Сабақтың тақырыбы: Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері. Жоспар



бет1/2
Дата29.12.2023
өлшемі18,1 Kb.
#144889
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
f657c18c6d5c190


Сабақтың тақырыбы:Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері.
Жоспар:
1. Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы.
2. Жеткіншек жасына өтудің анатомиялық физиологиялық және психологиялық алғышарттары.


Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы. Жеткіншек кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектің жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа өсумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.
Жеткіншек кезеңнің баланын дамуындағы ерекше орны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атауларда бейнеленген. Бұл атауларды омы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана -сезімнің, үлкендермен және долдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересетік элементтері пайда болады.
Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы-оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлшілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-өатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалынуы) бағытталады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқы созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі бір жағынан жеткіншекке «балалалық пен ересектік» қатар болуымен, ал екінші жағынан паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі еллеулі айырмашылықтары болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларының өміріндегі жағдайларды жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты. Олар:
1) Ересектік дамуын тежейтін жағдайлар:балалардың көбінде тұрақты және байыпты міндеттер болмай ,оқумен ғана шұғылдануы ,ата - аналардың балаларды тұрсымтағы еңбектен , қиыншылықтар мен қынжылыстардан қорғаштауға , түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы.
2) Ересектендіретін жағдайлар: мазмұны жөнінен сан алуан ақпараттың орасан зор тасқыны , көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы,осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі , жолдастарымен қарым - қатынастың жедел дамуы , дене күшi дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.
Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір да бұл орайда мазмұны әртүрлі өмір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады . Мәселен VII сыныпта бет пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар , сонымен қатар және әлеуметтік негіздері жасөспірім ересектер өмірінің қайсыбір жағына ортақтасқан өте ересек балалар да бар,өздігінен білім алып жүрген интеллектуалдар да бар , бірақ сонымен қатар оқу матералының өзін өздігінен игере білетін жеткіншектер де бар , болашаққа деген жоспары айқын емес , мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде дайындала бастағандар да бар , кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана , басқалары бұған онша мән бермейді , кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат , жәрдемші болса енді біреулері әбден ерке болып кеткен , тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға ебі жоқ . Жеткіншектердің ересектігінің да муындағы жалпы бағыт әртүрлі және әрбір бағыттың көптеген нұсқаулар болуы мүмкін . Мысалы , қайсыбір интеллектуал үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады,қалғанының бәрін ол әлі «нәресте» дегенді бір нағыз интеллектуал үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді , модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданады,өмірдің мәнінен бастап ең шебер шаштараз туралы барлық мәселелер жөнінде әңгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сөйлескенді бәрінен артық көреді, үшінші бір интеллектуалды ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бiрақ ол шешімінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде , осы қыздардың пікірінше өзін бала сықылды ұстайды , галстуктарын тартқылап , шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы нұсқаулар ересектіктің дамуы арқылы болады да , бұл орайда мазмұны әртүрлі өмірлік игіліктер қалыптасады , біреу үшін маңыздының енді біреуге құны жоқ . Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері жасөспірімдік шақта олардың қалыстасуы жалғасады.
Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты, бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын түбірімен өзгертетін сипатта болады, мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, қауырт сипат алады. Екіншіден,болып жатқан өзгерістер екінің бірінде бір жағынан жеткіншектің өзінде, әртүрлі елеулі субьективті қиыншылықтардың болуымен қабаттасады,оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады, жеткіншек ересектерді ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың қарсылықпен наразылықтың әртүрлі формалары шығады(қиқарлық,дөрекілік,қарсылық,тентектік,бүкпелік,тұйықтық).
Жеткіншек кезеңдегі дамудың сыналу көріністері пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың ролі туралы теориялық талс жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Бұл проблеманың аса маңызды педагогикалық мәні бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет