Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
Топ
|
Модуль
|
Сабақ
|
Мерзімі
|
17-20
|
КМ 08
|
|
|
Бекітемін
Колледж директорының
оқу ісі жұмыстары жөніндегі
орынбасары
____________К.Нұрғали
«____»___________2022ж
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Модуль/ОН: КМ 08 Бұқаралық өндірістегі бұйымдарды даярлау бойынша тігін жұмысының барлық түрін орындау /
«Тігін өндірісінің технологиясы »/ ОН.08.1. Киім дайындау технологиясының негіздерін білу.
Сабақтың тақырыбы: Әйелдер мен балалар жеңіл киімдерінің түрлері
Пән оқытушысы:Құдиярова Айнұр
Жалпы мәліметтер
Оқу жылы: 2021-2022ж. ж
Курс: ____2_____
Тобы: ____17-20____
Мамандығы: 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу »
Біліктілігі : 1211032 « Тігінші » 1211062 «Арнайы тігінші »
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың мақсаты: Студенттерге киімнің сапасын және қолданылатын материалдың сапасы, олардың дұрыс таңдалуына модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын жетілдірілуіне байланыстылығын айқындау.
Білімділік: Әйелдер мен балалар киімі, материалдар түрлерін айқындау.
Дамытушлық: Студенттердің ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: слайыд түсіндірмелі, сұрақ-жауап.
Пән аралық байланыс: материалтану, сызу, бейнелеу.
Сабақты жабдықтау құралдары: Слайыттар, схемалар
Өткен тақырыптарға шолу: «Миға шабуыл» сұрақ- жауап
1. Қандай тігін машиналарын білесің?
2. Шет тігістерінің түрлері нешеге бөлінеді және оны ата ?
3. Ең алғашқы үтік неден жасалды?
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
. Студенттерді психологиялық тұрғыда сабаққа дайындау
. Сәлемдесу
. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
. Студенттердің назарын сабаққа аудару
. Сабақтың мақсатын айқындау.
Жүн, жібек, мақта, зығыр маталары мен басқа да материалдардан дайындалатын киімнің көйлектік топтағы түржиыны әрқилы және жас айырмашылығына қарай маталар әр түрлі болып келеді
Негізгі материалдарының түрлері - жүн, жібек, мақта, кенеп, синтетикалық маталардан, тоқылмаған материалдардан және т.б. тігілген бұйымдар;
Материалдарды өңдеу күрделілігі бірінші (I), екінші (II), үшінші (III), төртінші (IV) деп бөлінеді.
Силуэт - тік, қынама және жартылай қынама.
Пішімі - тұтас пішілген немесе бел сызығынан қиылған, қондырма жеңді, алдыңғы және артқы бойы тұтас пішілген, реглан немесе құрастырылып пішілген жеңі бар, қысқа, ұзын жеңді немесе жеңсіз; қайырма жағалы, тұтас доға тәрізді, тіктеме жағалы немесе жағасы жоқ.
Көйлектер. Көйлектер топшасына жататын бұйымдар түржиыны модельдерінің көптүрлілігімен сипатталады. Көйлектерді әрқилы өңдеп, түрліше маталардан тігеді. Бұл ішкі топтық бұйымдары: көйлектерге, көйлек-пальтоларға, көйлек-костюмдерге, сарафан, халаттарға, пижамдық костюмдерге бөлінеді.
Көйлектер көбінесе көкірекше мен белдемшеден құралады. Көкірекшенің артқы бойы, алды (тұтас немесе екі бөліктен тұратын), жеңдері, жағасы болады. Белдемше тұтас болуы немесе бірнеше бөліктен тұруы мүмкін (алдыңғы және артқы бөліктері немесе тұтастай қиықтардан).
Костюм-көйлектер мен көйлек белдемшелеріндегі қиықтарының санына қарай біртігісті, қостігісті, көптігісті болуы мүмкін. Бұдан басқа белдемшелер тік, кең етекті (клеш), қатпарлы, бүкпелі, бүрмелі, гофре, бүктесінді, бедерлі және т.б. болуы мүмкін. Көйлектер қалталы, белбеулі, белдікшелі және тағы басқа болып кездеседі.
Көйлектер бір силуэтте бірақ модельдері әр түрлі болуы мүмкін, ол жеңнің, жағасының, көкірекшенің, белдемшенің және т.б. пішіміне байланысты болады. Көйлектер жеңсіз немесе жеңдері қондыра тігілген, тұтас пішімді, реглан, жартылай реглан болуы мүмкін. Жеңдердің аузы эластикалық ызбалармен, қаттамалы, қаттамасыз болуы мүмкін. Жеңдердің қаттамалары пішіні, ұзындығы Мен ені бойынша әр түрлі болады: қайырмалы, түймелікті, фигуралы және тік.
Жағалар сырып қондырылған немесе алдыңғы және артқы боймен түтас пішімді болады: пішініне қарап оларды қайырма, шәлі, тік жаға деп бөледі. Тіктеме күлтелендіріледі немесе шарфқа, күлтеге айналады.
Мойын ойындысы шаршы, дөңгелек, сопақша және басқа пішінді болуы мүмкін. Жапсырма, жарма немесе бүйымның негізгі бөлшектерінен дайындалған ңалтал ар ісөкірекше мен белдемшеде орналастырылады.
Түймелерге, ілгектерге, батырмаларға және сыдырмалы түймелікті алдынан, артынан, ңапталынан, иық иемесе жан тігістерінде өңдейді. Көйлектерді әрлеу тәсілдерін белбеуі, белдікшесі және басқа бөлшектерінің болуына қарай ажыратады.
Балалардың көйлектері ересектерге арналған көйлектерге қарағанда сәнді көп талғамайды және балалардың жас шамасына қарамай-ақ қарапайым және ыңғайлы болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың көйлектерін әдетте кең етіп күлештеп тігеді. Мектеп жасындағы балалардың көйлектері тік және жартылай қынамалы болуы мүмкін. Мұндай көйлектерді бел- беуімен немесе мықын сызығы бойынша эластикалық ызбамен, тік белдемшемен немесе етек жағын кеңейте тігеді. Балалардың көйлектерін кестемен, жапсырмамен, жиекпен, баулармен, ызбамен, таспамен әшекейлейді. Әрлеуге, сондай-ақ, желбірлерді, бүрмелерді, гофренді пайдалануға болады.Балалар көйлектерін мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың арнаулы көйлектік маталарынан, кейде ересектер көйлегіне арналған маталардан тігеді. Балалардың формалы көйлектерін мектептің оқушы қыздары және кәсіптік-техникалық колледж оқушыларына арнап шығарады.
Қыз балалардың көйлектері үлкендерге арналған көйлектерге қарағанда мода әсеріне шамалы үшырайды және пішіні неғұрлым қарапайым әрі ыңғайлы, балалардың жас мөлшеріне сай болады.
Белдемшелер костюмнің құрамдас бөлігі болып есептеледі немесе жеке тігілуі мүмкін. Белдемше көйлектік топ маталарының немесе костюмдік маталардың түр- түрінен тігіледі. Көйлек сияқты олар силуэті бойынша тік, етек жағы кең, қатпарланған және гофреленген, негізгі бөліктерінің (үшкіл салып тігу, қиықтар) саны әр түрлі болуы мүмкін. Түймелік тігісінде, қатпарында түтас бөліктің қимасында белгілі бір шамада немесе етегіне дейін орналасуы мүмкін.
Белдемшенің үстіңгі жиегін белдікпен, іштартқышпен немесе жеңіл таспамен, эластикалық ызбамен жөрмеу арқылыөңдейді. Моделіне байланысты жапсырма, ойма қалталар алдыңғы құрақта немесе қалталар тігісінде немесе қатпарында болуы мүмкін.
ІҮ. Сабақты пысықтау:«Сұрақ жауап арқылы оқушылардың білімін тексеру»
Студенттерге « Ұяшық» әдісі арқылы сұрақтарды таңдау және жауап беру
Ү. Сабақты бекіту. «Ұяшық» әдісі
1 сұрақ; Негізгі материалдар түрлері қандай ?
2. Сұрақ; Көйлектер немесе жең пішіндері қандай пішін болын келеді?
3. Сұрақ ;Қыз балалар көйлктері мен әйелдер көйлектерінің ерекшеліктері?
4.Сұрақ; Белдемшенің үстіңгі жиегі қандай таспалармен өңделеді ?
V.Оқушыларды бағалау
Сабақтың соңында мүғалім студенттердің жауабына қарай бағаланды
VI. Үйге тапсырма: әйелдер мен баларлар киімдерінің модельдеу ерекшеліктерін анықтау
Қорытынды бөлім.
«Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін» деп ұлы философ Конфуций айтпақшы көргендерімізді есте сақтап әйелдер мен баларлар киімдерінің ерекшеліктерін менгереміз.
Достарыңызбен бөлісу: |