Жас өспірім — адамның 13 пен 16 жас аралығындағы шағы. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана-сезімнің артуы, айналасымен қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі, моральдік-этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады
Қазір жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты шектеу қиынға соғуда. Бұрын мұндай мезгілде демалыс лагерлерінде жүретін олар карантиннің кесірінен көше кезіп, өздерін қоярға жер таппай жүр. Тәртіп сақшаларды ондайларды түнгі мезгілдерде жиі ұстайды. Мұндайлар әсіресе ата-анасы араққа салынған отбасыларынан көп шығуда.
Жасөспірім шақ – 13 пен 18 жас аралығын қамтитын ерекше кезең. Өмірдің осы сатысында жасөспірім физиологиялық және морфологиялық өзгерістерді басынан өткереді, мұның психологиялық салдары болады. Жас өскін әр түрлі сыртқы факторларға қалай жауап беру керектігін білмейді. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер эмоцияларын игере алмай, қызуқандылық танытып жатады. Жасөспірім кезеңге аяқ басқан шақта олар ересектерден тәуелсіз болуға және дербес шешімдер қабылдауға ұмтылады, себебі «мен – ересек» ұстанымы қалыптаса бастайды.