Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері. Орындаған: Ұлықпанова Ә



Дата26.11.2022
өлшемі105,49 Kb.
#52802
Байланысты:
Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері


Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері.
Орындаған: Ұлықпанова Ә
Жас - адам дамуының кезеңі организм мен тұлға қалыптасуының тән сипаты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады.
Жас ерекшелігі психологиясының міндеттері:
- балалардың дербес ерекшеліктерін қарастыру.
- психикалық дамуды жас кезеңдерге бөлу.
- психологиялық диагностикалық әдістерін жаңарту.
Жас психологиясы
Адам психикасының дамуын және оны жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдердегі ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы.
Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктердің жеке адамның дамуының жетекші факторлар т.б зерттейді.
Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістері
Бақылау
Биографиялық
Анкеталау
Егіздер
Эксперимент
Байқау
Бақылау әдісі
Таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп, психикалық әрекеттерінің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттау. Бұл әдісті бұрын ұйымдастырған жағдайда адамның іс-әрекеті, қылығы туралы объективті мәліметтер алуға болады. Бақылаушы зерттеушінің өзінің тіршілік әрекетін өзін табиғи түрде ұстайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңде - ойын үстінде, мектеп оқушысын - сабақ барысында, ересек адамды - мамандық іс-әрекетінде т.б. бақылай отырып, психолог сол адамның айтқан сөздері, қылықтары, іс-әрекеті туралы мәлімет алады.
Байқау әдісі
  • Бір түрі — мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру. Әдістің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп атайды.
  • Екінші түрі – нысанаға алынған объектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау. Бұл — ұдайы байқау әдісі.
  • Үшінші түрі байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру. Әдістің бұл түрін таңдамалы байқау деп атайды.

Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін, сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды.
Эксперимент әдісі
Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.
лабораториялық
табиғи
Лабораториялық эксперимент, балалар зейінінің қасиеттерін, сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін, белгілі мамандыққа икемділігін анықтайтын құрал-жабдықтарды қолдана отырып, арнайы жабдықталған орындарда өткізіледі. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі.
Егіздер әдісі
Анкеталау әдісі
Биографиялық әдісі
Адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін гомозиготты және гетерозиготты егіздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.
Зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.
Жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.
Қазіргі заманымызда зерттеу әдістерін 4 топқа бөліп қарастырады.
1.Ұйымдастыру әдістері деп аталады. Бұған салыстырмалы, лонгитюдты және комплексті әдістер жатады.
4.Интерпретациялық әдістер құрайды. Оларға генетикалық пен құрылымдық әдістер жатады.
3.Мәліметтерді өңдеу әдістері (статистикалық талдау, сапалық талдау) жатады.
2.Эмпирикалық әдістер (тест, анкета, сұрақ жиынтығы, социометрия, интервью, әңгімелесу) жатады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет