«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕУДЕ КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет147/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   160
МҰНАЙ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕУДЕ КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ 
ӘЛЕУЕТТІ МҮМКІНДІГІ 
Рысмагамбетова А.А. 
 КазНУ им. аль-Фараби, г.Алматы  
 
Әлем  экономикасының  мұнай  өндіруге  сұранысының  артуы  қоршаған  ортаның 
тазалығына  талаптың  жоғарлауына  алып  келеді,  сонымен  бірге  осы  табиғи  ресурсты 
ұтымды пайдалану және ластанудан қоршаған ортаны қорғау саласында бірнеше кешендік 
міндеттер алға қойылады.   
Жалпы  кен  орындарын  игеру,  оның  ішінде  мұнай  -  газ  өндіру  Қазақстан 
Республикасы  экономикасы  дамуының  қайнар  көзі.  Соңғы  40  жыл  ішінде  адамзаттың 
энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары аралығында халық санының 
өсуі  болжамына  қарасақ,  энергия  пайдалану  ең  кем  дегенде  екі  есе  өсуі  мүмкін.  Қазіргі 
уақытта елімізде 200 аса мұнай-газ кен орындары ашық. Мұнай кен орындарын қарқынды 
игеру үдерісінде өндіріс аумағының экологиялық жағдайы өзекті мәселеге айналып отыр.  
Қоршаған  ортаға  кері  әсер  етудің  алдын  алуымен  байланысты  мүмкін  болатын 
экономикалық  және  экологиялық  әсерлердің  көрнекі  бейнесі  ретінде  сурет  1-де  әр  түрлі 
өндірістердің  кіріс  және  шығыс  материалдық  ағындарының  жалпы  сызбасы  келтірілген.    
Осыдан  мұнай  өңдеу  өндірістерінде  есепке  алынбаған  шығындардың  жалпы  көлемі  177 
мың  тоннаны  (10  млн.т.  мұнайды  өндіру  кезінде)  құрайды.  Бұл  көрсеткіш    қоршаған 
ортаға  тигізетін  кері  әсердің  нақты  шамасын  анықтайды  және  де  ол  мемлекеттік 
статистикалық  есебінде  мағлұмдалған  шығарындылар  мен  көмірсутек  тасталымдарының 
көлемінен әлденеше артық. Бұл жерде мағлұмдалған шығарындылар мен тасталымдардың 
көлемін  азайтудағы  өндіріспен  жүргізілген  шаралар  қоршаған  ортаға  нақты  әсердің 
төмендеуіне  алып  келетініне  назар  аударған  жөн.  Сонымен  бірге  есепке  алынбаған 
шығындарды  азайту  тауарлық  өнімнің  көлемін  арттырады,  мұндай  шаралар 
экономикалық, әрі экологиялық тұрғыда жоғары тиімді болып келеді.     
 
Сурет 1 – Мұнай өңдеу кешенінің кіріс және шығыс материалдық ағындарының 
жалпы сызбасы (т/жыл) 


206 
 
Мұнай  -  газ  өндіретін  және  мұнай  өңдейтін  кәсіпорындардың  өндірістік  әрекеті 
табиғи  орта  объектілеріне  техногенді  әсер  етеді,  сондықтанда  қоршаған  ортаны  қорғау 
және  табиғи  ортана  объектілерін  ұтымды  пайдалану  мәселелерінің  маңызы  өте  зор. 
Табиғи  ортаның  барлық  компоненттерінің  -  жер  үсті  және  жер  асты  сулары,  топырaқ  - 
өсімдік  жамылғысы,  атмосфералық  ауа  –  ең  қауіпті  ластаушыларының  бірі  мұнайы  бар 
қалдықтар  болып  табылады.  Дегенмен  экологиялық  және  экономикалық  тұрғыда  мұнай 
құрамды  қалдықтарды  тазартудың  тиімді  технологиясының  жетілмегенінің  әсерінен 
оларды  екіншілік  материалды  ресурс  ретінде  қайта  пайдалануға  мүмкіндік  бермейді.  
Сондықтан  осы  мәселерді  шешу  үшін  ғылыми  негізделген  мұнай  құрамды  қалдықтарды 
тазартудың  технологиясын  жасау  керек.    Қалдықтарды  өңдеуге  арналған  техникаларға 
қойылатын  негізгі  талаптар  –  бәрінен  бұрын  жоғары  өнімділік  және  сенімділік; 
экологиялық қауіпсіздік, басқару ыңғайлылығы. 
Сонымен  қатар  бүгінгі  таңда  1  тонна  мұнай  өндіру  жұмыстарына  80-нен  184-ке 
дейін  кВт∙сағ  энергия,  ал  оның  құбыр  тасымалдауыш  көлігіне  10  –  30  кВт/сағ,  тазарту 
және  өңдеу    жұмыстарына  20  –  132  кВт∙сағ  энергия  жұмсалады.  Бұл  катализатор  мен 
екіншілік процестерге жұмсалатын энергияны есептемегенде алынған     көрсеткіштер.  
Жыл  сайын  Қазақстанның  көмірсутекті  энергоқоры  азайып  келеді.  Дегенмен  
еліміздің  географиялық  жайлы  ендікте  орналасуы  жаңғырмалы  энергияның  сарқылмас 
қорларын  барлық  өндіріс  кешендеріне  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  да 
бүгінгі таңның негізгі мақсаттарының бірі – экологиялық таза баламалы энергия көздерін 
алға қойған мақсаттарға сай пайдаланудың әдістерін табу және оны процеске енгізу.   
Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  энергоүнемдеу  мен  энергетикалық  тиімділікті  арттыру 
мақсатында  нормативті-техникалық  базасы  қалыптасты  және  де  бет  алған  бағыты 
бойынша оның тәжірибе жүзінде жүзеге асыру кезеңі бастау алды.   
Мұнай құрамды қалдықтарын тазартудың тиімді және сапалы технологиясында күн 
энергиясын  пайдалану  аса  ғылыми  және  тәжірибелік  қызығушылықты  танытады.    Күн 
энергиясын  жаңа  энергия  көзі  ретінде  қызығушылық  танытуға  бірнеше  факторлар  әсер 
етеді: 
1. Экологиялық қауіпсіздік. Отын қазбаларының жану нәтижесінде, түрлі токсикалық 
газдар  қалыптасады.  Олар  өз  кезегінде  қоршаған  ортаға  зиян  әсерін  тигізеді.  Күн 
энергиясын қолдану кезінде өңделген газдар пайда болмайды. 
2.  Күн  энергиясы  қорының  шексіздігі.  Жерде  көптеген  отын  ресурсы  қорының 
мөлшері шектеулі болып келеді. Мұнайдың толық өңделуі келесі  – 43 жылда, көмірдің – 
174 жылда, табиғи газ – 56 жылда, уран – 66 жылға тең. 
Жаңартылған  энергия  көздерін  пайдалануы  энергетикалық  ресурстардың  үнемдеу, 
қоршаған  ортаны  жақсарту  мен  қорғау  және  өнеркәсіптің  мәдениетін  арттыру  мәселесін 
шешеді.  
Қазақстанның  географиялық  орналасуы    және  климаттық  жағдайы  қоңыр  салқын, 
бұл аймақ жер белбеуінің орталық және оңтүстік ендіктерінде және де субтропикке ауысу 
жолағында орналасқан (40 және 50  с.ж.ш. аралығында, батыстан шығысқа 2995 км және 
солтүстіктен  оңтүстікке  1600  км-ге  созылып  жатыр)  сондықтан,  күн  энергиясын 
пайдалануға  үлкен  мүмкіндік  береді.  Қазақстан  территориясының  солтүстік  ендікте 
орналасуына  қарамастан,  ауа  райы  жағдайының  жайлығына  байланысты  күн 
энергиясының қоры тұрақты, әрі қолайлы болып келеді.    
ҚР  Индустрия  және  жаңа  технологиялар  министрлігінің  зерттеулері  бойынша  күн 
энергиясының әлеуеті оңтүстік аймақта жылына 2500-3000 күн сағатын құрайды және де 

2
 ауданға жылына 1,3-1,8 млрд кВт∙сағ күн қуаты сәулеленеді.         
Қазақтан  аумағы  фотоэлектрикалық  түрлендіргіштер  немесе  гелиоқыздырту 
қондырғыларына қолайлы, күн энергиясының әлеуеті жылына 1700 ТВт∙сағ құрайды.   
Мұндай  баламалы  энергия  көздерін  пайдалану  мұнай  кешенің  технологиялық, 
ұйымдастырушлық,  әрі  техникалық  мәселелерге  шешім  табуда  зор  ықпалын  тигізеді. 


207 
 
Алайда  мұнай  құрамды  қалдықтар  әуелетті  шикізат  ретінде  үлкен  зерттеу  жұмыстарын 
және де оны өңдеуде әмбебап технологияларды дайындауды қажет етеді.   
Біз  өндіріс  үдерісінде  жүзеге  асырылатын  мұнай  қалдықтарын  өңдеуінің  әмбебап 
технологиясын  ұсынамыз.  Мұнай  құрамды  қалдықтары    концентрленген  элементтерімен 
шоғырландырылған гелиоқұрылғысында термиялық терең өңдеуден өтеді. Гелиоқұрылғы 
Күнге  бағытталуымен  барлық  күн  сәулесінің  жылуын  фокустың  нүктесіне  шығынсыз 
жинақтайтын  параболалық  концентраторынан  тұрады.  Ал  бұлтты  күндері  мен  жылдың 
суық мезгілдерінде жетіспейтін қосымша жылумен қамтамасыздандыратын, механикалық 
жүйеде орналасқан концентраторлы фотоэлектрлі модульден құралған күн батареясымен 
қосымша  жабдықталған.    Күн  энергиясының  қолайлы  ағыны  күннің  қозғалу 
траекториясына  және  бұлттылыққа  байланысты  өзгереді.    Түскі  мезгілде  ашық  күні 
Күннен  түсетін  энергетикалық  жарық  1000  Вт/м
2
  дейін  жетеді,  ал    жаппай  бұлтты  күн 
райы кезінде энергетикалық жарықтылық 100 Вт/м
2
 дейін төмендейді.  Күн энергиясының 
мөлшері  құрылғының  бұрыштық  көлбеуіне  және  оның  беткі  бағытына  байланысты 
өзгереді және де оңтүстік бағытынан қашықтаған сайын төмендейді.  
Ұсынылатын құрылғының келесідей артықшылықтары бар:  

 
Тікелей жәна шашыраңқы күн радиациясын максималды шоғырландырады;  

 
Жыл мезгіліне тәуелсіз жаңғырмалы энергияны пайдаланудың мүмкіндігі.  
Гелиоэнергетиканың  мұнай  өңдеу  кешенінде  қолайлы  пайдалану  бір  қатар 
мәселелерді шешеді:   

 
Аталмыш  әдіс  дәстүрлі  энергия  түрін  және  үш  сатылы  өңдеуден  тұратын 
технологиялық үдерістің  қолдануын қажет етпейді;   

 
Мұнай 
қалдықтарын 
тазарту 
кезінде 
күн 
энергиясы 
максималды 
пайдаланылады және бұл құрылғының жұмыс тиімділігін арттыруына ықпалын тигізеді; 

 
Ортада  және  сапасы  жоғары  көмірсутектік  шикізатты  алуда  қажетті 
температура шамасымен қамтамасыздандырады.  
Сондықтан  да  қазіргі  таңда  күн  энергиясы  перспективалы  энергия  көзі  болып 
табылады.  Күн  энергиясы  іс  жүзінде  мәңгі,  әрі  әлеуетті  зор  энергия  көзі,  әрі  қоршаған 
ортаны  техногенді  ластанудан  сақтайды.  Мұнай  құрамды  қалдықтардың  тазартудың 
гелиоэнергетикалық  әдісі  мұнай  құрамды  қалдықтарды  маңызды  экологиялық  мәселесін 
шешеді,  табиғи    коплекстердің  деградациясын  алдын  алады  және  оның  қалпына 
келтіруіне, топырақ қабаты мен су қоймасының ластану дәрежесін төмендетуге мүмкіндік 
береді.  Осыған  орай,  мұнай  құрамды  қалдықтарды  өңдеудің  технологиясы  жеткілікті 
дәрежеде ластағыш заттардың қоршаған ортаға кері әсерін төмендетеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет