№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
43
жақсартып, жүйке жүйесінің ауруларын алдын алуға əсеретеді. Алма жүрек
қантамырлары аурулары мен кейбір қатерлі ісіктерге шалдығу тəуекелін азайтады.
Алма шырындарында нəрлі заттар көп жəне оларды организм оңай сіңіреді.
Тамақта витамин тапшы болатын қыс пен ерте көктем айларында алма шырындары,
əсіресе балалар үшін өте бағалы тағам болып табылады. Шырының құрамында жас
өнімнің қасиеттері толық сақталады, ал олардың кейбіреулерінің дəмі мен
жұғымдылығы, қант қосудың нəтижесінде, айтарлықтай жақсарады. Мұндай
шырындар басқа қасиеттеріне қоса ішектің жұмысын жақсартады.
Сонымен қатар, алма шырыны адам ағзасын ауыр металл заттардан тазалауға,
қан бұзылу жəне жүрек ауруларын емдеуге қолданылады.
Алма шырынының
құрамында холестеринді шығаруға көмектесетін пектин бар. Сонымен бірге
шырыны тиоксиданттарға жəне С витаминіне бай. Ағзадағы металл мен токсиндерді
жоюға, ішектің жұмысын жақсартуға, өкпенің, тоқішектің,
екінші типті диабет пен
астмамен ауыру мүмкіндігін төмендетуге мүмкіндік береді. Алма шырыны қоршаған
ортаның ағзаға жағымсыз əсерін жоюға көмектеседі.
Пайдалы кеңестер.
Денсаулықты жақсарту үшін күніне бір алмадан кем
жемеу керек. Қаны аз адамдар күніне 400-600 грамм Антонов алмасын жеуі абзал.
Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алманың құрғақ қабығын
ұнтақтап, бір стақан ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына
тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға
болады.
Жөтелдің алдын алу үшін ұсақтап туралған құрғақ
алманы қайнаған сумен
араластырып, 5 минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға
бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат
бұрын ішу керек.
Зат алмасуды жақсарту үшін
төрт-бес алманы ұсақтап турап, бір литр су
құйып, 10 минут қайнатады. Тұнбаны шай ретінде ішу керек.
Зат алмасудың бұзылуы негізінде буынның салқын тиіп ауруы кезінде алманың
екі ас қасық құрғақ қабығын жарты литр қайнаған суға салып, 5 минут қайнатады.
Қоспаны 15-20
минут тұндырып, жылы күйінде күніне үш рет жарты стақаннан
тамақтанардан 10-15 минут бұрын ішеді.
Асқазан ауруына таңертеңгі ас орнына екі алмадан жасалған пюре жеу
пайдалы. Мұнан кейін түскі тамаққа дейін ештеңе жемеу керек. Емделу уақыты – екі
апта.
Қорытынды.
Жұмысымды қорыта келе, алманың неше алуан түрі бақтарда, өз
бақшамызда отырғызылып, өсірілген. Əлемнің қай жерінде алма сорты болса, соны
бағбандарға əкеліп беріп отырған.
Өзіміздің туған өлкеміз алма тауының отаны атанған.
Мұны көне тарих та
растай алады. Сөйтіп, мұның өзі дəл осы əдемі балбыраған
Достарыңызбен бөлісу: