Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет10/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Документ Microsoft Word (7)

Минералды тыңайтқыштар. Бақтарда және жидектiлерде қарапайым (азотты, фосфорлы, калийлi) және күрделi тыңайтқыштар пайдаланылады.
Азотты тыңайтқыштар. Аммиак селитрасы – (құрамында орта есеппен 24-34,5% азоты болады), өте гигроскопиялы, яғни ауадан ылғал сорып, тез нығыздалады, суда жақсы ерiп, топырақтан жақсы шайылады, негiзiнен үстеп қоректендiру ретiнде енгiзiледi.
Мочевина (карбамид) - құрамында 46% азот бар. Суда жақсы еридi. Түйiршiктелген мочевина нығыздалмайды және жақсы ыдырайды. Ол тамырдан тыс үстеп қоректендiру үшiн көбiрек қолданылады. Топыраққа енгiзгенде жердi дер кезiнде жыртып тастау керек, өйткенi жер бетiнде қалса, азот аммиак түрiнде жойылып кетуi мүмкiн.
Күкiрт қышқылды аммоний (аммоний сульфаты) – (құрамында 20,5-21% азот бар), аз гигроскопиялы, сақтау кезiнде нығыздалмайды десе де болады. Қышқыл топырақтарға қарағанда сiлтiлi және бейтарап топырақтарда тиiмдiрек. Сiлтiлi тыңайтқыштармен – преципитатпен, фосфор ұнымен т.б. қатынаста (аралас емес) қолданған тиiмдi.
Фосфорлы тыңайтқыштар. Бұлардың iшiнде анағұрлым кең тарағандары қарапайым және қос суперфосфат, олардың топырақпен мықты бекiп, суда аз еритiн маңызды қасиеттерi бар. Осы факторларды ескере отырып, фосфорлы тыңайтқыштарды терең, яғни жемiс-жидек өсiмдiктерi тамырларының негiзгi топырақта орналасқан қабатына енгiзiледi. Қарапайым суперфосфаттың құрамында 19%, ал қос суперфосфатта 46% сiңiмдi фосфор бар. Топыраққа енгiзген кезде қос суперфосфаттың мөлшерi қарапайым суперфос-фаттың мөлшерiне қарағанда 2-2,5 есе азайтылады.
Фосфарит ұны – суда ерiмейтiн тыңайтқыш, құрамында 14-23% фосфат тотығы бар. Суперфосфатқа қарағанда топыраққа көбiрек мөлшерде енгiзiледi. Қарашiрiкпен, физиологиялық қышқыл азот (күкiрт қышқылды аммоний, азот қышқылды аммоний) және калий тыңайтқыштарымен қатынаста оның әсерi күшейе түседi. Бұл тыңайтқыштармен фосфарит ұнын араластырып қолдануға болады.
Калийлi тыңайтқыштар. Хлорлы калий (құрамында 56-60% калий тотығы бар), ылғал жерде қатты нығыздалып қалады. Хлорлы калийдiң құрамында өсiмдiкке, әсiресе жидек дақылдарына зиянды хлор бар. Сондықтан да, вегетациялық кезеңiнiң басына дейiн ол ыдырап, хлор топырақтан ұшып үлгеру үшiн, оны күзде, жер жыртар алында енгiзген жақсы Барлық тыңайтқыштармен араластыра беруге болады.
Күкiрт қышқылды калий - Құрамында 46-50% калий тотығы бар, ұсақ кристалды тұз. Барлық калийлi тыңайт-қыштар суда еридi. Оларды топырақтың өсiмдiк тамырының негiзгi орналасқан қабатына енгiзу керек. Себебi олар қатайып, топырақтың енгiзген тұсында қалып қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет