№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
130
– Біле тұра жол бергені ме сонда бұл асыра сілтеуге?
– Меніңше солай!..
– Неге ?!
– Осы шал крестьян табының кедей-орташаларын ауызша ұнатқанымен, ұсақ
буржуйға санап, істе олардан қорқатын сияқты. Сондықтан мына коллективизация
кезінде бұқтырып, жекешілдік санадан бетін қайтарып алғысы келетін сияқты...».
Міне, оның С. Мұқановпен арасындағы сұрақ-жауаптасуынан байқалып
тұрғандай, Садықбектің өз ойы, дұрыс ойы болғаны анық. Тіпті, керек десеңіз, С.
Мұқановқа өз ақалын айтып: «Сен Голощекинмен тістесіп қайтесің, одан да уақытша
болса да бой тасала», - деп Мəскеуге оқуға жібертеді.
Алғыр азамат 1929 жылдың аяғында Ақмола
округтік партия комитетінің
хатшысы болып тағайындалады. Ал, 1931 жылы Қарсақпай аудандық партия
комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ауыстырылады. Содан кейін Шығыс
Қазақстан облыстық партия комитетінде шамалы уақыт хатшы болады да, 1933
жылдың қазанында Қызылорда аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы
қызметіне ауысады. Ол бұл қызметті 1935 жылдың желтоқсанына дейін атқарады.
1933-1935 жылдары Қызылордада қызмет атқарған кезінде ол осы аймақта
суландыру мəселесімен көп шұғылданады. Күріш, бидай, мақта егісін жолға қоюда,
одан қажетті мөлшерде өнім жинауда зор еңбек сіңірді. Садықбек комсомол, партия
қайраткері болып қалған жоқ, ол сонымен қатар қазақ
халқының іргелі ел болуы
үшін қай істен де бас тартпаған. Ол 1935-1936 жылдары республика кəсіподақтары
кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 1937 жылы қараша айында, Орал облыстық
партия комитетінің бірінші хатшысы боп тұрған кезінде ұсталып, «халық жауы»
деген жалған айыппен қамалады.
Жазушы Ж. Бектұров Садықбекпен ол ұсталатыннан бір күн бұрын
жолыққанын былай деп суреттейді: «Садықбек ағамыздың қасында шайымызды ішіп
болғанша отырдым. Қараса көз тоймайтын ажарлы адам. Байқаймын, ара-тұра
күрсініп қояды. Еңсесі түскенін білдіргісі келмейді. Тегі буфет жаққа арқасын, залға
бере отыруы əлдеқалай емес. Кірген-шыққан жұртқа көз салғысы келетіндей, қалың
өрт, ауыр
дерт іште арпалысып жатқандай, үрей, қорқыныш қас-қабаққа кіргендей.
Мейрамхананың Громова дейтін əкімші-кезекшісі де бар еді. Ертеңіне сол кісі есік
алдында маған: «Кеше сіз бірге отырған ағаңызды түнде алып кетті», - деді...», - деп
жазды «Қазақ əдебиеті» газетінде жарияланған «Айыбы не еді ағалардың?» деген
мақаласында.
Ия, шынында да С. Сапарбекұлы секілді ірі тұлғалы мемлекет қайраткерлерінің
не айбы бар десеңізші! Садықбек Сапарбекұлы қайсы жерде қызмет жасаса да, ол
жерде ауқымы мол, нəтижелі істерді жүзеге асырып, ел-жұрт алғысына ие болды.
Оның іскерлігі, ұйымдастырушылық қабілеті нəтижесінде сол кездегі ең үлкен
мəселені шеше білді.
Талантты азаматтың өз қолымен толтырған анкеталарының бірінде:
«Мамандығым – журналист», - деп жазған екен. Садықбек жас кезінен бастап-ақ
мерзімдік
басылымдарға жиі араласып, мақалалар,
проблемалар жариялатып
отырған. Ол ойдағыны қалың бұқара халыққа жеткізудің бірден-бір төте жолы
баспасөз екенін жақсы түсінген. Содан да болар артында көптеген проблемалық
мақалалар, публистикалары, əдеби толғаныстары қалды. 1930-1936 жылдары
Садықбек Сапарбекұлының материалдары «Еңбекші қазақ» («Егемен Қазақстан»),
«Советская степь» («Казахстанская правда») газеттерінде жиі-жиі жарық көрді.
Колхоздастыру, тəркілеу
науқанына орай, сонымен бірге қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігі, мəдениеті төңірегінде көптеген мақалалар жазды. 1936 жылы С.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
131
Сейфулиннің əдеби еңбегінің жиырма жылдығы тойланып жатқан кезде «Біздің
Сəкен» атты көлемді мақаласын «Еңбекші қазақ» газетінде жариялады. Қаламы
жүрдек журналист 1928 жылы «Мəдениет майданындағы міндеттеріміз» деген
кітапша жазып, жарыққа шығарды. Осыған іле-шала «Алтыншы партия
конференциясының қорытындысы» (1928) деген еңбегін бастырды. «Кəмпеске
қорытындылары» (1929) деген кітапшасы бар.
1938 жылы атылған Сыр өңірінің перзенті тек 1958 жылы 21 қаңтарда ғана
ақталды.
Достарыңызбен бөлісу: