Мекен-жайы: Бакинская көшесі,4 Бағдарлама құрастырылған жыл



бет1/3
Дата04.06.2023
өлшемі394 Kb.
#98617
түріБағдарламасы
  1   2   3


10 сынып оқушыларына арналған
«Сөз құдіреті» үйірмесінің
бағдарламасы




Авторы: Нұрмағамбетова Ғалия Маратқызы
Павлодар қаласының №23 ЖОББМ-нің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Мекен-жайы:Бакинская көшесі,4
Бағдарлама құрастырылған жыл: 2012ж.
Рецензент:Даирова А.Қ. «Өрлеу» БАҰО А.Қ.
Павлодар облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының
әдіскері. (2012 ж.)

Ұсынылып отырған үйірме бағдарламасы 10 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама мазмұны Павлодар өңірі ақындарының шығармашылығымен тереңірек танысуға бағытталған. Бұл бағдарлама қазақ әдебиеті мұғалімдерінің қолданысына ұсынылады.




Мазмұны


  1. Түсінік хат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4

  2. Бағдарламаның базалық мазмұны . . . . . . . . . . . 6

  3. Тақырыптық – оқыту жоспары . . . . . . . . . . . . . . 7

  4. Мұғалімдерге арналған әдебиеттер тізімі . . . . . 9

  5. Оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі . . . . 10



Түсінік хат

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша қазақ әдебиетін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру көзделеді. Көркем шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.


Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда көркем шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі төмендеп келеді. Ең алдымен, мұғалімдер оқушылардың оқуға қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын арттыратын поэзиялық шығармаларды өз бетімен оқуға ізденуге тәрбиелеуі тиіс. Осындай өзекті мәселелердің шешу жолының бірі ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада Павлодар облысының белгілі ақындардың поэзиясын
тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру көзделіп отыр.
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан Республикасында «Білім» бағдарламасының, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жж.арналған бағдарламасының, Мемлекеттік білім стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.
Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Оқушылардың өзіндік зерттеу жұмысын жетілдіру үшін, пәндік теориялық бөлімге 19 сағат, тәжірибелік (практикалық) жұмыстарға 15 сағат бөлінді. Апталық жүктеме – 1 сағат.
Көркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру көзделеді.

Үйірменің басты мақсаты:




  • жерлес ақындарының өмірі мен шығармашылығын таныстыру;

  • туып – өскен өлкенің атақты әдеби тұлғаларын, тарихын, мәдениет бағалай білуге тәрбиелеу;

  • оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету

  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыларды жерлес ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

  • әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру;

  • оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;

  • лирикалық шығарманы жан-жақты талдай білуге дағдыландыру.

Осы мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:

  • оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; бағдарламада беріліп отырған ақындардың өлеңдерімен байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай жасау;

  • зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;

  • жазушы шеберлігіне көз жеткізу;

  • әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, байланысын меңгерту;

  • оқушылардың кез келген көркем туындыны келістіре оқуын, көркем шығармадағы сөз сырын, мағынасын ұғындыру.

Аталған курс бойынша білім алған оқушыдан оқу жылының соңында күтілетін нәтиже:



  • Көркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;

  • Берілген мәтіннен тілдік-көркемдік ерекшеліктерді байқау қабілеті артады;

  • Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай алады;

  • мектеп және қалалық оқуларға қатысады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет