№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
133
Зерттеу болжамы:
Егер көркем шығармалардағы көнерген сөздердің
мағынасын кеңірек пайдаланса, қазіргі өскелең ұрпақ өз заманының əдебиетін
тереңірек түсінбек.
Зерттеу кезеңдері:
Мұхтар Əуезов өмірі, шығармаларымен танысудан
басталып, шығармаларынан
көнерген сөздерді теріп, олар түсіндірме сөздіктерден
қаралып, мағынасы ашылды. Диалект сөз ретінде қолданыста бар сөздер
қарастырылды.
Сынақ əдістері:
Көнерген сөздердің мəні ашылып, диалектологиялық тұғыдан
зерттеліп, қарастырылды.
Зерттеу, жұмыс нəтижесі мен қорытындысы:
Қазір қолданыста жоқ жəне
қолданыста бар, бірақ өзгеріске ұшыраған көптеген сөздердің мағынасы ашылып,
зерттелді.
Нəтижесін қолдану:
Бұл зерттеудің мектеп
қабырғаларындағы оқушыларға
берер көмегі көп жəне де М. Əуезов шығармаларын зерттеушілерге де көмегі аз
емес.
Қазақ халқының əдебиетінің мəдени даму тарихында жазушы, драмашы,
публицист, зерттеуші, аудармашы əрі қоғам қайраткері
Мұхтар Омарханұлы
Əуезовтың алатын орны ерекше. М. Əуезов ауыз əдебиеті мен классикалық
əдебиеттің, Батыс пен Шығыс көркемсөз мұрасының озық дəстүрін жете меңгеріп,
қазіргі дəуірдегі қазақ əдебиетінің əдеби тілін байытуға орасан еңбек сіңірген ұлы
жазушы.
Жазушы өзінің шығармашылық
жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып,
қыруар очерк, əңгіме, пьессалар жазған. Тамаша аудармалар жасаған, əдеби сынға,
əдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып,
көптеген мағыналы
мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған,
жоғары оқу
орындарында дəріс беріп, теориялық білімді жетілдіріп отырған. «Ғұлама ғалым, сөз
зергерінің əдебиеттану саласындағы қайсібір мақалалары, еңбектері болсын əр кезде
де əдеби, ғылыми жұртшылықтың назарында болғаны, жоғары бағаланғаны қандай
ақиқат болса, сөз өнеріне қызығушылық танытқан адамдардың бүгіні де, ертеңі де
бұл мұраға көңіл аударатыны сондай даусыз шындық» (Мақпырұлы С. Қазына. –
Алматы, 2004. – 73 б.).
М. Əуезов қазақ əдебиетінің алтын діңгегі. Абай туған, Шəкəрім Құдайбердиев
туған топырақ Мұхтар Əуезовқа да əсерін тигізбей қоймады. Мұхтар Əуезов
шығармаларының қазақ əдебиетінде алатын орны ерекше. Ол кісінің ең көрнекті де
көлемді шығармасы «Абай жолы»
роман эпопеясы, «Көксерек», «Қараш-қараш
оқиғасы», «Қилы заман», «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат» секілді повестер
жəне «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» секілді көптеген пьессалар елге танымал.
Мұхтар Əуезов шығармаларының тілі көркем қазақ салтына сай, түсінікті. М.
Əуезов тек көркемдеуіш сөздерді қолданып ғана қоймай,
көнерген сөздерді де көп
қолданған. Көнерген сөздер арқылы Əуезов шығармаларының көркемдігі ашыла
түскендей.
Көнерген сөздер: сөз қолданысынан шығып қалып, мағыналары көмескіленген
сөздер. Көнерген сөздер тарихи сөздер жəне архаизмдер деп екіге бөлінеді.
Тарихи сөздер: қоғам, заманның өзгеруіне қарай қолданыстан шыққан, өз
дəуірімен бірге көнерген тарихи атаулар.
Архаизмдер: халықтың тұрмысы мен əдет-ғұрпының өзгеруіне байланысты
басқа сөздермен ауысуы немесе қолданыстан шығып кетуі.
Мұхтар Əуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Қорғансыздың
күні», «Оқыған азамат» секілді шығырмаларындағы
көнерген сөздерге талдау