193
Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады.
Су – отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат.
Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары
болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану
температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от
сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға
болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен
металдарды, электр тоғы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен
айырады.
Өртті көбікпен сөндіру
1. химиялық
2. ауа механикалық
Химиялық көбік – натрий бикорбанатты немесе сода ерітіндісі және қышқыл
ерітіндісінің арасындағы химиялық реакциядан туады.
Ауа механикалық – ауа және көбік шығаратын заттың су ерітіндісін араластырғанда
пайда болады.
Көбіктердің өрт сөндіргіш қасиеттері оның меншікті салмағы аз болғандықтан
жанған заттар бетін жауып оларға ауаның оттегінің өткізбей жану процесін тоқтатады.
Инертті газбен сөндіру – оларға: көмірқышқыл газы, азот, ардон, гелий, титан және
пайдаланылған газдар өрт сөндіргіш қасиетті өрт зонасында ауа оттегісінің
концентрациясын азайтады. Температурасын төмендетеді және жану процессін тоқтатады.
Шымкент МӨЗ-да жарылыс қаупінің алдын алу бойынша жүргізілетін
шаралары бойынша зауытты орнату үшін қолайлы климат пен қолайлы жер
аймағын таңдаған, жарылысқа қарсы қондырғылар қақпақтары мен жаппаларын
орнатқан, зауыт жұмыскерлеріне өрт-жарылысқа қарсы оқу-тәжірибелендіру
жұмыстары жүргізіліп отырған, жылдам өрт сөндіру отряды әрдайым дайындықта
ұстауда. Оларда арнайы автоматты және қолмен жұмыс жасайтын өрт сөндіру
құралдары көбікті, ұнтақты және сұйық(су) болып келеді. Әр цехта оның жұмыс
орнындағы химиялық қауіпті заттардың физикалық және химиялық қасиетіне
байланысты орналастырылған. Жедел апатты хабардар ету жүйесі құрылған. “ПКОП”
МӨЗ-тың «VOCORD ACO» автоматты хабарландыру жүйесін орнатқан. Зауытта
қауіпті авария туғанда автоматты хабарландырғыш жүйесі бойынша персоналдарды
эвокуациялайды. Автоматты газанализатормен ауа концентрациясы өлшеніп отырады,
қондырғылардың сапасын жаңартып отырады, ең бастысы жұмыскерлер жеке
басының және қоршаған орта қауіпсіздігін қатаң түрде сақтай білуі. Қазіргі кезде
халықаралық стандарттарға сай жаңа технологиямен жұмыс жасаған қауіпсіздік
жағынан да, экономика жағынан тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: