Жас мамандар отырысы
хаттама №1
23.09.2021ж.
Қатысқан: 5 Қатыспаған: 0
Кульбаева А.С. - оқу ісі орынбасары
Саутова Р - тәлімгер ұстаз;
Утепбергенова Ж.А. - тәлімгер ұстаз;
Солдатхан А - жас маман;
Аділақын Ө.А. - жас маман;
Мергенбаева Н.Н. –хатшы;
Күн тәртібінде:
Жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекеленген ережелермен таныстыру туралы.
Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту,таныстыру жайында.
Әдістемелік көмек.Тақырыбы: «Күнделікті сабақ жоспарын, күнтізбелік сабақ жоспарын жазу тәсілі жайында»
Жас мұғалімдердің жұмысын бақылау.
Тындалды:
1. Сұрақ бойынша колледжіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Кульбаева А.С. сөйледі:
Көпсалалы облыстық үздіксіз білім беру колледжінің «Бастауыш білім беру», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша 2022-23 оқу жылында 2 жас маман жұмыс істейді. Салдатхан А. арнайы пән оқытушысы – тәлімгер Саутова Р. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы , білімі жоғары педагог- зерттеуші.
Әділақын Ө.А.Математика пәнінің оқытушысы– тәлімгер Утепбергенова Ж.А. графика және жобалау пәнінің оқытушысы, білімі жоғары, жоғарғы санатты.
Жас мамандар Білім туралы, Тіл туралы заңмен танысып шығу тиіс.
Әр пән мұғалімде нормативтік құжаттар болуы: бағдарлама, әдістемелік нұсқау хат, стандарт, күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Барлық нормативтік құжаттарды талаптарға сай жинақтау, эстетикалық ережелер сақтау қажет.
3. Сұрақ бойынша Саутова Р. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы сөйледі:
Тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына аптасына 1 рет әдістемелік көмек көрсету мақсатында қатысу керек. Және жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу тиіс. Тәлімгерлер атқарылған жұмыс туралы айына 1 рет есеп береді. Сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлауға көмектесу. ІІ жарты жылдықта жас мамандар өз жұмыстары туралы есеп береді.
2. Сұрақ бойынша графика және жобалау пәнінің оқытушысы Утепбергенова Ж.А. сөйледі:
Курстық бағдарлама арнайы ережелеріне сәйкес құрастыру керек. Бағдарламада бетпарақ, негізгі бөлім (түсінік хат, мақсат, міндет, мазмұны, күтілетін нәтиже), күнтізбелік тақырыптық жоспар, пайдаланған әдебиет тізімінен турады.
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар 2022-2023 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатқа және ҚР Білім және ғылым министірлігі Астана 2020 тиіптік бағдарламасына сүйене отырып құрастыру керек. Күнтізбелік жоспарды аптасына 1 сағат болса жылына 34 сағат, ал аптасына 2 сағат жылына 68 сағат, аптасына 3 сағат болса жылына 102 сағат, аптасына 4 сағат болса жылына 136 сағат жоспарлану тиіс.
3. сұрақ бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміСаутова Р. сөйледі:
Тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына аптасына 1 рет әдістемелік көмек көрсету мақсатында қатысу керек. Және жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысу тиіс. Тәлімгерлер атқарылған жұмыс туралы айына 1 рет есеп береді. Сыныптан тыс іс-шараларды жоспарлауға көмектесу. І жарты жылдықта жас мамандар өз жұмыстары туралы есеп береді.
4 сұрақ бойынша Информатика пәнінің мұғалымы Утепбергенова Ж.А. сөйледі:
Сынып журналын жүргізілуге арналған 17 нұсқау жазылған. Сол нұсқауларды сақтап сынып журналын толтыру керек. Эстетикалық жағынан талаптарын сақтау. Журналды таза, қара сыямен толтыру. Сынып жетекшілер және тәлімгерлер журналды тексеру.
Тәлімгер ұстаздар күнделік жоспарды жазу көмектесу. Мақсат, міндеттерін анықтау, жоспарланған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болуы. Үй тапсырмалар оқушылардың деңгейіне сәйкес беру.
Жас мамандарға үш жылдық перспективалық жұмыс жоспарын құрастыру тиіс. Және өзін-өзі жетілдіру тақырыбын таңдау. Тақырып, мақсат, міндеттерін анықтау. Құрастырылған жоспар бойынша жұмыс жүргізу. Өзін-өзі жетілдіру мақсатында жас мамандар курстарға, семинарға, конференцияларға қатысу. Оқушыларды аудандық, облыстық олимпиадаға дайындау. Өзін-өзі жетілдіру папкасына жыл бойы алған жетістіктерін, ашық сабақтың даярламаларын, семинар материаладрын, баспа бетіне шыққан жұмыстарын тсс. жинақтау. Тоқсан сайын әдістемелік меңгерушіне және бірлестік меңгерушілерге есеп тапсыру.
Шешім:
Жас мамандарды сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ереже және жекеленген
ережелермен таныстырылсын.
2. Тәлімгерлер мен жас мұғалімдер арасындағы жұмыс жоспарын бекіту,таныстырылсын.
3. Әдістемелік көмек.Тақырыбы: «Күнделікті сабақ жоспарын,күнтізбелік сабақ жоспарын жазу тәсілі түсіндірілсін
4. Жас мұғалімдердің жұмысын бақылау тәлімгерлерге бекітілсін.
Жиналыс төрайымы: Тлеуова Г.А
Хатшы: Каримова А.Н
Достарыңызбен бөлісу: |