Байланысты: ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)
Influence of anthropogenous factors on natural complexes In article, on the example of Kazakhstan, influences of anthropogenous factors on
environment and some ways of their prevention are considered.
Keywords: anthropogenous factor, landscape ecology, environment, natural complex.
Антропогендік факторларға адамның аң аулауы, мал өсіруі, егін салуы, кен өндіруі,
өнеркәсіп пен жол қатынасын дамытуы, ауылдық, қалалық, демалыс саяжайы, мекен
жайлар тұрғызу сияқты әрекеттер арқылы территориялық табиғат кешендерінің құрамдық,
құрылымдық бөліктерінің өзгеруі жатады.
Бұл аталған экологиялық факторлар ландшафт экологиясына бір кезде әсер ететін
құбылыстар мен процесстер. Бірақ, дәрежесі мен қарқыны жергілікті жер жағдайына
байланысты әртүрлі болып келеді де, территориялық табиғи кешендерінің тепе-теңдігін
бұзып, ландшафт экологиясын өзгертеді. Мысалы, Қазақстандағы жиі байқалатын жұт
жылдарында аңызақ желдің әсері артады. Осыған орай жылу мен ылғал қатынасының
көпжылдық тепе-теңдігі бұзылады, ылғалдың жетімсіздігі байқалады, жайылым мен
шабындыққа шөп шықпай қалады, өрісті малдың қоректік тізбек байланысы нашарлайды,
қоректік заттар мен ауыз су қоры жетіспегендіктен мал шығынға ұшырайды. Мұндай
табиғат жағдайына байланысты болатын экологиялық апаттар көбіне қыста кездесетін
маусымдық оқиға қатарына жатқызылады. Бұл өтпелі құбылыс, келесі маусымда
экологиялық фактордың әрекеттері теңесіп, территориялық табиғат кешендерін құрайтын
құрамдас бөліктер бірімен-бірі үйлесім табады. Сөйтіп, ландшафт экологиясының
динамикалық байланысын өзгертетін экологиялық жағдай, өкінішке орай, кейде табиғат
кешендерінің тепе-теңдігін бұзып жіберуі мүмкін. Мысалы, қазіргі кезеңде Амудария мен
Сырдарияның суы Аралға өте аз мөлшерде құйылады, сондықтан Арал теңізінің деңгейі
14 м-ге төмендеп кеткен. Аралдың табанынан ащы соры шыққан жаңа шөл көтерілген.
Территориялық табиғат кешенінің экологиялық жағдайының өзгеруі біріншілерінің
таксономиялық бірліктер жүйесіндегі орындарына, түзіліс жолдарының тарихына,
жергілікті жер жағдайына, құрылымдық ерекшелігіне, экономикалық, т.б. байланысты
болады. Соңғы зерттеулерге қарағанда, жоғарғы деңгейдегі табиғат кешендерінің
(ландшафтты аймақтар, облыстар, зоналар, зона бөліктері) экологиялық жағдайы баяу
өзгереді де, төменгі деңгейдегі табиғат кешендері (фациялар, қоныстар) тез өзгереді.
Төменгі рангыдағы территориялық табиғат кешеннің экологиялық жағдайы құрамды
бөліктер бойынша да өзгеріп отыр. Олардың құрамы мен құрылымы қайта түлеп,
экологиялық жағдайы жақсарған түрлеріне шөлдегі суармалы егіс, бау-бақша т.б. жатады.
Ал жарамсыз жерге айналған территориялық табиғат кешендері қатарына құнарсызданып
кеткен жайылымдықтар мен егістіктер, көзі бітеліп, суы тартылған бұлақтар т.б. жатады.
Бұлардың экологиялық жағдайы негізінен адам әрекетіне байланысты өзгереді.
Территориялық табиғат кешендерінің түзіліс жолының тарихына, жергілікті жер
жағдайына, құрылымдық, эндемиялық, реликтік ерекшелігіне байланысты болатын
69
экологиялық жағдайдың өзгеруі баяу сипатта болып эволюциялық жолмен дамиды,
негізінен ол табиғи құбылыстар мен процестердің нәтижесі болады.
Сонымен, ландшафт экологиясының табиғи дамуы барысында территориялық
табиғат кешендерінің өзін-өзі тазалап, өздігінен даму қабілеті артады. Мұндай
экологиялық жағдай атмосфералық жауын-шашын көп түсетін, шіру процессі тез жүретін,
химиялық элементтердің орын ауысуы мен биологиялық зат айналымы қарқынды жүретін
аймақтарға тән.