Жас ерекшелік психологиясын зерттеу әдістері



Дата24.02.2022
өлшемі91,48 Kb.
#26256
Байланысты:
физо психо 2 апта 3

Жас ерекшелік психологиясын зерттеу әдістері


Пәні: Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясы

Мамандығы: Қазақ тілі мен әлем тілдері

Орындаған: Шыңғысбекқызы Айзат

105-топ


Қазақ Ұлттық Қыздар Университеті

XIX ғасырдың ортасына дейін балалар психологиясы жалпы психологиядан бөлінбей келді. Кейін XIX ғасырдың екінші жартысында психология саласына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларының айтарлықтай ықпалы тиді. Олар психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты. Жас ерекшелік психологиясы мәселелерін ғылымды күрделі еңбектерімен байытқан белгілісоветтік психолог-ғалымдар Б.Г. Ананьев, И.И. Божович, П.Я.Галперин, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.



Жасерекшелік психологиясының даму тарихы

Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы

Анатомия және физиология- бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып өсуі, органдардың атқаратын қызметін әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.

Жалпы психология-барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология-психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оның зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді

Философия-барлық ғылымдардың әдіснамалық негізі.Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады. (қарама-қайшылық, дамудық секірмелігі заңдылығы)

Жасерекшелік психологиясының ең тығыз байланысатын ғылымы педагогика болғандықтан-зерттейтін обьектісі бір, яғни бала, жеткіншек, жасөспірім.

Жас ерекшелігі психологиясының құрылымы


1. Нәрестелік кезең  , туғаннан 1 жасқа дейін

2. Бөбек кезең  , 1 жастан 3 жасқа дейін

3. Мектепке дейінгі кезең  ,3 жастан 7 жасқа дейін

4. Бастауыш мектеп кезеңі  ,7 жастан 11 жасқа дейін

5. Жеткіншек кезеңі  ,11 жастан 15 жасқа дейін

6. Жоғары сынып кезеңі   ,16 жастан 17 жасқа дейін

7. Жасөспірімдік кезең  , 17 жастан 20-23 жасқа дейін

8. Жастық шақ  , 20 жастан 30 жасқа дейін

9. Кемелдік кезең  , 30 жастан 55-60 жасқа дейін

10.Қартаю кезеңі , 60-70 жас аралығы

11.Кәрілік кезең  ,70 -тен жоғары

Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері

Бақылау әдісі - жас ерекшелік психологиясындағы зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті обьектілеріне қарау емес,әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез-құлқын тексеру. Бұл кейде кесінді ретінде жүргізіледі.Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді,керек деген мезгілде (аз уақыт ішінде) жүргізіледі.

Байқау әдіс- таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.

Бұл әдіс бойынша зерттеуші адам зерттелушінің әрекеттерін сырттай бақылап жазып отырады.Оны жүргізу шарттары жоспарлап алу, мақсат қою,жүйелі түрде жүргізіп отыру, кездейсоқ болмай байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қорытынды беру.Байқау әдісі жаппа және ішнара болып бөлінеді.

Бала психологиясы тарапынан жасалатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағыларымен түрліше жүргізіледі.

Эксперимент әдісі- баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып кейде жасанды жағдайда зерттеу.

Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.

Эксперимент екіге бөлінеді: табиғи және лабораториялық.

Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. 1910 жылы орыс педагогі А.Ф. Лазурский (1874-1917ж) табиғи эксперименттің негізін қалады. Лабораториялық эксперимент арнайы жабдықталған лабораторияда жүргізілетін зерттеу.



Анкеталау – зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.

Биографиялық әдіс – жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.

Егіздер әдісі – адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін гомозиготты және гетерозиготты егіздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.

Қазіргі заманғы зерттеу әдістері

Бірінші топ ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер

Үшінші топ мәліметтерді өңдеу әдістері:статистикалық талдау, сапалық талдау

Төртінші топқа

интерпретациялық әдістерді жатқызамыз



Екінші топқа эмперикалық әдістер:тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет