«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУ ЖАҒДАЙЫ



Pdf көрінісі
бет155/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАСЫНЫҢ ЛАСТАНУ ЖАҒДАЙЫ  
Умарова З.А., Биримжанова З.С. 
әл- Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ. 
 
Қоршаған  ортаға  енген  немесе  шектен  тыс  мөлшерде  пайда  болған  және  ортаны 
ластайтын  кез  келген  физикалық  агенттерді,  химиялық  заттектерді  және  биологиялық 
микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды. 
   Ластану  нәтижесінде  атмосфераға    тасталынатын  шығарындыларға  қатты 
бөлшектер,  (шаң,  түтін,  күйе,  көміртек  оксиді,  күкірт  диоксиді,  азот  оксидтері,  әр  түрлі 
ұшпа  көмірсутектері,  фосфор  қосылыстары,  күкіртті  сутек,  аммиак,  хлор,  фторлы  сутек) 
жатады.  Өнеркәсіпте  және  көлік  отын  жанған  кезде  түзілетін  азот  оксидтері  (N
2
O,  NO, 
NO
2
  )  атмосфераны  ластайтын  көздердің  бірі.  Күн  сәулесінің  әсерінен  күрделі  химиялық 
реакцияға түсіп нәтижесінде уытты фотооксиданттар (озон, азот қышқылы)  түзілуіне үлес 
қосады.  Атмосферада  озот  оксидтерінің,  фотооксиданттардың  концентрациясы  жоғары 
болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында 
жара пайда болады, басы ауырады, ұйқысы қашады. Атмофералық ауаға ең қолайсыз әсер 
тигізетін автокөлік болып саналады. Бензин қозғалтқышынан тасталатын жанусыз қалған 
көмірсутектерімен  олардың  толық  жанбауынан  шыққан  өнімдердің  мөлшері  дизель 
қозғалтқышынан анағұрлым жоғары екені айқын көрінеді. 
Бензин  қозғалтқышымен  қамтамасыз  етілген  көлік  әр  15000  км  жүргенде  4350  кг 
оттекті  жұмсайды.  Бұл  жағдайда  қоршаған  ортаға  3250  кг  көміртек  диоксиді,  530  кг 
көміртек оксиді, 93 кг көмірсутектер, 27 кг азот оксиді шығарылады. 
Корбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардан шығатын пайдаланылған газда 200-
ге  жуық  химиялық  қосылыстар  болады,  олардың  ішінде,  көмірсутектер,  бен(а)пирен, 
қорғасын, көміртек пен азот окситтері жатады.   
Автокөлік  қозғалтышында  жану  процесінен  ең  қауіпті  құрауыштың  бірі  бензиндегі 
тетраэтил қорғасыннан Pb(C
2
H
5
)
4
 түзілген пайдаланылған газдағы қорғасын қосылыстары 
1  литр  бензинді  жаққанда  ауаға  200-700  мг  Pb  бөлініп  отырады.  Автокөліктің  іштен 
жанатын  қозғалтқыштарында  оттек  жетіспейтін  жағдайда  немесе  күйемен  көміртек 
диоксиді әрекеттескенде түзіліп, атмосфераны ластайтын қауіпті ластағыштың бірі түссіз 
және иіссіз көміртек оксиді (СО). Ауаға түскен соң біраз уақыттан кейін көміртек оксиді 
қауіптілігі төмендеу көміртек диоксидіне айналады.  
Егерде  СО  көп  мөлшерде  (750  мг/м
3
)  атмосферада  болса,  адамды  тұншықтырып 
(асфиксия) өлімге душар етеді. Себебі қандағы гемоглобин реакцияға оңай түсіп, оттекті 
тасымалдайтын қабілеті жоқ корбоксигемоглобин деген қосылысты түзеді [1]. 
Автокөліктердің зиянды заттар шығару шамасына қозғалыс режімі мен жылдамдығы 
әсер  етеді.  Қалаларда  автокөлік  қозғалысы  бір  қалыпты  емес,  бағдаршамдарда  тоқтап, 


219 
 
қайтадан  жүрісін  жылдамдатуға  тура  келеді.  Мұндай  жағдайда  отын  толық  жанбай, 
шығарылатын  қалдықтар  1,5-2  есе  артып  отырады,  мысалы  NO
x
  –  1,5-2  есе, 
бейорганикалық  затар  қосындылары  20-25%-ға  артады.  Қаладан  тыс  жерлерде 
автокөліктердің  зиянды  заттар  шығаруы  жүру  жылдамдығына  байланысты  болады. 
Жылдамдық  артқанда  NOx    шығарымдылары  1,5-2  есе,  бейорганикаық  заттар 
қосындылары 1,2 есе артады. 
Зиянды  затар  шығару  шамасына  едәуір  әсер  ететін  автокөліктерді  пайдалану 
факторлары бар: 

 
Жүргізушінің мамандық деңгейі; 

 
Автокөліктін техникалық күйі; 

 
Пайдаланудан бастап қанша жол жүргені; 

 
Автокөліктің күтімі және пайдаланудың техникалық көрсеткіштері. 
Автокөліктердің  негізгі  топтарының  тозуы,  оны  пайдалану  көрсеткіштерін 
нашарлатып, ластаушы заттар шығаруларын арттырады. Қазіргі кезде автокөліктер орташа 
100 мың км астам жол жүрген және 50 %-ның орташа пайдалану мерзімі 8 жыл. 
Екінші маңызды мәселе – автокөліктердің техникалық күйі және күтімі. 
Автокөліктердің  конструктиясына,  отынның  түріне,  қозғалыс  режіміне,  пайдалану 
факторларына  байланысты  ластаушы  заттар  шығару  дәрежесін  есептеулер  1-кестеде 
келтірілген. 
 
        Кесте 1. Автокөліктердің шығарымдыларға үлесі  
Автокөлік 
түрі 
Жанармай 
түрі 
Келтірілген шығарылымдар үлесі,% 
Конструкциясы 
Жанармай 
Қозғалыс 
режімі 
Пайдалану 
факторлары 
Жеңіл 
автокөлік 
Б 
ЭБ 
56 


63 
34 
19 

12 
Автобустар 
және жүк 
көлігі 
Б 
ЭБ 
Д 
60 
14 
49 

59 

22 
13 
33 
16 
14 
13 
 
Есептеулер нәтижелері көрсеткендей жеңіл автокөліктердің шығарымдыларының 8-
12 %, жүк көліктердің 14-16 % пайдалану факторларына байланысты өседі, дизел отынын 
пайдаланғанда – 13 %-ға өседі.  
Бензин  отынын  пайдаланатын  жеңіл  автокөліктердің  шығарылымдарына  көп  үлес 
қосатын  факторлар  –  конструкциясы  және  қозғалыс  режімі;  этилденген  бензин 
қолданғанда  –  жанармай  мен  қозғалыс  режімі;  бензин  қолданатын  автобустар  мен  жүк 
автокөліктерінде – конструкциясы және қозғалыс режімі; этилденген бензин қолданғанда 
–  жанармай;  дизель  отынын  пайдаланғанда  –  конструкциясы  мен  қозғалыс  режимі. 
Автокөліктердін  1  км  жол  жүргенде  шығарылымдары  2-кестеде  келтіріледі. 
Шығарылымдардың  келтірілген  массасы  алты  зиянды  заттардың  салыстырмалы 
қауіптілігіне  байланысты есептелген. 
 
2-кесте.  Жеңіл  және  жүк  автомобильдерінің,  автобустардың  қалаларда  жүргенде 
шығаратын келтірілген зиянды заттары 
Жанармай түрі, 
жүк көтерімі, 
автобус түрі 
Келтірілген шығарылымдар, г/км 
Тұрғындары 1 
млн астам 
қала 
Тұрғындары 
0,1-1 млн қала 
Тұрғындары 0,1 
млн аз қала 
Жанармай түрі 
Жеңіл автокөліктер 
АИ-80,-92,-95 
АИ-7в(Э) 
10,74 
43,38 
9,25 
39,85 
8,86 
37,42 


220 
 
АИ-93(э) 
84,18 
76,57 
72,10 
Жүк көтерімі, т 
Жанармай 
Жүк автокөліктері 
2 т дейін 
Бензин 
77,07 
69,22 
68,25 
2-5 т 
Бензин 
101,54 
91,95 
83,61 
Газ 
16,64 
15,03 
13,00 
Дизель 
41,51 
37,46 
30,58 
5-8 т 
Бензин 
135,0 
120,89 
108,96 
Газ 
32,1 
26,51 
22,44 
Дизель 
55,05 
48,93 
40,07 
8-16 т 
Бензин 
170,79 
153,93 
138,90 
Дизель 
66,57 
58,57 
4/8,10 
16 т астам 
Дизель 
78,58 
69,45 
58,15 
Автобус класы 
Жанармай 
Автобустар 
Шағын 
Бензин 
131,01 
118,28 
106,24 
Кіші 
Бензин 
136,64 
165,39 
109,87 
Орташа 
Бензин 
185,64 
163,39 
150,08 
Үлкен 
Дизель 
57,1 
163,39 
38,78 
Бензин 
232,61 
45,96 
188,56 
Дизель 
68,57 
61,15 
32,71 
Өте үлкен 
Дизель 
76,94 
67,21 
53,19 
 
Кестеден  көргендей,  этилденген  бензин  қолданатын  автокөліктер  этилденбеген 
бензин  тұтынатындарға  қарағанда  қоршаған  ортаға  8  есе  артық  зиян  келтіреді.  Жүк 
автокөліктеріне  зияны ең  аз  отын  –  газ.  Жүк  көтерімі  көп  жүк  автокөліктері  және  үлкен 
автобустар кішілеріне қарағанда қоршаған ортаға 1,5-2 есе артық зиян келтіреді.  
Сарапшылардын пікірінше, бір автокөлік сағатына 8-10 текшеметр улы газ шығарып, 
көлік  қалдығынан  қала  ауасының  85  %  ластанады.  Автокөліктер  тәулігіне  460  тонна 
химиялық  тозаң  шығарады.  Сонда  әрбір  қала  тұрғыны  бір  жылда  150  килограмм  улы 
қалдықты жұтады. 
Қала  атмосферасының  80  %  автокөліктер  улап  отыр.  Бір  күнде  орташа  есеппен 
алғанда  500  тоннадан  жоғары  шығарынды  улы  заттектер  Алматы  қаласының  ауасына 
жиналады.  Казгидрометтің  деректері  бойынша,  Алматы  ауасының  ластану  деңгейі  өте 
жоғары болып отыр. Мұнда ауаны басым ластайтындар: көмірқышқыл газы, күкірттің қос 
оксиді, көмірсутегілер, көмір оксиді, азоттың оксиді мен қос оксиді, фенол, формальдегид, 
түтін-шаңдар  және  басқалары.  Бұл  бөлінген  заттар  ауада  химиялық  реакцияға  түсіп, 
бұрынғыдан  да  жаңа  қауіпті  қосылыстар  түзейді.  Ауаның  құрамындағы  улы  химиялық 
заттар адамның денсаулығын бұзады, өсімдіктердің өсіп-дамуына зиянды әсер етеді, егер 
ауада  0,2-0,5  мг/м
3
  болса,  өсімдіктердің  жапырақтарында  жүретін  фотосинтезді  тежейді 
және  хлороз  кеселімен  зақымдалуына  ықпалын  тигізеді.  Автокөлік  көбінесе  көшелердің 
қиылысындағы бағдаршамдардын алдында және көше бойында бөгет болғанда басымырақ 
ластайды, себебі ондай жерлерде автокөліктер көп шоғырланады және олардың моторлары 
аз  айналымда  істеп  тұрғанда  ауаға  улы  газ  көп  бөлінеді.  Улы  заттардың  көбісі,  әсіресе 
көмірсутегілер  мен  көмір  тотықтары  толық  жанып  үлгере  алмайды,  ауаға  шығып  кетеді. 
Мотордағы  жанармай  толық  жана  алмағандықтан  көмірсутегілердің  басым  бөлігі  қара 
күйеге  айналады,  әсіресе  бұл  техникалық  ахауы  бар  автокөліктерден    қара  түтін  көп 
бөлінеді, ал ондай түтіндердің ішінде өте улы бенз(а)пирен деген көмірсутегі болады, егер 
ауа осы затпен ластанса, адамдардың өкпесінің қатерлі ісігімен ауруы жиілейді.  
Қазір қала ауасына жылына 250 мың тоннадай зиянды химиялық қалдық көтеріледі. 
Ал  оның  80%  бүгінде жарты  миллионнан  астамы  автокөліктін  үлесіне  тиеді. Статистика 
мәліметі бойынша 2007 жылдын 1-ші қаңтарында Алматыда 208 жанармай құю станциясы 
мен газ құю станциясы жұмыс істеген. Олар былтырғы жылы  барлығы 389,3 мың тонна 


221 
 
жанармай,  118,5  тонна  дизель  отынын  3,6  мың  тонна  сұйытылған  газ  сатыпты.  Табиғи 
ресурстар  мен  және  табиғатты  пайдалануды  реттеу  депертаменті  «Organic»  мұнай 
өнімдерін  сараптау  тәуелсіз  орталығымен  бірлесе  отырып,  қаладағы  бірнеше    жанармай 
құю  станцияларына  тексерулер    жүргізді.  Нәтижесінде  Алматы  қаласындағы  көпшілік 
ЖҚС–ында  жанармай  құрамындағы  оқтан  қосындысы  талапқа  сай  емес  екендігі,  аралас 
қосындылар  пайдаланатындығы  анықталған.  Тіпті  қайсібір  жанармай  құрамында  мыс, 
мырыш,  никель,  хром,  титан  қоспаларының  өте  көп  мөлшерде  жүргендігі  байқалған. 
Әрине  мұндай  сапасыз  жанармайлар  автокөліктер  қозғалтқышынын  техникалық 
жағдайына  кері  әсер  етіп  қоймай,  сонымен  қатар  ол  қоршаған  ортаға  да  қатты  зиянын 
тигізеді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет