1.1. Python дегеніміз не?
Python — қазіргі таңдағы ең танымал бағдарламалау тілдерінің бірі. Python тілін 1991
жылы Гидо ван Россум жазып шығарған. Python тілі келесі мақсаттарда кеңінен
қолданылады:
●
веб-әзірлеу (сервер жағында)
●
бағдарламалық
қамтамасыз ету
●
математика
●
тағы басқа
Төменде Python тіліне қатысты кеңінен тараған сұрақтарға жауап береміз.
1.2. Python тілі арқылы не істей аламыз?
●
Python веб-қосымшаларды жасау үшін қолданылады.
●
Python дерекқор жүйелеріне қосыла алады. Сонымен бірге файлдарды оқып,
оларды өзгерте алады.
●
Python үлкен деректерді өңдеу үшін және күрделі
математикалық амалдар
орындау үшін пайдаланылады.
●
Python жылдам прототиптеу үшін немесе өндіріске дайын бағдарламалық
жасақтаманы әзірлеу үшін пайдаланылады.
1.3. Python тілін не үшін қолданамыз?
●
Python әртүрлі платформаларда жұмыс істейді (Windows, Mac, Linux, Raspberry Pi
және т.б.).
●
Python тілі ағылшын тіліне ұқсас қарапайым
синтаксистік құрылыммен
ерекшеленеді.
●
Python басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда жазылуы қысқа әрі жеңіл
болып келеді.
●
Python тілі арқылы прототиптеу процесі өте жылдам жүреді.
●
Python процедуралық және объектіге бағытталған немесе функционалды түрде
жұмыс істей алады.
1.4.
Білуге тиісті ақпараттар
●
Python тілінің ең соңғы негізгі нұсқасы — Python 3. Python 3 тілін осы оқулықта
қолданатын боламыз. Дегенмен, Python 2 нұсқасы әлі де кеңінен танымал.
●
Бұл оқулықта Python мәтіндік редакторда жазылады.
Python тілін Thonny,
Pycharm, Netbeans немесе Eclipse сияқты өзара біріктірілген даму ортасында да
жазуға болады.
●
Python тілі басқа бағдарламалау тілдеріне қарағанда,
жазуға жеңіл әрі
ыңғайлы. Мысалы, экранға “Salem alem” мәтінін экранға шығаратын
бағдарламаны Java, C++, Python тілдерінде жазып көрсетейік. Java, C++
бағдарламалау тілдерінде 5-6 жол керек болса, Python тілінде 1 ғана жол керек
болады. Мысалы:
7
Бұл оқулықта Python тілін Windows және Mac операциялық жүйелеріне орнату жолын
көрсетеміз.
2.1. Python
тілін Windows-қа орнату
Python тілін Windows операциялық жүйесіне орнату үшін төмендегі қадамдарды
жүзеге асыру керек.
1. Алдымен Google-ға “python windows install” мәтінін жазу керек (2.1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: