Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады
Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.
Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.