«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету»



бет2/3
Дата19.12.2022
өлшемі23,66 Kb.
#58251
1   2   3
Сабақтың үш мақсаты:
Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.
Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың негізгі компоненттері:

  1. Ұйымдастырушылық– сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

  2. Мақсаттылық– оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

  3. Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.

  4. Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

  5. Мазмұндық – оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т.с.с. материалдарды таңдау.

  6. Технологиялық – сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

  7. Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

  8. Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері:

  1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

  2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

  3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

  4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

  5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

  6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

  7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

  8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

  9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

  10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

  11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

  12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

  13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

  14. Білім, білік, дағдысы олардың қалыптасу деңгейіне сәйкес әдістермен тексерілетін оқушылардың тізімін жасау, үй тапсырмасының түрі мен көлемін анықтау;

  15. Сабақты қорытындылау түрін ойластыру;

Белгіленген талаптарға сәйкес сабақ жоспарын жазу.
Міне, осындай міндеттерді алға тарта отырып жас мамандарға көмек:

  1. Студенттерді ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.

  2. Өзіңіздің білім қорыңызды қызықты тарихи оқиғалармен, , табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.

  3. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сөз емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.

  4. Әрқашан сабаққа қосымша артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.

  5. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.

  6. Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.

Жас маманды психологиялық қолдау үшін баулушы тәлімгердің онымен жиі кездесіп, әңгіме, тренингтер өткізуі, педагог этикасы, оқушылармен қарым- қатынас жасау ережелері, ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру жайы туралы ұсынымдар беруі пайдалы болмақ Тренингтік сабақтарды біз тоқсанына бір рет психодиагностикалық әдістемелерді (темперамент типін анықтау, өзіне өзінің сенімділігін бағалауға арналған тест (Рейдаст тесті), оқытып-үйрету процесіндегі педагогикалық ынтымақтастық дең- гейінің диагностикалық әдістемесі, «Мүғалімнің психологиялық портреті» әдістемесі) қолдана отырып өткіземіз. Тренинг соңынан жас мұғалімге жаднама, өткізілген тест (2-қосымша) бойынша анализдік талдау нәтижелері беріледі. Оқу жылының соңында қорытынды шығарып, оларды талқылаймыз. Пікірлерді түйіндейміз. Бұл кезде жас мұғалімдердің өзіне сенімі, дербестігі, бастамашылдығы айтарлықтай көтеріліп қалады. Тәлімгерліктің арқасында олар сабақ жүргізу, сынып сағаттарын, ата-ана жиналыстарын өткізу техникасын игеріп үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет