№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
32
қатар қазық қағады да, бірінші қазыққа бір қой, екіншісіне – екі қой, үшіншісіне –
үш қой, осы ретпен ең соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.
- Ал, балаларым мына қазықтардың бəрі құтты.
Осында байланған қойларды
үшеуің тең бөліп алындар, - дейді ол балаларына.
- Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой, сонда қалай тең бөліп аламыз? -
деп қалды үлкен ұлы.
- Əрқайсысың төрт қазықтағы қойды ағытып алсаңдар,
еншілерің тепе-тең
болады, – дейді қария.
Жауабы: 26 қой.
2. «Үнді шəйі».
Сəске кез болатын. Анам кесеге шəйді толтырып қоя салды.
Кенже інім аңдамай қолындағы қантын сол кесеге түсіріп алды. Алайда, қант құп-
құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
Жауабы: Қант құрғақ шай үстіне түсті.
3. «Жеңіл сақина
». Бəйбіше егіз қызы мен өгей қызына күміс теңгеден сақина
соқтырғысы келді. Ол теңгені ұстаға ұстатып:
- Түрі бірдей, бірақ біреуі жеңілдеу, небəрі үш сақина соқ, - деді.
Ұста сақиналарды бəйбіше айтқандай етіп жасады.
Мұны білмеген өгей қыз
байқамай сақиналарды араластырып алады. Оны шешесіне келген соң айтты. Басқан
ізін аңдып жүрген шеше өгей қызына кейіген жоқ, себебі таза күмістен
жасалғаны
қайсысы екенін бірден анықтады. Сақиналар аралысып кетсе,
өзің қалай анықтар
едің?
Жауабы: Таразының екі басына екі сақинаны саламыз. Егер олар теңелсе,
Достарыңызбен бөлісу: