Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Іс-əрекетке байланысты тыйымдар



Pdf көрінісі
бет111/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154
Іс-əрекетке байланысты тыйымдар
Үйге қарай жүгіруге болмайды. Əдетте оқыс оқиға, жамандық болғанда адам 
үйге қарай жүгіреді. Бұл, біріншіден, балаларға жамандық шақырма деген ескерту 
болса, екіншіден, үйде үлкен бар, жүрегі əлсіз адамдар бар, елді үркітпе, қорқытпа 
дегені. 
Қонақ кете салысымен үйді қағып-сілкуге болмайды. Себебі қонақпен бірге 
үйге жақсы тілек, ықылас-пейіл келеді. Екіншіден, қонақ кете салысымен үйді 
қағып-сілку əдепке жатпайды. Ойлап қараған адамға бұл: «Сендерден құтылдым ба, 
жоқ па?» деген ойға келтіреді. 
Саусақ, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды. Əдепсіздік екенін былай 
қойғанда, түрлі ауру шақыратын микробтар ауызға түсіруі мүмкін. 
Құран оқығанда күлуге болмайды. Құран адамға имандылық тəрбие бере 
отырып, бұл дүниеге қанағатпен қарауға, төзімділікке, пайымдылыққа, 
мейірімділікке тəрбиелейді. Дүниеден өткен адамдарды еске алып, Құран оқығанда 
күлу, сөйлеу, жалаңбас отыру – əдепсіздік. 
Аманатқа қиянат жасама. Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек 
деген сөз. Аманатқа адалдық – адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді. 
Қыз балаға қатысты тыйымдар 
Қыз бала шашын жайып жүрмейді. Ата-баба салтында тек жақыны қайтыс 
болған əйел ғана шашын жайған. Бүгінгі таңдағы қыз балалардың шаштарын 
жалбыратып, жайып жүргені əдептілік емес. Жиналған, өрілген шаш адамды ұқыпты 
көрсетеді, əрі жұмысқа да, оқуға да ыңғайлы. Қыз баласы тамақ дайындағанда 
басына міндетті түрде орамал байлауы қажет. Өйткені тамаққа шаш түсіп кетуі 
мүмкін. 
Əлем-жəлем киінбе. Қазіргі таңда қыздарға ішін ашып жүру сəнге айналған. 
Бұл өте жағымсыз əдет, əрі қыздардың денсаулығына да зиян. Бүйрек аурулары, 
гинекологиялық аурулар пайда болуы əбден мүмкін. 
Қызға қырық үйден тыю. Қыз бала орынсыз күліп, орынсыз сөйлеп, 
бейуақытта қыдырмағаны абзал. Өйткені қыз балалар – болашақ аналар. 
Бесікке қатысты тыйымдар 
Бос бесікті тербетуге болмайды. Үйге келген адамға бос бесікті тербету 
арқылы өзінің ұрпақсыз қалғанын үндемей-ақ білдірген. 
Бесікті саудалама. Бұл оның құны жоқ зат екендігін білдіреді. Ал, қазақ 
халқында бесік ұрпақ жалғастыратын қасиетті бұйым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет