайды: отбасы, мектеп, құрдастар жаңа мән мағана алады. Барлығы ең жақын деген: үй, отбасы түсініктерімен анықталады.
Отбасы жағдайында: Жасөспірім өзінің отбасымен бірге тұрады. Ол отбасына өзі туылу арқылы енеді және оған қалай жанұя мүшелері үйренсе өзі де солай бауыр басып қалған. Енді оларда жақын адамдарды бағалау басталады.
Балаға “Біз” деген оның отбасы атты бірінші топ пайда болады. Баланың туыстары, ата- анасы барлығы тұрмыстың өзгермейтін жағдайы деп қарастырады. Бірақ бала өсе келе отбасынан бөлек түрлі отбасылық байланыстарды танып біледі. Ол өзіндік “Мен” ұғымын “Біз” деген ұғымнан бөліп алу жолында жұмыс жасайды. Сондықтан да жасөспірім отбасының табыну обьектісі мен дәстүрлеріне көп мән береді.
Бірақ отбасы жасөспірімге қатысты сол баяғы қатынасын жоғалтпайды.
Отбасы жасөспірімнің өсіп келе жатқанын сезініп оған қатысты қарым – қатынасты өзгертуі қажет. Жасөспірімге оның бойында пайда болған ересектік сезіміне сәйкес қарым – қатынас жасауға тырысады. “ Қалың қалай? ”, “ Сені тыңдауға дайынмын ” “ Көмек беруге дайынмын ”. Мұндай отбасында баланың өзін - өзі сыйлау сезіміне байланысты жағдайлар өте көп.
Өте сезімтал отбасылардың баласы да осындай жақсы жолдармен дамуы болады. Ол өзінің байланыстарын үлкен адамдармен құруға тырысады. Баланың құндылықтық бағыттары жақсы жаққа өзгереді. Бала өз жолдастары арасында авторитарлы мінез – құлық иесі ретінде орын алатын болады. Бір жағынан мұндай ережелер баланың дамуына кедергі келтіреді.
Немқұрайлы отбасында. Мұндай отбасыларда барлығын жасауға рұқсат етілген, бала өз ата- анеларына қалай айтқан нәрсені орындату ережелерін әбден біліп алған. Бұл балаға жеке басты ойлаушылық, ұрыс – керіс көп тән болады.
Немқұрайлы отбасының балаларына қарым – қатынас жасау әрдайым жақсы болуы мүмкін емес олар: адекватты лояльды болып келеді. Отбасында өз айтқанын істеу үшін қандай іс – шара қолданса осы әрекетті жолдастарына да қолданғысы келеді. ( Мен айттым, менің солай жасағым келеді ) деген позицияны ұстанады. Бұндай отбасында тәрбие алған балалар қоғамның заңдылықтары мен шынайы басқалармен қатынасқа түсуді білмей өтеді.
Аса қамқорлық көрсетуші отбасы. Бұндай отбасында өскен бала ата – анасының үздіксіз назарында және өзінің әртүрлі жеке ішкі проблемалары бар, жеке қайғылар мен комплекстер негізінде пайда болады. Баланы есейгенше өз қамқорлығынан жібергісі келмейтін ата – аналар оның ішкі уайымдарына да қол жеткізгісі келеді. Мұнда бала балалық шағындағыдай өзіне деген сенімі өте төмен болады. Керек кезде қарсылықта көрсете алмайтын болады, өздігінен жақсы қарым – қатынасты да құра алмайды.
Жасөспірім үшін жағдайы жақсы отбасында тұру қиынға соғады, өйткені бала енді барлық қатынастарын өзі жасай бастайды, отбасын игеру, кейде ата – аналардың көңіліне келетін мына сөздер ( Сен маған қалай сөйлеп тұрсың ?. Аузынан сүті кетпей тұрып, т. с. с). Сондада ата – аналар өздерінің есейген балаларымен ақылдасып, олардың жақсы өмір сүріп өздерін дамытуға жағдай жасауға тырысады.
Ата – аналары жаман тәрбиелі отбасыларда тұратын жасөспірімдер.Ата –аналар ішімдік ішетін, наркотик қабылдайтындар олар бұнымен балалық шақтан бейімделеді. Жасөспірім алкогольдік және наркотик тұтынушы топқа, жатуы мүмкін. Бірақ осы жаман әрекетке барға бола қоғамдық ережелерден айтады және бұл жолдан кетуіне сенім азаяды. Кей жағдайларда мұндай отбасыларда балалар өзіне күш жинап қашып кетуі мүмкін және өзіне жаңа жол таңдау бақыты бұйырады.
Толық емес отбасыларда ( көбінесе әкесі жоқ болады ). Жасөспірім өзін толыққанды сезіне алмайды. Осы кезеңде бала өзін ата – аналарының жыныстық сәйкестендіру арқылы жыныстық даму процесінен өтеді. Отбасының толық болуы жасөспірімнің достары арасында беделінің биік болуына септігін тигізеді. Әкенің жоқ болуы оның әлеуметтік позийиясын әлсіретеді.
Балалық шақтағы достық, топ арасында қарым – қатынас, жасөспірімдердің өзара араласулары қарым – қатынастың үдеуіне әкеліп соғады. Отбасында қарама – қайшылықтар көп болатын балалар, топта әрдайым жайдары болуы мүмкін емес.
Балалық шақ басқа адамдармен қанша қиын да психологиялық жағынан үлкен адамдармен қатынасқа түсу өзінің әсерлігімен белгілі бағытқа бағытталады. Дәл осы балалық шақта жасөспірім жаңа таныстықтар мен өздері жақсы көретін адамдар мен араласуға бағытталып жүреді.
Балалықшақтың иннерциясына дейін жасөспірім өзінің қабылдауына, есте сақтауына, сөйлеу мәнеріне мән беріп оны дамытуға тырысады және өмірлік құндылықтар айқындалып өзін - өзі тәрбиелеудің негізіне айналады. Көп жұмыс істеп те және көп уақытын бос өткізу арқылы да жасөспірім өзін тұлға сезіне алады. Жасөспірім өзінің бойындағы жасырын қабілеттерін ашып отыру арқылы тынымсыз өзін - өзі тану процесі мен қатты айналысып кетеді.
Жасөспірім бойында жалындап тұрған сезім оны көптеген бағыттарға итермелейді, көбінесе олар өзі таңдаған мақсатқа жетпей қоймайды. Оның мақсатынан басқа әлемде маңызды ешнәрсе жоқ сияқты кей жағдайларда өзіне және басқа адамдарға деген рефлексия жасөспірімде өзіне - өзі түңілу мен психологиялық күйзеліске алып келуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет