«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет140/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

caerulea),  т.б.  кең  тараған.  Қазақстанда  18  түрі  өседі.  Сабағы  тарамданған,  бұтақты  түп 
құрады, биіктігі 40-80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді 
шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – Республикамызда көп өсірілетін мал 
азықтық дақыл [13].  
Сонымен, 
фиторемедиацияның 
мұнаймен 
ластанған 
топырақты 
тазалау 
технологиясы  ретіндегі  көптеген  артықшылықтары  мен  кемшіліктері  тізбектеп  жалғаса 
береді.  Экономикалық  тұрғыдан  фиторемедиация  альтернативтік  технологиялардан 
тиімдірек.  Ол  бірден  ірі  ақша  қаражатын  жұмсауды  қажет  етпейді,  сонымен  қатар, 
шығындарды бірнеше жылға созып, бөліп тастауға болады.  
Фиторемедиация  топырақты  механикалық  жолдармен  экскавациялауды  талап 
етпейді және үлкен аумақтарда жиі қолданылады. Бұл, әсіресе, отандық мұнай өнеркәсібі 
үшін  өте  маңызды.  Фиторемедиация  қоршаған  ортаны  сақтау  мен  жақсартуға  мүмкіндік 
береді.  Себебі,  өсімдіктерді  өсірумен,  топырақты  жақсартумен  және  оны  эрозиядан 
қорғаумен байланысты. Бұл топырақты тазалауда жоғары эстетикалық технология қажет. 
Қорыта  келе,  мемлекет  пен  қоғам  үшін  ең  тиімді  процестердің  бірі  болып  мұнаймен 
ластанған  топырақтарды  тазарту  жолдарының  технологиялары  қолданылып  және  осы 
әдістерді әрі қарай өндіріс орындарда пайдалану әрекеттері асырылады. Фиторемедиация 
едәуір  ұзақ  уақыт  жүреді  және  ондаған  жылдарға  да  созылуы  мүмкін. 
Фиторемедиацияның  басқа  топырақты  тазалау  әдістерінен  артықшылығы,  арнайы 
қондырғылармен  жабдықтауды,  еңбек  күші  мен  қосымша  шығынды  қажет  етпейді. 
Себебі, жұмыстың көп бөлігін өсімдіктер флорасы атқарады. Сонымен қатар, бұл әдістің 
жоғары  экономикалық  тиімділігі  де  түсіндіріледі.  Оған  қоса,  өсімдік  тазаланушы  жер 
бөлігін  тартымдырақ  етеді.  Фиторемедиация  –  жаңа  болмаса  да,  көптеген  жерлерде 
ойдағыдай (табысты) тексерілген болашағы бар технология [14,15]. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет