3.1. Python бағдарламасын жазу
Алдыңғы бөлімде экранға қарапайым мәтін шығаратын бағдарлама жазуды үйренген
едік. Енді сол кодты арнайы Python файлында жазып, кейін терминал немесе консоль
арқылы жүргізуді қарастырамыз. Бұл бөлімде біз Mac операциялық жүйесі арқылы
түсіндіреміз. Біздің жасайтын қадамдарымыз Windows операциялық жүйесінде де тура
солай болады. Тек бір өзгешелік — Windows операциялық жүйесінде консоль деп
атасақ, Mac операциялық жүйесінде терминал деп атаймыз. Бірақ, консоль мен
терминалдың атқаратын қызметтері бірдей.
1. Алдымен кез келген бағдарламаны әзірлеу редакторын ашып (Visual Code,
Notepad++, Sublime, Atom және тағы басқа), сондағы
print(“Salem alem”)
мәтінін жазу
керек.
Достарыңызбен бөлісу: