Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Жетекшісі: АРЫСТАН Жаңылсын Жұматқызы



Pdf көрінісі
бет48/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   154
 
Жетекшісі: АРЫСТАН Жаңылсын Жұматқызы, 
«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы орта мектебі 
«Математика» пəнінің мұғалімі, Шеңгелді ауылы, Отырар ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ƏЛЕМНІҢ ƏМІРШІСІ САНДАР 
Кіріспе. 
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры болып отырғаны уақыт өзі 
дəлелдеген шындық. Əсіресе білім беру жүйесін ақпараттандырудың маңыздылығы 
жөнінде Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев əр жыл сайынғы Жолдауларында ерекше 
тоқталып, нақты тапсырмалар беруде. Соның нəтижесінде компьютерлік 
сауатсыздықты жою жəне халықтың Интернетке қолын жеткізудің көлемді 
бағдарламасы қолға алынуда. Осы салада қыруар істер тындырылып та жатыр. 
Компьютер «Сапалы математика» деп аталатын білімді талап етеді. Сондықтан 
да ғылым мен білім жүйесін реформалауды жалпы əлемдік сипаттағы, барлық 
ғылымдар саласының мұрындығы жəне қызметшісі математикадан бастау керек. 
Математика 
ғылымдарға 
ортақ 
логикалық 
ойлаудың 
– 
«тепе-теңдік», 
«қайшылықтың», «үшіншісінің болмауы», «жеткіліктілікті негіздеу» деп аталатын 
төрт заңын өзіне тəн заңдарының негізі етіп алады. Математика табиғаттың тілі ғана 
емес, техниканың да, экология мен экономиканың да тілі. Мектептерді жаппай 
компьютерлендіру математикалық білімнің деңгейін көтеруді, əсіресе «Сапалы 
математикаға» ерекше зейін аударуды қажет етеді. 
Егемен ел болып бір жүйеден екінші жүйеге көше бастағалы қоғамдық-
гуманитарлық деп жүрген оқу пəндері жаңа сапаға ие болуда. 
Мен үшін мектептегі оқытылатын пəндердің ішінде ең негізгісі математика. 
Математика нақты дəлелдеуді қажет ететін, қызықты да қиын пəн. Өмір өзі 
есептеуден тұрады. Туғаннан дене салмағын, бойдың ұзындығын өлшеуден бастап, 
адам дамуының негізгі есептеулері бастау алады. Қазіргі сан салалы математика 
ғылымы мені қатты қызықтырады. Соның ішінен «Сан қасиетін» зерттеуді жөн 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
45
көрдім. Сан есептеу мен өлшеудің нəтижесін білдіретін ең негізгі математикалық 
ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады. 
Сандар химия, физика, механика, астрономия жəне көптеген ғылым салаларында 
кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз. 
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын 
Үндістанда пайда болған. Əуелі сандар сызықшамен белгіленген. Кейін қалыптаса 
келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы 
қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Əуелі 
олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе, нөлдің пайда болуынан 
сандарға төңкеріс жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге əкелді. 
Қазақта санау жүйесі болған. Олар бір-бірлеп те («Қуырмаш» ойынын еске 
алсақ), екеулеп те (қосақ), үштеулеп те (адамның үшін беру, үшем) жетілеп те, 
тоғыздап та, қырықтап та (зекет) санаған. Қазақтың ондығы – бір саусақ, екі саусақ, 
жұдырық. Бұлар – қазақтың мəдениеті жоғары халық екендігінің дəлелі. «Ұлағатты 
ұлттық ұғымдар» ең белсенді жəне кеңінен тараған тарихи тəлім өнеге. Үшінші 
мыңжылдықты қарсы ала отырып «3» санының киелілігі мен үш бастан тұратын 
кертартпалықтарға ой жүгіртіп өтейікші. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет