Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С.Выготский үш топқа бөледі:
Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С.Выготский үш топқа бөледі:
1. Бірінші топбиогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олардамудыңэволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).